Асанның есебі
Әкесінің әлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Асан есімді бала өз бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына алған нәрсені орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады. Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен:
«Анасының ұлы Асанға қарызы:
— дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 550 теңге;
— хаттарды поштаға салғаны үшін – 300 теңге;
— жақсы бала болғаны үшін – 1500 теңге;
— гүлдерге су құйғаны үшін – 900 теңге;
— Барлығы – 3250 теңге».
Анасы үстелдің үстіне 3250 теңге қалдырып кетеді. Кешке Асан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда ақшаның жанында тағы бір қағаз жатқан еді. Онда былай деп жазылыпты:
«Асанның анасына қарызы:
— үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ештеңе;
— 10 жыл ішінде ішіп-жегені үшін – ештеңе;
— ауырған кездегі бағым-күтімі үшін – ештеңе;
— жақсы ана болғаны үшін – ештеңе;
— Барлығы – ештеңе».
Қағазды оқыған Асан қызарып кетіпті. Одан соң жүгіріп келіп анасын құшақтап, кешірім сұрап, ақшаны анасына қайтарып беріпті.
• Асанның әрекетінен өздеріңе қандай сабақ алдыңдар?
• Риясыз сүйіспеншілік адамдарды қандай күйге бөлейді?
• Адамдар неліктен бір-біріне риясыз қызмет етуі керек?
• Басқа адамның риясыз жақсылығын сезінгенде қандай күйде боласыңдар?
• Өздерің қандай риясыз жақсылық жасап жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.