Қазақ сияқты махаббатқа берiк халық жоқ
(Кейiпкермен кездесу)

Қазақ сияқты махаббатқа берiк халық жоқ
(Кейiпкермен кездесу)

Науқастанып қалып ауруханада жатыр едiм, телефон соғылды. Трубканы алсам бiр әйел Кентау қаласынан сөйлеп тұр. «Аға, мен Тамарамын ғой, Меңтайдың келiнi», – дейдi. «Қай Меңтайдың, қарағым?» «Сiздiң романыңыздағы Меңтайдың. Мамама әдебиет кейiпкерi болғандықтан және Кентау қаласында қырық жыл мұғалiм болып қызмет iстегендiктен Кентау қаласының Құрметтi азаматы деген атақ бергелi жатыр. Сол тойға сiздi шақырамыз», – дедi. Содан кейiн трубканы енесiне бердi. Ол менiмен бiрге оқыған, университеттi бiрге бiтiрген Нұғамила Нұрбосынова болатын. Оны мен кiтапқа Меңтай Ербосынова деп кiргiзгенмiн. «Әзеке, сiз келiп кетпесеңiз бұл тойдың көркi, сәнi болмайды. Себебi менiң жолдасымның қайтыс болғанына төрт-бес жыл болған. Мен ендi жалғыз сопиып қалай отырамын. Сiз әрi авторымсыз, әрi бiрге оқыған курстасымсыз», – дедi. «Мен қазiр ауруханада жатырмын. Егер бара қалсам сiздерге үш шарт қоямын». «Қандай?» «Бiрiншi, маған ат мiнгiзбейсiз, екiншi, шапан кигiзбейсiз, үшiншi, қолыма конверт ұстатпайсыз», – дедiм. Мұндай шарт қойған себебiм: өзi зейнеткер мұғалiм, олардың жалақысы ол кезде төмен болатын. Сондықтан да қарызданып, қауғаланып, бекер босқа зиян шекпесiн дегенiм ғой. Тарихта көзi тiрi кезiнде әдеби кейiпкерге ескерткiш орнатылған емес. Ал мынандай құрмет көрсету, үлкен атақ беру әдебиетте бұрын-соңды болмаған оқиға…
… Сонымен ертеңiнде Кентауға жеттiм. Тұраш деген ұлы бар екен, сол қарсы алды. Соның үйiне барып түстiк. Шай iшiп отыр едiк. Бiр кезде келiнi орнынан атып тұрды. «Мамам келе жатыр!» – деп. Оның Меңтай екенiн бiлiп, мен де орнымнан атып тұрдым. Бiзқұшақтасып амандасатын шығармыз, – деп құшағымды аша ұмтылдым. Жоқ, ол құшағын ашқан жоқ ақырын ғана қолын созды, мен қолын алдым. «Келуiңiзбен!», – дедi бар болғаны. Балалары күлiп кеп жiбердi. «Неге күлесiңдер, қарақтарым?» – дедi. «Неге күлмеймiз, романның кейiпкерiсiз және бiрге оқыған курстасысыз, көрiспегендерiңiзге жиырма жылдан астам уақыт болды. Сiздер ендi құшақтасып көрiседi екен десек, қолыңыздың ұшын ғана ұсындыңыз». «Ой, қарақтарым, мен екi шеңбердiң iшiнде өмiр сүрiп келе жатқан кiсiмiн. Бiр шеңбер мұғалiмдiк, халықтық дәстүр, екiншi шеңбер ол «Махаббат қызық мол жылдар» кiтабы. Сондықтан дахалықтық дәстүр бойынша, мұғалiмдiк салт бойынша әйел адам еркектi құшақтап амандаспайды. Ал кiтаптың кейiпкерi Меңтай да қазақтың қыздарының бойындағы осындай асыл қасиеттердi өз бойына сақтаған қыз. Мен осындай шеңбердiң iшiнен шыққаннан кейiн ағаларыңды құшақтай алмадым, қарақтарым», – дедi. Той тарқап, ертеңiне қайтайын деп жатқанымда Меңтай келiп менiң қолыма өзiнiң саусағынан суырып бiр алтын жүзiк салды. «Мына жүзiктi мен он бес жасқа толғанда шешеммаған сыйлап едi. Мен осы жүзiктi алпыс жыл бойы саусағыма салып келдiм. Осы жүзiктi «Махаббат қызық мол жылдарды» жазған қолыңыз наубез болмасын деп сiздiң саусағыңызға кигiземiн», – дедi.

• Меңтайдың бойындағы үлгілі қасиетін атап өтіңдер?
• Жазушының сый-сияпаттан бас тартқаны дұрыс болды ма?
• Жазушыға жүзікті не үшін сыйлады деп ойлайсыңдар?
• Риясыз сүйіспеншіліктің адам өміріне қандай әсері бар?
1.2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *