Бір минут
М. Әлімбай
Отбасының бәрі жинақылықты, нақтылықты сүйетін. Талғат қана ылғи кешігіп жүретін.
Әкесі, шешесі, әжесі, атасы тамақтануға отыратын, тек Талғат кешігетін.
– Талғат, кел, тамақ іш, – деп, шешесі шақыратын.
– Қазір, бір минуттан кейін барамын, – деп, Талғат кітабын оқи беретін. Бұл оның әдеттегі жауабы еді. Ылғи осылай болатын: оны шақырған кезде немесе бір нәрсені істеп беруін өтінген кезде, ол:
– Бір минут тұра тұрыңдаршы, – деп, тостырып қоятын.
Әкесі оған:
– Сен уақытты қадірлеуді қашан үйренесің? – дейтін. Сонда баласы:
– Бір минут деген көп уақыт па? – деп, жауап беретін.
Бір күні мектепте шаңғы жарысы өтті. Талғат шаңғы спортын өте жақсы көретін және шаңғыны жақсы тебетін. Ол өзінің мәреге бірінші болып келетініне кәміл сенген еді. Бірақ ол жеңімпаз болған жоқ. Оның жолдасы бір минутқа озып келді. Талғат екінші орын алып, үйге көңілсіз болып қайтты. Жеңіліп қалғандығы жайлы әкесіне айтқан кезде, әкесі жымиып, былай деді:
– Ештеңе етпес! Бір минут деген көп уақыт па?
Бір минут адам өмірінде маңызды рөл атқаруы мүмкін екендігін Талғат сонда ғана түсінгендей болды.
• Әңгімеде уақыттың құндылықтық мәні қалай ашылған?
• Талғатөзінің әрекетінен нені түсінді?
• Адамуақытты неліктен қадір тұтады?
• Өзіңнің уақытты қалай бағалайтыныңды әңгімелеп бер.