Жақсы көретініңізді айтыңыз

Жақсы көретініңізді айтыңыз

Атақты ғалым бір дәрісінде “Кімді жақсы көрсеңіз, оған барып жақсы көргеніңізді ашық айтыңыз” дегенді айтады. Бір апта өтіп, психологқа Джон есімді біреу телефон соғып, былай дейді:
— Өткен аптада айтқан сөзіңіз мені қатты ойландырды. Дәрістен шығып, жақсы көретін ешкімім жоқ екенін үйге дейін ойлап бардым. Мен осыдан бес жыл бұрын әкеммен қатты ұрысып үйден кеткен біреумін. Ол кезден бері бір-бірімізге тіл қатпайтын болдық. Тіпті отбасы бірге жиналған кездердің өзінде онымен кездеспеуге тырысатынмын. Үйге жеткенімде “жақсы көретінімді” әкеме айтуға ниеттендім. Осындай шешімге келудің өзі үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Үйден шығып, ата-анамның үйі жаққа бардым. Олардың есігін қағып, есікке әкемнің шығуын тіледім. Өйткені бірінші анамды көріп қалсам, жақсы көретінімді оған айтып, әкеме жолығуға тағы да батылым бармай кері қайтатынымды сездім. Есікті әкем ашты. Табалдырықты аттамай есіктің алдында тұрып «Әке, сені жақсы көретінімді айту үшін келдім» дедім. Әкем бірден мүлдем басқа адам болып кеткендей болды: жүзі жұмсарып, көзі жасаурады. Мені құшақтай салып, басымнан сипалай берді де: «Мен де сені жақсы көремін, ұлым менің» деді. Айтайын дегенім – жақын адамдарға оларды жақсы көретіндігімізді айту керектігін жақсы ұққандаймын. Рахмет сізге.

• Ғалымның сөзі неліктен Джонды қатты ойландырды?
• Джонның әкесіне жақсы көретінін айтқанда неліктен үстінен жүк түскендей болды?
• Жақсы көретін адамдармен ренжісуге бола ма? Неліктен?
• Өздерің басқаларға жақсы көретіндеріңді айтасыңдар ма? Қалай?
• Сені басқалар жақсы көретінін сезінгенде қандай сезімде боласың?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *