Бұл туралы журналист Мақсат Толықбай фейсбук парақшасында жазды:
Тағы да ноутбук дауы
Шымкенттің Білім басқармасына қарасты IT технологиялар бойынша маманы болып жұмыс істеген Ержан Ержігітов «сапасыз ноутбуктарды қабылдамай қойғаным үшін жұмыстан шықтым. Журналистер қауымы, үндеуімді бөлісіп, жоғары жаққа жеткізіңіздерші»,-дейді.
Арман Ержигитов тың үндеуі⬇️⬇️⬇️
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің төрағасы Марат Мұратұлы Ахметжановтың
ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтың атына
ҮНДЕУ
ШЫМКЕНТТІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШЕКТЕН ШЫҚТЫ
Мен, Ержигитов Арман Джаксылыкович!(құжат бойынша) Шымкент қаласының тұрғынымын. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің төрағасына, ҚР Бас прокурорына арнайы үндеу жолдаймын.
Құрметті, Марат Ахметжанов мырза!
Құрметті, Ғизат Нұрдәулетов мырза!
Сіздерден, Шымкент қаласы Білім басқармасының қызметін тексеру
үшін арнайы жұмыс тобын жіберуіңізді сұраймын. Бастамашыл тұлға ретінде, білім саласында болып жатқан заңсыздықтар бойынша жергілікті құзырлы органдарға арыздандым. Бірақ, әлі күнге ешқандай нәтиже болған жоқ. Оған менің қолымдағы құжаттар куә.(көшірмесін. төмендегі суретте ұсындым).
Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы заңсыздықтарға жол беруде және бұған жергілікті құзырлы органдар көз жұмып отыр.
2020 жылы Шымкент қаласы Білім басқармасы оқушыларды қашықтан оқыту үшін жалпы соммасы 3 миллиард теңгеден астам сомаға ноутбуктер сатып алады. Алайда, аталған оқу жабдығы Білім министрлігі бекіткен техникалық талаптарға сәйкес болмай шықты. Атап айтқанда 11 716 ноутбуктің техникалық талаптарға сәйкестігі расталмады. Бұл ақпаратты қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаменті нақтылады.(Анықтама суретте ұсынылды).
Білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат ханым өз қызметіндегі заңсыздықтарды мойындамақ емес. Сондықтан, Қалалық Білім басқармасындағы заңсыздықтарға қарсы араша болуыңызды сұраймын!
Мен, Арман Ержігітов! Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың IT технологиялар бойынша маманы болып жұмыс істедім.
Сол уақытта, аталған оқу жабдықтарының техникалық талаптарға сәйкес еместігін біліп, оларды жұмысқа қабылдаудан жауапты маман ретінде бас тарттым.(Техникалық талаптарға сәйкес еместігі суретте анықтама ретінде ұсынылған).
Осындай заңсыздықтарды орындауға келіспегенім үшін менің өз еркіммен жұмыстан шығуыма ықпал етті. Мұндай жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы тұру азаматтық парызым. Президент Қасым — Жомарт Тоқаев барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды.
Бұл бастамаға әрбір азамат атсалысуы керек деп есептеймін. Тағы да өтініп сұраймын!
Құрметті, Марат Ахметжанов мырза, Ғизат Нурдаулетов мырза!
Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат ханымның және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қызметіне арнайы тексеріс жүргізуіңізді сұраймын!
Құрметпен, Шымкент қаласының тұрғыны Ержигитов Арман Жақсылықұлы!
ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК
Арман Ержигитов