Дәріден де күшті

Дәріден де күшті
Ә. Амангелдиев

Нағима апай бүгін ыстығы көтеріліп, ауырып тұрса да, мектепке келді. Дәрігер шақыртқан жоқ. Балалардың бір күні зая кетеді ғой. Ол оқушылардың үй жұмысын тексерді. Содан соң жаңа тапсырма берді де, басын сүйеп, төмен қарап, үнсіз отырды. Оқушылар мұғалімнің ауырып отырғанын сезді.
Тапсырманы орындауға үнсіз кірісті.
Апай басын көтерген кезде, алдында тұрған алманы көрді.
– Мүмкін, алма мен кәмпит жесеңіз, жазылып кетерсіз, – деді балалар.
Мұғалім елжіреп кетті.
– Сендерге рахмет, балалар. Алма мен кәмпит емес, сендердің ықыластарың мен пейілдерің маған дәріден де күшті ем.
Сол күні сабақ соңына дейін болды. Апай да, балалар да үйлеріне көңілді қайтты.

• Апайдың мазасызданып отырғанын балалар қалай байқады?
• Балалар ниеттерін көрсету үшін қандай әрекет жасады?
• «Сендердің ықыластарың мен пейілдерің маған дәріден де күшті ем» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
• Өзің қиналып тұрған адамға қандай көмек берер едің?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *