Тоқаев тапсырмасы: Шөкеев қарауындағы шенділерді жаппай жұмыстан қуып жатыр!
Түркістан облысы әкімдігінде 15 штат қысқартылды. Оның ішінде облыс әкімі орынбасарының бір штаты қысқартылған.
Қазір Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің 4 орынбасары қызметін жалғастырып жатыр.
Президент берген тапсырмадан соң әкім орынбасарларының бір штаты қысқартылды. Түркістан облысы әкімдігінде штат бойынша 4 әкім орынбасары бар, — делінген әкімдік берген ресми жауапта.
Қысқартылған әкім орынбасары лауазымы бұған дейін бос тұрған. Оның міндеті өңір басшысының басқа орынбасарларына жүктелген.
«Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы Үкімет қаулысына сәйкес төленеді. Сәйкесінше әкім орынбасары штаты қысқаруына байланысты қалған әкім орынбасарларының жалақысы өспеген», — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимитін оңтайландырудың кейбір мәселесі туралы» президент жарлығына сәйкес, облыс әкімі аппаратында 15 штат қысқартылды. Алайда қай лауазым бойынша қысқартулар жүргізілгені хабарланбады.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздағы Жолдауында облыс әкімдігі аппаратында мемлекеттік қызметшілер санын оңтайландыру туралы тапсырма берді.
Дереккөз: Halyq Uni