Күн мен түннің жермен достығы

Күн мен түннің жермен достығы
І. Мұсаұлы
Бір күні Жер Күн мен Түнге:
– Сендер мені үздіксіз айналып, адамдардың өмірі үшін қызмет етіп келесіңдер. Түн, сен адамдар демалса екен, ұйықтаса екен дейсің, ал сен, Күн, адамдар күндіз еңбек істесе екен дейсің. Екеуіңнің де адамдарға жақсылық жасап келе жатқан еңбектерің зор,– деді.
– Сенің де еңбегіңді жақсы білеміз, – деп жауап берді оған Күн мен Түн.
– Сен де адамдарға ырыс бересің, олар сенде тұрып, өмір сүріп жатыр, олар сенен ырыздығын алып жейді. Сен оларды шаршамай көтеріп келесің, олардың бақытты өмір сүруін тілейсің, сенің де еңбегің өте зор.
Олар бір-біріне қарап, ризашылықпен күлісіп алды. Бірақ бұлардың әңгімелерін адамдар естіген жоқ. Олар әрқайсысы өз мемлекеттерінде – біреуі күндіз, біреуі түндегі тіршіліктерімен өмір сүріп жатты.

• Күн мен түн және жер не туралы әңгімелесті?
• Олар адамдарға қалай жақсылық жасайды?
• Сендер олардың жақсылығына ризашылықтарыңды қалай білдіресіңдер?
• Риясыз жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өздерің қандай риясыз жақсылық жасап жүрсіңдер?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *