Адал дос

Адал дос
М. Төрежанов

Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.
Бір үйдің жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді. Абыз:
– Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды, – деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.
Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.
Абыз Абланның жанына келіп:
– Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде, шалбарыңды ит жыртып тастамас еді, – деп жатыр.
– Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп, әдейі қалып қойдым, – деді Аблан.
– Достар деген осындай болар, – деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.

• Аблан неліктен Абызды тыңдамады?
• Өзгелерге «жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Қай баланың әрекетін дұрыс деп ойлайсыңдар?
• Өмірде осындай жағдайлар болса сендер қалай әрекет етер едіңдер?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *