Депутат Дементьева: Путин? Ресейді Отаным деп қабылдамаймын!
Ресейді тек көрші ел санаймын. Менің Отаным – Қазақстан. Кейде оған «қазақ болып кеткенсің бе?» деп өз ұлтының өкілдерінен уәж айтатындар кездесіп жатады екен.
Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжілісте депутат болып отырған Наталья Дементьева осылай дейді.
Орыстар кейде маған қазаққа ұқсап қазақ болып кеттіңіз бе деп айтады. Мәселе онда емес. Қазақпын деп әрқашанда айтамын. Бірақ та менің ата-бабаларым қазақтар емес, орыстар.
Тарихи Отаным – Ресей. Ресей дегенімнен басқа, мен Ресейде бір ғана рет болдым көрдіңіз бе? Сондықтан Ресейді менің Отаным деп, атамекенім деп қабылдамаймын. Өйткені ол – көрші ел. Мәселелері бір бөлек. Оларды әрине тыңдаймын, кейде олар үшін жаным ауырады.
Болды, одан артық ештеңе жоқ. Менің ата-бабаларымның, тіпті анам марқұмның жерленген жері осында. Менің балаларымның да болашағы осында болады, – дейді Наталья Дементьева.