Нағыз ана

Нағыз ана
Бір күні қыңсылаған, әлі көзі ашылмаған күшікті аулаға біреу тастап кетіпті. Күшікті осы аулада тұратын жақында балалаған мысық өз марғауларына қосып, емізіп өсіреді. Уақыт өте келе күшік өгей анасынан да үлкен болып өссе де, бұрынғысынша оның тілін алып бауырында жүрді.
— Күнде таңертен сен өз жүнінді жалтырағанша жалап тазлауын керек, — деп үйретеді мысық күшікке. Күшік оны тындап, үстін жалап, тазлайтын.
Бір күні олардын ауласына бір ит кіріп кетіпті. Ол күшікті иіскеп, жылы лебізбен:
— Сәлем күшік! Сен де итсің. Екеуміз бір тұқымбыз.
Ит мысықты көрген кезде оны қатты үріп, артынан қуды. Мысық ысылдап, ағаштың үстіне секіріп кетеді.
— Кел, күшік, мысықты екеуміз мына ауладан қуып шығайық, – деп шақырады оны ит.
Сонда күшік оған ашумен ырылдап:
— Кет біздің ауладан, менің анама тисуші болма, — дейді.
— Ол сенің анаң бола алмайды, ол мысық емес пе! Сенің анаң, мен сияқты ит болу керек – деп күліп, ит ауладан қашып кетеді. Күшік ойланып қалды, бірақ мысық оған еркелікпен пырылдап:
— Кім баланы қағып бақса, сол оның нағыз анасы болып саналады.

• Тастанды күшікті өзінің бауырына басып, емізіп өсірген мысықтың әрекетін қалай бағалайсыңдар?
• Кішкене күшіктің иттің арбауына ілінбеуіне не себеп болды деп ойлайсыңдар?
• Мысық пен күшіктің арасындағы сүйіспеншілік адамдар арасындағы сүйіспеншілікке ұқсай ма? Қалайша?
• Өздеріңе қамқорлық көрсеткен адамдардың барлығына сүйіспеншілікпен қарайсыңдар ма? Әңгімелеп беріңдер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *