Достар
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, үш баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған дос ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады” деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады.
Отбасылы досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар, қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды” дейді.
Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған-біткенді түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығыалдында көз жастарын тия алмады.
• Достардың бір-бірне көрсеткен қамқорлықтарын немен түсіндіруге болады?
• Достар бір-біріне неліктен жасырын түрде жақсылық жасады?
• Шынайы достың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?
• Өздерің достарыңнан шынайы қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.