Тұманбай Молдағалиев

Тұманбай Молдағалиев
(1935 — 2011)

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу совхозында дүниеге келген. Ақын, жазушы. Т.Молдағалиевқа «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.
Ақынның балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келді. Әкесі майданға аттанғанда алты жасар екен. Есейген шағында бұл туралы ақын:

Қара қағаз келді әкеме- өлді деп,
Өзімді өзім кез жетіпті қолға алар.
Бір тамшы жас шықты көзден мөлдіреп,
Тұңғыш рет жылағаным сол болар, — деп жазады. Ал анасы Қымқап қажырлы да өте инабатты кісі болған.

Т. Молдағалиев
Бұлақтарға жан бітті,
Тау демалып жаңғыртты.
Толқындарын көтеріп,
Тастан-тасқа қарғытты.

Бір-бірінен қалмайды,
Қанаттары талмайды.
Қосылғанша өзенге,
Жүгіруден танбайды.

Шанқылдайды шағала,
Жыр сыйлайды далаға.
Сыңғырлайды көп толқын,
Жұпар шашып жағаға.

Құстар бері, ары ұшып,
Жүр бұлттарға жабысып.
Мен де бірге жүгірем
Толқындармен жарысып

• Өлеңдегі «Бұлақтарға жан бітті» деген жолды қалай түсінесіңдер?
• «Тау демалады, тастар қарғиды, шағала жыр сыйлайды» — деген жолдардан табиғаттың қандай бейнелерін көре аласыңдар?
• Сендер қандай әрекет арқылы қоршаған ортаның сұлулығына қамқорлық көрсетіп жүрсіңдер?Әңгімелеп беріңдер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *