Мектеп өртке оранды

 

Павлодар қаласында мектеп өртке оранды. Әлеуметтік желіде тараған видеода «Павлодар қаласы» деп жазылған. Өрттің себептері мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

 

URD

❗Павлодар мектебінде тағы өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды

Торайғыров көшесінде орналасқан №28 орта мектептен өрт шыққаны хабар таңғы сағат 8:04-те келіп түскен.

Жалын ғимараттың екінші қабатында басталып, шатырға дейін жеткен.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 576 адам эвакуацияланды, оның ішінде 551 оқушы бар.

1975 жылы туған химия пәнінің мұғалімі орташа дәрежеде улы газдан улану диагнозымен №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұстаздың жағдайы тұрақты.

Қазір 50 өрт сөндіруші мен 12 техника жұмыс істеп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *