Қазақстанда орман өсіруде Ұлттық парктің жалпы ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері
1.1 Практикалық сабақ. Жұмыстың мақсаты
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда орман өсіруде Ұлттық парктің жалпы ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері
1 Айрықша қорғалатын табиғи аумақтар
2. Ұлттық парктің жалпы ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері
3. Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда орман өсіруде Ұлттық парктің жалпы ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері жайында мәліметтер беру.
1.2 Сабақтың теориялық мазмұны.
Қазақстан табиғи жағдайлары негізінде орман құраушы басты ағаш түрлеріне қарағай, шырша, емен, қайың, майқарағай, балқарағай, самырсын жатады. Орман — бұл жекелеген өзара байланыстағы бөліктерден ағаштардан, бұталардан, шөптесін өсімдіктерден, мүктерден, қыналардан, микрофлоралардан және жануарлардан тұратын күрделі кешен. Орман-өсімдіктердің көптеген пішіндерінен тұратын, жердегі өсімдік жамылғысының негізгі түрінің бірі, олардың ішінен ағаштар мен бұталар, екінші кезекте- бұташықтар, шөптер, мүктер, қыналар және тағы басқалары басты роль атқарады. Орман қандай да болмасын өсімдік тәрізді, қоршаған ортамен тығыз байланыста және динамикалық бірлікте бола отырып, орман құрайтын өсімдіктердің бірге өсіп-өнетіндігі, бір-біріне әсер ететіндігі орманның өзіне тән сипаты болып табылады. Орманның ерекшеліктерінің бірі ағаштардың бір-біріне әсерін, орманның күрделі кешендігінің, оның барлық бөліктерінің бірімен бірінің және қоршаған ортамен өзара әсерде, үздіксіз, біртіндеп және сатылап өзгеріп отыратынын көрсетіп береді. Орман ағаштарының ерекшеліктері, орманның сипатты белгілері, олардың өсу ортасымен тығыз байланысты болады. Өскін- ағаш өсімдіктерінің орман шымылдығы астында немесе кесілген ормандағы сүрекдіңді құрауға қабілетті жас ұрпағы. Жас ұрпаққа, ең алдымен сүректі өсімдіктердің бір жастағы балғын немесе санақ жүргізген жылы пайда болатын балғын өсімдіктер жатқызылады. Жоғарыда аталғандай, ұлттық парк жұмысының мақсаты — ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылыққа ие Оңтүстік Алтайдың бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру. Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:
1. ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи — қорықтық қорды, биологиялық әртүрлілікті, бірегей табиғи және тарихи — мәдени кешендер мен объектілерді сақтау;
2. табиғи жағдайда табиғат үрдістерінің дамуына зерттеу және экологиялық мониторинг жүргізу;
3. ғылымды, мәдениетті, ағартуды және білімді дамыту мақсатында ұлттық парк аумағын мақсатты және оңтайлы пайдалану;
4. ғылыми ұйымдардың ұсыныстарының негізінде бұзылған табиғи және тарихи – мәдени кешендерді және объектілерді қалпына келтіру;
5. халықтың экологиялық түсінігін жетілдіруді ұйымдастыру, мектеп оқушылары мен студенттерге арналған танымдық серуендер мен сабақтар, өндірістік іс-тәжірибелер өткізу;
6. экологиялық туризмді, рекреацияны, шектеулі шаруашылық қызметтерді осы мақсаттарға арналған аймақтарда ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Ормандағы ағаштар оқыс өртеніп кетпесе немесе біреу балтамен шауып тастамаса бізге олар мәңгі бақи өсіп тұра беретіндей көрінеді. Ал. орман өміріне үңіліп, зерттей бақыласаңыз, не бір қызықты құбылыстарға кездесесіз. Ағаштарды, түріне қарай бірінің жасы ұзақ бірінікі қысқа болады. Алайда әдейілеп айналыспаған адамның қандай ағаштың болмасын, қанша жыл жасайтынын білуі қиын. Кейбір ағаштар 200 жыл жасаса, 500 жыл жасайтындары да кездеседі Сондықтан да олар бізге мәңгілік өсіп тұрғандай көрінеді. Шындығында ағаштар да картаяды, солады, ауырады. Табиғат байлықтарының ішінде орманның орны ерекше екені бәрімізге белгілі. Техниканың өсуімен ғылыми-техникалық прогресстің өсуі орманның өлуімен жалғасуда. Сонымен орманның өлуіне, ормандағы өрт, зиянды жәндіктерінің көбейуіде өз үлесін қосуда. Орман отын көзі ғана емес. Бұл біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі; екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын, ағаш түрінде органикалық зат ретіде шоғырланған ең қуатты жүйе; үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық түрде көрсететін күшті орта түзуші; төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы; бесіншіден, орман шаруашылығының көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім және шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар орманның санитарлық-гигиеналық, тынығу, стресс жағдайынан құтылуда маңызы зор. Фотосинтез дегеніміз бірегей процесс, осы процесс нәтижесінде өсімдіктің жасыл жапырағы табиғаттың органикалық емес элементтерінен күн сәулесі энергиясының көмегі арқылы жанды материя протоплазма және оның құрамына кіретін (белок, нуклеин қышқылы, угле¬вод т. б.) заттар жасап шығарады. Фотосинтез — жер бетіне өмір беретін атмосферадағы мол оттегін алуға мүмкіншілік туғызды. Осыған орай заман өткен сайын ауада көп жиналған оттегі бірте-бірге тыныс алуға жарамды болып өзгерді. Ыстық және ылғалды ауа райына төзе алмай құрып семген ағаштар шірімей сазды жердің топырағына батып, кейіннен тас көмірге айналған. Олардың орнына жаңа ағаштар өсіп шықты, өшу, өну процесі қайталанып отырды, ақырында оттегінің молшылығына қол жетті, ал адам баласы болса, тас көмір сияқты мол отын қорына ие болды. Жер бетіне оттегін беретін жасыл жапырақты өсімдіктердің, әсіресе «оттегінің фабрикасы» болып саналатын орманның қандай маңызы бар екені қазір жұртқа мәлім. Бұл «фабрика» мүлтіксіз жұмыс істейді. Орман¬ның әрбір гектары жыл сайын 2 тоннаға жуық көмір қышқылын өзіне сіңіріп, 10 миллион текше метр ауаны оттегімен байытады. Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы ормандарды жойған. Мұның нәтижесіде бастапқы 75% -дан қазір 12-30 % -ға дейін кеміген. Оның кемуінеің бір себебі орманның аса қауіпті жауының бірі өрт. Ол орманның ең құнды аймақтарын бірнеше күннің ішіндеғана қара көмірге айналдырып, жүз мыңдаған текше метр ағаш опат болды. Оған кім кінәлі дейсіз ғой ?. Тағыда мына өзіміз — адамдар кінәліміз. Бір ағаштан мың сіріңке жасауға болады, ал солбір сіріңке мың ағашты күл етеді. Жанған ағаштарды жүздеген мың текше метрі тасымалданады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1997 жылы қазан айында өткен Республикалық актив мәжілісінде «Еліміздің жарқын болашағын бүгіннен бастап қалау керек» — баяндамасында біздің еліміздің алыс болашақта шөл дала емес ормандар мен бақтар болуы керек деп атап өтті.
«2030 Стратегиясы» орманның тұрақты дамуы жөнінде келесідей басымдықтарды айқындады: орман қорларын басқару, ормандарды күзету және қорғау, орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және қорғалатын орман өсіру, орманды шикізат қоры ретінде тиімді пайдалану, орманды өрттерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау және қалпына келтіру.
Айқын болган басымдықтары мен байланысты орманды ағаш шикізат қоры ретінде тиімді пайдалануды бақылау, орманды өрттерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау көзделеді.Ұзақ мерзімге жүзеге асырылуға белгіленген басымдықтарда мықты экологиялық принциптер жатыр.
Қазақстан Республикасының Орман кодексімен айқындайтын Қазақстанның орман шаруашылығының негізгі саясаты болып орманға иелік жасау, экологиялық және орман шикізат қоры ретінде, тиімді пайдалану мен қалпына келтіру қатынастарын реттеу болып табылады.
Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің «Медведка орманшылығы» аймағының ормандары ерекшеленген бір табиғи орман кешенін құрайды, ол аса бағалы қарағайлы, кәдімгі шырша және қайың аралас орман жолағынан, интразональды өзен жағалауы орманынан тұрады. Осының бәрі орман шаруашылығын қалыптастыруға жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшін жоғары жауапкершілікті жүктейді. Орман дақылдарын питомникте өсіру орман шаруашылығының негізгі міндеті. Орман дақылдарын өртенген, шабылған жерлерге қайта егіп, күту жұмыстарын жүргізеді. Орман дақылдары- бұл тұқымды себу немесе көшеттерді егу жұмыстары арқылы пайда болады. Бұрын орман көмкерілген жерге егу жұмыстарын жүргізу жасанды жолмен қалпына келтіру, ал бұрын орман дақылдары өспеген жерге отырғызу орманды өсіру деп аталады. Орман дақылдарын дұрыс күткенде әлде қайда жақсы өнім алуға болады.
Орман дақылдарын келесідей бөлуге болады:
— жаппай;
— жартылай;
— алдын ала;
Негізгі ормандақыл ретінде қылқан жапырақты ағаштарды қолданады: шырша, самырсын, қарағай. Өліп қалған өсімдіктердің орнына қайта көшеттер отырғызу- толықтыру деп аталады. Көшеттерді күту жұмыстары көшеттер өздігінен өсе алатын жағдайға жеткенге дейін жүргізіледі. Орманды қалыптастыру оны кескеннен кейін орманды қалпына келтіру кезеңін қысқартады, ағаштарды ең бағалы тұкымын өсіреді, ағаш кесетін жердегі бар ағашты пайдаланумен ағаш кесу процесі жеңілдейді.
Орманды халық шаруашылығын ағшпен қамтамасыз ету үшін, топырақты жел мен су эрозиясын қорғау, ауыл шаруашылығы өнімдерінін өнімділігін арттырып, өзендердің, су қоймаларының су режимін реттейді. Ландшафтық биотүрлілікті, тірі ағзалардың гендік қорын сақтауға, табиғи ресурстарды көбейтуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, рекреацияны, экологиялық туризм мен экологиялық ағартуды дамытуға шақыратын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар биологиялық әртүрлілікті сақтауда маңызды орынды иеленеді. Жыл сайын Жер бетінен қайта қалпына келтіру мүмкін емес түрлер жоғалатындықтан, биологиялық әртүрліліктің маңызы шынымен де зор әрі алмастырғысыз. Және де бұл жағдайда табиғаттың жабайы қалпында сақталған аумақтары ерекше мәнді иеленеді, өйткені олар биотүрлілікті сақтаудың және ғаламшар биосферасын тұрақтандырудың ошақтары болып табылады. Оларды демеу ғаламшар масштабындағы жоғалған биосфералық теңдікті қалпына келтіруге үміттендіреді.