Тату ағайындылар
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағындаболса да, олар бір — біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.
Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.
Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.
Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»
Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
–А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
Інісі айтады:
–А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
• Екі ағайындының іс әрекетінен қандай қасиеттерді байқадыңыздар?
• Қай кезде «Ішкі тыныштық» сақталады?
• Бауырларыңа ағайынды жігіттердей көмек қолыңды соза аласың ба?
• «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақалды қалай түсінесіздер?