Риясыз сүйіңдер
Біздің жүректеріміз барша адамзатқа және қоршаған ортаға бағытталған риясыз сүйіспеншілік нұрына толсын. Біз оларды үнемі ойлап және оларға риясыз көмектесіп жүруге тиістіміз. Біз риясыз қызмет еткенде жылулықпен және нұрға толып, бақытты боламыз. «Өйткені, сүйіспеншілік – бұл тоқтаусыз қозғалыс, ол бір адамнан екінші адамға беріледі, оны қабылдайды және сыйлайды. Сіздің сүйіспеншілігіңізді бір адам қабылдап, әрі қарай өзгелерге сыйлайды. Осылайша, тұйық шеңбер құрылады да, сіздің сүйіспеншілігіңіз мыңдаған жүректерден өтіп, өзіңізге қайтып келеді. Кім шынайы сүйсе, ол ешкімнен сый күтпейді. Ол өз сүйіспеншілік энергиясын риясыз ұсынады. Сүйіспеншілік энергиясын сыйға ұсынудың өзі бізді үлкен қуанышқа бөлейді. Осындайда біз жүректің қалауымен риясыз әрекет етіп, басқа адамдарға риясыз қызмет көрсетеміз.