ПЕРФОМАНС

Ықылас Олжайұлы

ПЕРФОМАНС
(немесе көбейту мен қосу )

…Жүзді екіге көбейтсек
Екіжүзді шалдар шығады.

Отызды бірге көбейтсек
Опасыз хандар шығады.

Уайымды уақытқа көбейтсек
Алданған ғұмыр шығады.

Елбасын елге көбейтсек
Ессіздеу ұғым шығады.

Өлеңге сыйлықты қоссақ
Сарнаған ақын шығады.

Сақалға балақты қоссақ
Сарқылған ақыл шығады.

Билікке байлықты қоссақ
Баукеспе ұры шығады

Ұжданға ұрпақты қоссақ
бәрінің құны шығады…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *