ҚИЗАТОВ ЖӘЛЕЛ

ҚИЗАТОВ ЖӘЛЕЛ

 

 

 

 

 

(1920 – 1999)

ӨМІР МЕН ӨЛІМ

Қарт майдангер, Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов бұл шығармасында Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Ерлікті, өзінің және қанды көйлек жолдастарының сол сұрапыл дауылдағы жанқиярлық еңбегін, асқан ержүректігін, халықтардың достығын, өмір мен өлім белдескен сәтте де жауынгерлер арасында риясыз сүйіспеншілік пен риясыз қызмет ету, ақиқатқа бағыну, дұрыс әрекеттер жасаудағы болған оқиғаларды шынайы әңгімелейді. Шығарманың шоқтығын көтеріп тұрған нәрсе – нақты деректерге құрылғандығы. Ұлы Отан соғысының оқиғасы бояусыз, әсірелеусіз суреттелген, кейіпкерлердің аты-жөні өзгертілмей алынған.

Сталинградтағы жеңіс

Полк штабы біз оқыған «Академиядан» да,Сталинград қаласынан да, Бекетовкадан да алыс емес. Ивановка, Печанко селоларының маңындағы «Ягодный» дейтін иректеліп жатқан ұзына бойына көлбеген терең сайдың ішіне орналасқан екен.
Иә, бұл 1942 жылдыңоктябрі кіммен сөйлессең де,бәрінің айтатыны – Сталинград қаласы мен оның төңірегінде болып жатқан қырғын соғыс. Газеттердің беттері де «Сталинград» деген сөзге толып кетті. Байқауымызша, бұл – адамзат баласының тарихында бұрын-соңды болып көрмеген сұрапыл көрінеді. «Немістің ең күшті де атаулы армиялары жаз айларының өзінде-ақ Сталинград қаласын нысанаға алып, жүрген жеріне от шашып, жалын құсып, шабуылға шыққан екен. Қазір олар қаланың ортасында соғыс жүргізіп жатыр.Мақсаттары – Сталинградты тып-типыл ғып жер бетінен жоқ етіп, қысқа дейін соғысты жеңіспен аяқтау» — дейді, жұрттың бәрі сөйлесе қалсаң.
Майдан даласындағы біздің үлкен-кішілеріміздің бәрі осы жайға терең түсінген көрінеді. Осы арада Совет Армиясы соңғы сыннан өтетініне әбден көздері жетіп, алдарына: «Өмір я өлім» — деген екі-ақ сұрақты қойған тәрізді. Соған орай, олардың жауынгерлік рухы да, намыс-жігері де, ешбір төмендемей, керісінше, өрлеп, өздері де қайсарлана, құлшына түскен.
Міне, дәл осындай үлкен бір жауапты кезең туғанда, мен қатардағы солдат ретінде өмірімді өткізген әскери бөліміме лейтенант болып оралдым. Бұл маған көптеген жауапкершілік артты. Бұрын үлкен командирлердің бұйрығын орындасам, енді өзім бұйрық беруім керек. Өз қарауымдағы солдаттардың тағдыры да менің дұрыс, я бұрыс бұйрық беруіме байланысты.Дұрыс берсем – өрлейді, бұрыс берсем – құлдилайды.
Біздің зеңбіректермен қосыла, осы төңіректердегі барлық қарулар «сөйлеп» қоя берді. Ұшып бара жатқан «ванюшаларды» көзбен көріп тұруға болады екен: барлығы қатар түзеп, қап-қара дәу перідей, аспанда кетіп барады. Олармен қосарлана «үн қатқан» «катюшалар» аспанның астын қып-қызыл өртке айналдырып жіберді. Біздің зеңбіректер де ешкімнен кем қалар емес,көз ілеспейтін шапшандықпен атылып жатқан снарядтар бірінің артынан бірі ысқыра зулап кетіп барады. Түсіп жатқан жерінде не болып жатқанын кім білсін, осы қару-құралдардың тұрған даласының өзі адам жанын түршіктіретін гүрсілге айналып кетті. Улкейткішімді алып, жау шебіне қарасам, дүние төңкеріліп жатқанғаұқсайды. Қап-қара түтін мен көкала жалынның ар жағында не болып, не қойып жатқанын тіпті де білуге болатын емес. Жер мен көк түгелдей тұтасып кеткен. «Жаудың үні мүлдем өшкен сияқты. Не пулеметтерінің, не зеңбіректерінің дауысы естілмейді. Бәрі де қырылып қалған шығар! Әлгі артиллерия дайындығы мен бомбылаудан соң, фашистердің жаны жаһаннамға кеткен шығар», — деп ойладым. Мүмкін, бірен-саран тірі қалғандары да болар.
Ертеңінде қолға түскен тұтқындардан сұрастырсақ, біздің артиллерия дайындығымыз оларға ажалмен қоса рухани күйреуді де ала барған көрінеді. Немістер тізерлеп отырып, көкке қолын жайып, құдайдан: «Е, жасаған, мынау апаттан сақтай гөр!» — деп, тәңірге жалбарынып, бәрі үн қосып жылайды.
Тек: «Гитлер капут! Гитлер капут!» деген сөздерді айта беретін сияқты. Ал офицерлері Геббельстің өтіріктерін қайталағанымен, оларды да тыңдап жатқан ешкім жоқ. Жалпы, Гитлер мен Геббельс бүкіл әлемнің алдында ғана емес, сонымен бірге өзінің туған неміс халқының алдында барып тұрған қарабет болыпты. «Өтіріктің құйрығы – бір-ақ тұтам» демей ме халық, мына суайттардың өтіріктеріне неміс халқы қашанға дейін сене берсін!
Офицерлері погондарын жұлып тастапты. Бірақ ықшамды етіліп тігілген киімдерінен олардың штурм-фюрер, обер-штурмфюрер, хауп-штурмфюрер, штурман- фюрер, зондер-фюрерлер екені байқалып түр. Бұлардың осындай біріне бірі ұйқасатын атактарын естігенде, Ақан сері бірде аттары бір-біріне үқсас Шөбек балаларын мазақтай келіп: «Сауытбектің сары ала иттеріндей, бәрі ала» дегені менің есіме түсті.
Демек, бұлардың дәл қазіргі өздеріне туған сәтсіздік сағатында шындықты қаншама жасырып: «Біз пәленбіз, біз түгенбіз. Бәріміз де жұмыскерміз, жауыз Гитлер алдады!» десе де, киген киімдерінен, түр-нұсқасынан қан ішерлердің кай тобына жататыны айдан айқын болып көрініп түр. Біз: «Қім болса, сол болсын, бұларды бізден басқа да тексерушілер табылар!» — деп ойладық та бәрін тобымен штабқа айдап баруға шешім алдық.
— Әй, сен қайдағыны айтады екенсін! Айғайлап, қойдай қуып айдаймыз. Ере алмағандары болса, осы иттердің бұты бір-ақ тиын емес пе, атып тастап кете береміз.Сонау Европаның ортасынан бұлар осында тойға келді деп ойлайсың ба? Елімізді талап, өзімізді өлтіріп, ұлымызды – құл, қызымызды – күң етуге келген жауыздар, емес пе? Негізінен, бұлар жер алуға келді. Сол жерді беру керек бұларға, бірақ әрқайсысына екі шаршы метрден артық беруге жарамайды! — деді екіленіп.
Meн біздің солдаттардың бет алыстарынан сескене бастадым да:
– Жігіттер, айтқандарыңның бәрі де дұрыс. Бірак. Біз совет елінің азаматтары, ерекше парасатты болуымыз керек. Қазақта «Таспен ұрғанды, аспен ұр» деген мәтел бар. Бұлар білсін совет адамдарынын қандай екенін. Екіншіден, қолға өзі келіп берілген сон, қаншама жау болса да біз бұларды өлтіруге тиісті емеспіз. Ол ерлік те емес. Үшіншіден, біздер сияқты, бұлардың да үйлерінде ата-аналары бар, іні-қарындастары бар. Әуелде бүлар соғысқа өз еркімен емес, Гит¬лер мен Геббельстің бұйрығы бойынша келген шығар, Сталинград бұларды, менің білуімше, нағыз молда қылды. Енді аздап болса да осы иттерің ісіне қарап, ақ пен қараны айыратын болады. Сондықтан, жігіттер, ерлікті майдан даласында істейік, қолға түскен жауға — қа- тын да ер! — дедім.
– Солдаттардың көпшілігі мені қостады.
Январьдың отызы.
Өте куанышты күн! Фельдмаршал Паулюстің өзінің бүкіл штабымен тұтқынға алынғанын естідік.
Февральдің екісі.
Сталинградтағы немістің барлық әскерлері — Гитлердің мақтанышы — Паулюстің алтыншы армиясы түгелдей түтқындалып, Еділ өзенінің арғы жағына өткізілгендігін естідік. Міне, Сталинградтағы жеті айға созылған үлкен соғысты, күллі адамзат баласының назарын аударып, бәрін терең ойға бойлатқан сұрапыл қанды шайқасты біз осылай аяқтадық.

• Шайқастың нәтижесінде фашистер қандай рухани дағдарысқа ұшырады? Сипаттаңдар.
• Совет солдаттары тұтқынға алынған фашистерді өлтірмекші болғанда, Жәлел Қизатов олардың бойындағы ар-ұят пен руханилықты ояту үшін қандай өсиет айтты?
• «Ақиқатты тану» үшін сендер не істейсіңдер? Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріңдер.
• Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріп, ақиқат құндылығының маңыздылығын түсіндіріңдер.


Каро

Каро Микеланджелоның замандасы болды. Ол да Италияда өмір сүрген, данышпан және философ болды. Бұл адам несімен есте қаларлық болды? Ол білім «кеңістікке таратылған» және адам оны қаншалықты қабылдай алса, соншалықты ашылатындығынайтады.
Яғни, Каро сол уақыттың өзінде, Вернадскийге дейін төрт жыл бұрын, но¬осфераның, Жердің ақпаратты кеңістігі бар екендігі туралы ойлаған.
Оны әпенде санап, күлгендер де болған, ал ол болса Жер бетінде жаңа білімге, жаңалықтарға ашық және қабілетті адамдар өмір сүрген, өмір сүрулері тиіс деп сендірді. Ол өзін дәл сондай адам деп есептеген, өйткені оның өзімшілдігі мен пайдакүнемділігі болмаған.
Оған: «Сен сондай жұпыны тұрасың. Сен өз ақылыңмен және дарыныңмен жақсы ақша таба алар едің», — деп айтқандарға, ол былай жауап беретін: «Егер мен болмасам, онда кім?Кім мәңгіліктің сұрақтары туралы ойланады? Содан кейін, егер мен өзім және өз қажеттіліктерім туралы ойлай бастасам,ондаашылу «каналы» өмір сүруін тоқтатады! Мен сол кезде Жаратушыдан, өзімнің шынайы болмысымнан теріс айналғаным болмай ма?».
Оған айтты: «Сен күні бойы отырасың, ал сенің ойың қиялмен шарқ ұрады. Ал сен, одан бізге үлкен пайда келеді демекшісің ба?».
Ол былай деп жауап береді:
Менің ойым шынымен қиялмен шарқ ұрып жүреді және бүкіл әлемдік санамен үндестікте болады. Ал менің санама заңдардың,ұстанымдардың немесе өзара байланыстардың жаңа түсінігі келгенде, мен өсемін және менімен бірге барлық адамзат та өседі, өйткені барлық құпия бір кезде ашылады, айқын болады.

• Каро «мәңгілік» деп нені меңзеген?Неліктен?
• Адам материалдық қажеттіліктерді жоғары қойғанда неліктен оның «рухани каналы» жабылады?
• Сендердің ойларыңша ақиқатты тану барысында қандай құпия ашылады?
• Ақиқаттың маңыздылығын түсіну үшін өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріңдер.
Бақыт туралы тұжырымдар

Бір кездері Сократ адамдарғасұрақ қойды:
— Өмірде ең басты нәрсе не?
Айналасындағы адамдар бұл сұраққа байланысты өз көзқарастарын білдіре бастады. Олардың біреуі айтты:
— Өмірдегі басты нәрсе – денсаулық.
Келесісі айтты:
— Басты нәрсе – бұл жақсы дене бітіміңнің болуы, тартымды болып, әйелдердің құрметіне бөлену.
Үшіншісі айтты:
— Ең бастысы – ақшаң мен қоғамдағы беделіңнің болуы.
Бәрі өз ойларын айтып болғаннан кейін, олар Сократтан сұрады:
— Ал өзің бұл туралы қалай ойлайсың?
Сократ айтты:
— Менің ойымша, өмірдегі ең басты нәрсе – ол бақыт! Сендер қалай ойлайсыңдар, денсаулығы бар әр адам міндетті түрде бақытты бола алады ма?
Оны тыңдап отырған адамдар айтты:
— Жоқ, Сократ, бұл міндетті емес.
— Ал жақсы дене бітімі бар және тартымды болып, әйелдердің құрметіне бөлен адам, өмірде міндетті түрде бақытты бола алады ма?
— Жоқ, Сократ, бұл да міндетті емес, — деп жауап берді адамдар.
— Онда айтыңдаршы маған, — деп жалғастырды Сократ, — көп ақшасы мен қоғамдағы беделі бар адам, үнемі бақытты болып жүре алады ма?
— Жоқ, Сократ, — деп жауап берді адамдар, — қайта керісінше. – Ондай адамдар көбіне жалғыз болады.
— Осы аталған адамдардың ішінде қайсысын бақытты болуға ең лайықты деп ойлайсыңдар? – деп Сократ сұрауын жалғастырды. – Елестетіңдерші, сендерге дәрігердің кеңесі керек. Қандай дәрігерге барасыңдар? Өте бай, қоғамда беделі бар, жақсы дене бітімі бар әлде осы өмірде бақытты дәрігерді таңдайсыңдар ма?
Отырғандардың бәрі бірауыздан, осы өмірде бақытты дәрігерге баратындықтарын, өйткені оны ең лайықты деп мойындайтындықтарын айтты.
— Олай болса, — деді Сократ, — біз бәріміз бірауыздан бақыттың жоғары игілік екенін мойындадық және оған өмірдегі басты нәрсе ретінде ұмтылу керек.
— Сонымен бақытқа түсіну арқылы келуге болады, — деді ұстаз. – Түсіну жолдары көп, сонымен бірге қарама-қайшы да. Бірақ қарама-қайшылық – өте нәзік зат, бір жағынан олбірегейлікпен ұштасады, ал екінші жағынан – сандырақпен!
Бір мысал келтірейін, менің бір танысымның аяқ киімді екі өлшемге кіші етіп кию әдеті болды. Осындай тар аяқкиіммен жүретін және өте қиналатын.
— Бірде мен одан сұрадым: «Неге сен дұрыс аяқкиім сатып алмайсың?Сенің ақшаң бар ғой!».
Ал ол болса: «Бұл қарғыс атқыр аяқ киім маған сондай қиындықтар әкеледі! Бірақ мен үйге келіп, оны шешкен кезімде сондай бақытты екенімді сезініп, рақаттанамын! Бұл менің өмірімдегі жалғыз қуанышым. Егер мен өзіме дұрыс аяқ киім сатып алсам, менің өмірім қуанышсыз болып қалады».
Бұл әрине, қалжың, бірақ әр қалжыңның астарында бір шындық бар. Ақшаға аяқ киім сатып алуға болады, бірақ бақытты емес, тамақты, бірақ тәбетті емес, төсекті, бірақ ұйқыны емес, дәріні, бірақ денсаулықты емес, қызметшілерді, бірақ достарды емес, ойын-сауықты, бірақ қуанышты емес, мұғалімді, бірақ ақылды емес.
Жәй ғана қисыннан келіп шығатыны: егер сен бақытсыз болсаң, онда сенде бақыт жоқ. Сенде бақыт болмаса, онда бар да ізде. Қарама-қайшы қисынның айтуы: егер сен бақытты іздеуге шықсаң, онда сен оны жоғалтасың! Жәй ғана отыр да оның сенде бар екенін түсін.

• Өмірде ең басты нәрсе не? Неге?
• Бақытты түсіну үшін не істеу керек?
• Бақыттың өздеріңде бар екенін сезінсеңдер,онда адам өміріндегі мәңгілікті қалай ұғасыңдар?
• Неге ақиқат құндылығын мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға жатқызады? Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріңдер.


Толған құты

Философия пәнінің оқытушысы, бір профессор атақты Данышпанмен кездесуге барады. Жол бойы ол өз сұрақтарын ойластырып барады: олар сондай көп еді! Және ол әңгімелерін қалай қызықты етіп өткізуді ойланады. Ол кірген кезде, Данышпан оған:
— Өтінемін, кіріңіз, бірақ тобырды есіктің сыртында қалдырыңыз.
Оқытушы айналасына қарайды, бірақ ешкімді көрмейді. Ал Данышпан болса жалғастырып:
— Айналаңызға қарамаңыз, өзіңіздің ішкі дүниеңізге үңіліңіз: тобыр сонда!
Оқытушы абдырап қалды. Бірақ ол ақылды адам еді, өзін қолға алып:
— Сіз дұрыс айтасыз. Онда тобыр бар. Бірақ мен профессормын ғой. Мен үнемі тобырмен жұмыс істеймін. Кешіріңіз, мен тобырды есік сыртында қалдырып кете алмаймын. Мен сізбен сөйлесіп, сізден ақиқатты білгім келіп еді. Өмірде ақиқат бар ма және оның маңызы неде?
Шебер жауап берді:
— Мен біреуге ақиқат жайында айтуға уәде беріп пе едім? Егер ол болса, барлық жерде бар. Егер Сіз оны өзіңіз жүрген жерден көре алмасаңыз, онда басқа жерден де көре алмайсыз.
Профессор айтты:
— Егер Сіздің менімен сөйлескіңіз келмесе, мен кетейін, — деп ол біраз ренжіді.
Данышпан:
— Асықпаңыз. Сіз шаршадыңыз. Сыртта күн ыстық. Отырыңыз. Біраз демалыңыз. Мен шәй дайындайын.
Данышпан тәрелкесімен шынаяқты алып келіп, қонақтың алдына қойып, жәймен шәй құя бастайды.
Профессор жағдайды бақылап отырды. Ыдыс жиегіне дейін толады. Бірақ Шебер құюын жалғастыра береді, енді шәй тәрелкеге құйыла бастайды.
Профессор шыдамдылық танытуға тырысты, себебі «тобырдың» тыныш отыратындығына уәде берген еді. Бірақ іштегі бұл «тобыр» айтып жатты: «Бұл адам есінен айырылған! Осындай да тәсіл бола ма екен? Мұнымен не айтқысы келеді?».
Бірақ Данышпан тоқтамастан құя береді. Енді шәй үстел үстіне құйыла бастағанда, профессор шыдамай:
— Өтінемін, тоқтатыңыз!Сіз не істеп тұрсыз? Ыдыс толды, енді оған бір тамшы да сыймайды.
Данышпан айтты:
— Сіз дұрыс байқадыңыз, егер ыдыс тола болса, онда оған бір тамшыны да сыйғызуға болмайды. Сіз де осы ыдыс сияқты ернеуіңізге дейін толып тұрсыз. Түсініңіз, егер мен Сізді толтыруға тырыссам, оным бос әурешілік болады. Келесі жолы келгеніңізде «бос құты» әкелуге тырысыңыз. Сонда мен Сізбен барыммен бөлісе аламын.

• Ақиқатты қайдан іздеу керек?
• Неге профессор ақиқатты дұрыс түсінбеді?
• Ақиқатты ұғыну үшін профессор не істеу керек еді? Жауаптарыңды өмірден алынған мысалдармен дәлелдеңдер.
• Ақиқатты ұғынумен байланысты өз тәжірибелеріңнен мысалдар келтіріңдер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *