Өзбекстанда мектеп мұғалімдері білім сапасының төмендігі үшін оқушылардың ата-аналарынан кешірім сұрауға мәжбүр болды

Өзбекстанда Андижан облысының Мархамат ауданындағы 72-ші мамандандырылған жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері оқушыларының ата-аналарынан білім сапасының төмендігі және оқушылардың жоғары оқу орындарына түсу деңгейінің төмендігі үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Бұл қоғамның үлкен наразылығын тудырды.

Бұл туралы «Азаттық» радиосының өзбек қызметі жазады. Ақпарат беруші адам өз атын жасырған. Кешірім сұрау жиынында  аудандық халыққа білім беру басшысы да болған.


Өзбекстанның Халық Ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Лайло Рустамова бұл оқиғаны айыптаған мәлімдеме жасады.
Кейінірек Халық ағарту министрі Бахтиер Саидов Мархамат ауданындағы жағдайды «мемлекетке қарсы саясат актісі» деп атады.

«Мен қандай себептер болғанын білмеймін, бірақ кінәлілер жауапқа тартылуы керек. Мен сондай–ақ ата-аналардан мұғалімдердің қадір-қасиетін қорлауға жол бермеуін сұрағым келеді», — деді министр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *