Шынайы сүйіспеншілік
В.А.Сухомлинский
Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.
– Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым,–деді біріншісі.
– Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,- деді екіншісі.
– Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым, — деді үшіншісі.
– Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын, -деді төртіншісі.
– Сен менің түсіме раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің, -деді бесіншісі.
– Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым, -деді алтыншысы.
Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.
• Шынайы сүйіспеншіліктің мәнін қалай анықтауға болады?
• Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?
• Әңгімедегі жетінші қыздың жасаған әрекеті ұнады ма? Неге?
• Өздерің риясыз сүйіспеншілікпен қандай әрекеттер жасап жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.