Хат мазмұны бойынша жүргізуге болатын жұмыс түрлері
Тапсырма түрлері хат мазмұныме н танысқаннан кейін жүргізіледі.
1. Сөздердің синонимдерін табыңыз.
- Берекелі болмауы —
- Ұлттық езгіні көру
- Ұлттық сезім
- Мойнына мініп алғысы келетін
- Құлдыққа салу
- Үстемдік таныту
- Туысқандық көмек
- Айлы –шарғылы саясат
- Үстемдігін күштеп танып, бағындыру
- Сенімге ие болу
- Билеп төстеуші
- Жергілікті халық
- Айқын көзқарас
- Езгіге түсу
- зиялылар
2.Пікір ме, айғақ па?
- Қырғыз (бұдан әрі – қазақ) ревкомы құрылған уақыттан бері 10 ай өтті.
- Ревком жұмысы берекелі болмауын көптеген себептермен түсіндіруге болады.
- Патша үкіметінің сан ғасырлық езгісіне іштей өшпенділікпен және жиіркенішпен, үнсіз өз наразылығын белгілі бір түрде көрсететін жағдай туғанша ғана созылуы мүмкін.
- Қазақтардың сеніміне ие болғысы келетін орыс пролетариаты үшін ең төте жол осы зиялылар арқылы өтеді.
- Қазақтардың көзқарасын өзгерту және оларды керісінше, иландыру үшін коммунистер өздерін ұлтқа бөлмейтін, әлсіздерді езушілер емес, керісінше, езілгендерді азат етушілер екенін дәлелдеп, көрсетуге тиіс.
- Кеңес үкіметі тарапынан зиялы қазақтарға сенімсіздік орын алмауы тиіс.
- Ұлттық езгі ұлттық сезім туғызбай тұра алмайды.
- Қазақтар арасында халқы толық сенетін, және жаза болып жаңылса да, жеке басының игіліктері мен пайдасын көздеп, өз халқын ешқашанда саналы түрде сатып кетпейтін зиялылардың белгілі бір бөлігі бар.
- Өзара сенімге қол жеткізудің екі жолы бар: олардың бірі – коммунистер қазақ халқын талап-тонап, езгіге салып келген империалистер емес екенін қазақтарға іс жүзінде дәлелдеп көрсету.
- Империализмнің сан ғасырлық езгісінде болып келген халық ең алдымен осы езгіден азаттық алуды ойлайды.
4.Кесте бойынша А.Байтұрсыновтың хатын қалыптастырған жағдайды (дискурсты) сипаттаңыз.
5.Перефразалаңыз.Ерекше берілген сөздерді синонимдермен ауыстырыңыз.
1.Қазақтардың сеніміне ие болғысы келетін орыс пролетариаты үшін ең төте жол осы зиялылар арқылы өтеді. Бірақ бұл үшін осы зиялыларға Кеңес үкіметі сенім көрсетуі керек. Қазаққа қатысты барлық қиындық кешегі қазақтардың өзін езушілерге сенім білдіре алмайтынында, ал Кеңес үкіметі тиісінше, кешегі қарсыластарына әлі де сенім білдіре алмай отыр
2.Қазақтардың көзқарасын өзгерту және оларды керісінше, иландыру үшін коммунистер өздерін ұлтқа бөлмейтін, әлсіздерді езушілер емес, керісінше, езілгендерді азат етушілер екенін дәлелдеп, көрсетуге тиіс.
3.Қазақтардың көзқарасын өзгерту және оларды керісінше, иландыру үшін коммунистер өздерін ұлтқа бөлмейтін,әлсіздерді езушілер емес, керісінше, езілгендерді азат етушілер екенін дәлелдеп, көрсетуге тиіс. Бұл үшін, біріншіден, шет аймақтарда судай таза интернационалистер жоқ немесе мүлде аз. Өздерін интернационалистер деп атаушылардың көбі шын мәнінде ұлтшылдар, империалистер; екіншіден, бұған қазіргі жағдайлар сай келмейді: республикадағы өнеркәсіп дағдарысы салдарынан Орталықтың алғашқы кезде халықтан көбірек алып, оған азырақ беруіне тура келіп отыр.
4.Егер осындай зиялы қазақтар болса, олар коммунистер емес, адал ұлтшылдар болғанымен, Кеңес үкіметінің оларға толық сенуіне болады, өйткені олар халқын шын сүйеді, халық мүдделері оларды Кеңес үкіметіне жақындасуға мәжбүр етеді.
5.Ревком құрған кезде біздің әрқайсысымыз, ревком туралы ереже әзірлеуге қатысқан қазақтардың әрқайсысы, Қазақ өлкесін басқару жөнінде құрылып отырған ерекше органавтономияның табалдырығы екеніне сенгенбіз.
6.Талқылау
- Хатта қандай тақырып көтерілді?
- Хатта қандай мәселеге назар аударылды?
- А.Байтұрсынов хатты қандай мақсатта жазды?
- Хат арқылы автор қандай ойды жеткізді?
- Хатта автордың қандай сезімі басым байқалады?
- А.Байтұрсынов хатты Ленинннің қандай бейнесіне бағыттады?
- Хатта ой дәлелді берілді ме?
7.Хатты құрайтын бөлшектер шашырап берілген. Хат мазмұнына сай олардың тәртіпке келтіріңіз.
8.Үзіндіні оқыңыз, тірек сөздердің астын сызыңыз. Оларды қолдана отырып, үзінді мазмұнын түпнұсқаға жақын қайталаңыз.
А.Байтұрсынов хатындағы тарихи шындықтың берілуі
Кеңес үкіметінің басында тұрған адамдардың сан миллиондық ұлттың тағдырын мазақ етіп, оны ойынға айналдыруды ойламайтынын; патшалық саясаттың ұлтшылдық пен империалистік саясат ұстанғанын; бұратаналар деп аталған басқа халықтар жөнінде орыстарға ойына келгенді істеуге мүмкіндік берілгенін; бұратаналарға ешқандай құқ берілмегенін; қылмыс жасады деп айыпталған бұратаналардың жеткіліксіз негізсіз қатаң жазаланғанын даусыз факт (дәлел) деп мойындайтынына біз кәміл сенеміз. Мұны мойындаған соң, орыс халқының ғасырлар бойы осы рухта, яғни бұратаналарға шексіз үстемдік ету рухында тәрбиеленгені де даусыз факт ретінде мойындалуға тиіс деп ойлаймын.
Ахмет. Ұлт Ұстазы фильмінен үзінді қараңыз. Сіз осы оқиғаға қатыстыңыз. Жоғарыда берілген сөздерді пайдалана отырып, оқиға туралы, өз сезіміңіз туралы досыңызға хат жазыңыз.