Достық

Достық

Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді.
Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдан тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды:
— Есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің сен? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады.
Көршісі оған:
— Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен өзі тазаланып, осылай болады, — деді.

• Досы көп адамдар қандай қасиеттермен сипатталады?
• Қандай адаммен достасқыларың келеді?
• Адал дос болу үшін өзіңді-өзің қалай тәрбиелейсің?
• Өздеріңнің достарың туралы айтып берсеңдер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *