Студенттің оқу үлгерімдерін бақылау материалдары
«Шетелдердің конституциялық құқығы» пәні бойынша тест сұрақтары
[q]3:1: Адам, қоғам мен мемлекет арасындағы және мемлекеттік құрылыс пен оның қызмет етуін анықтайтын қатынастар:
[a][+] Шетелдердің конституциялық құқығының пәні;
[q]3:1: Осы саладағы басшылыққа алатын негізгі ережелер, оларға сәйкес құқықтық нормалар құрылып, құқықтық реттеу жүргізіледі:
[a][+] Шетелдердің конституциялық құқығының қағидалары.
[q]3:1: Конституциялық құқық саласындағы біртектес және өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, дербес топты құратын нормалар жүйесі:
[a][+] Шетелдердің конституциялық құқығының институттары;
[q]3:1: Конституциялық құқықтың ішкі құрылымын сипаттайтын өзара қарым-қатынастағы бөліктер мен элементтер:
[a][+] Шетелдердің конституциялық құқығының жүйесі;
[q]3:1: Шетелдердің конституциялық құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ететін тәсілдер мен құралдардың жиынтығы:
[a][+] Шетелдердің конституциялық құқығының әдісі;
[q]3:1: Конституциялық құқықтың жүйесінің бөліктері:
[a][+] қағидалар, институттар, нормалар;
[q]3:1: Конституциялық құқықтың субъектілері:
[a][+] жеке тұлғалар мен қоғамдық құрылымдар;
[q]3:1: Конституциялық құқықтың нормаларының түрлері:
[a][+] реттеуші, қорғаушы және материалдық , процессуалдық.
[q]3:1: Конституциялық құқықтың әдістері:
[a][+] міндеттеу, тыйым салу, рұқсат беру;
[q]3:1: Шетелдердің конституциялық құқықығын дербес құқық саласы ретінде сипаттайтын белгілері:
[a][+] пәні, әдісі, қағидалары;
[q]3:1: Конституциялық құқықтың қайнар көзі емес:
[a][+] құқық ұқсастығы;
[q]3:1: Ең жоғарғы құқықтық күші бар және адам, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастардың, мемлекеттің ұйымдастырылуының негіздерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі:
[a][+] конституция;
[q]3:1: Ресми түрде жазылмаған, бірақ ұзақ уақыт бойы қолданылуына байланысты ереже күшін алған құқықтың қайнар көзі:
[a][+] әдет-ғұрыптар;
[q]3:1: Конституциялық мәселелерді реттейтін, ішкі құқықтан басым және оны тиісті мемлекет бекіткенде ғана құқықтың қайнар көзі болады:
[a][+] халықаралық шарттар;
[q]3:1: Заңдар, атқару билігінің, конституциялық бақылау органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілерінен тұратын құқықтың қайнар көзі:
[a][+] нормативті-құқықтық актілер.
[q]3:1: Нақты іс бойынша сот шешімін кейінгі ұқсас істерді қарағанда үлгіге алуға міндетті шешім түріндегі құқықтың қайнар көзі:
[a][+] прецеденттер;
[q]3:1: Адам, қоғам мен мемлекет арасындағы негізгі қатынастарды реттейтін актілер мен әдет-ғұрыптардың жиынтығынан тұратын жазбаша акт:
[a][+] материалдық конституция;
[q]3:1: Мемлекеттегі басқа заңдарға қатысты ең жоғарғы құқықтық күші бар заң немесе заңдар тобы:
[a][+] формальдық конституция.
[q]3:1: Конституцияның функциялары:
[a][+] заңдық, саяси, идеологиялық;
[q]3:1: Конституцияның реттеу объектісі емес:
[a][+] мемлекеттердің құқықтарын салыстырмалы талдау;
[q]3:1: Жартылай жазбаша және әдет-ғұрыптар мен прецеденттерден тұратын конституция:
[a][+] аралас;
[q]3:1: Бірнеше жазбаша акттен тұратын конституция:
[a][+] кодификацияланбаған;
[q]3:1: Конституциялық мазмұндағы барлық сұрақтарды реттейтін жалғыз жазбаша акттен тұратын конституция:
[a][+] кодификацияланған;
[q]3:1: Мемлекет басшысының халқына сыйлаған конституциясы:
[a][+] октроирленген;
[q]3:1: Конституцияның күшіне ену, өзгерту тәртібі көрсетілетін бөлімі:
[a][+] қорытынды ережелер;
[q]3:1: Конституцияның қоғамдық құрылымдардың негіздері, мемлекеттік органдардың жүйесі мен мәртебесі, құқықтар мен міндеттер туралы көрсетілетін бөлімі:
[a][+] негізгі ережелер.
[q]3:1: Конституцияның бірден жүзеге асырылмайтын жеке конституциялық нормалардың күшіне ену мерзімдері көрсетілетін бөлімі:
[a][+] өтпелі ережелер;
[q]3:1: Конституцияның мақсаттары, оны жазған кездегі тарихи жағдайлар мемлекеттік саясаттың жетекшілік ететін ережелері көрсетілетін бөлімі:
[a][+] преамбула;
[q]3:1: Конституцияның парламент және бүкілхалықтық референдумда қабылдайтын тәсіл:
[a][+] халықтық қабылдау.
[q]3:1: Конституцияны арнайы құрылған жиналыстың қабылдауы:
[a][+] конституанта;
[q]3:1: Мемлекет басшысының конституцияны халқына жариялауы:
[a][+] октроирлеу;
[q]3:1: Монарх және сайланбалы органның өзара өкілеттіктерді бөлісу үшін қабылданған конституция:
[a][+] шарттық тәсіл;
[q]3:1: Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі қандай нысанда болады?
[a][+] кодификацияланған;
[q]3:1: Конституцияларда қандай саяси институттардың конституциялық-құқықтық мәртебесі қарастырылмайды?
[a][+] заңды тұлғалар.
[q]3:1: Мемлекеттің саяси өміріне қатысуды мақсат тұтпайтын ұйымдар:
[a][+] қоғамдық бірлестіктер;
[q]3:1: Негізгі міндеті қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылатын саяси инситуттар:
[a][+] БАҚ-ры;
[q]3:1: Саяси институттардың ішіндегі ең маңыздысы:
[a][+] мемлекет.
[q]3:1: Ортақ мүдделермен бірігетін, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуға тырысатын саяси институттардың бірі:
[a][+] саяси партитялар;
[q]3:1: Бүкіл елдің немесе федерация субъектісінің көлемінде әрекет ететін билік органдарының жиынтығы:
[a][+] мемлекет.
[q]3:1: Азаматтар мен бірлестіктерге мемлекеттік басқаруға қатысуға мүмкіндік беретін мемлекет:
[a][+] демократитялық;
[q]3:1: Адам құқықтарына кепілдік берілетін, барлық органдар мен лауазымды адамдар тек заң шеңберінде әрекет ететін мемлекет:
[a][+] құқықтық;
[q]3:1: Адамдардың өмір сүруге қаражатын қамтамасыз етіп, экономикалық құқықтарына кепілдік ететін мемлекет:
[a][+] әлеуметтік;
[q]3:1: Мемлекетте тек қана бір саяси партия болып, ол осы елде жетекшілік ететін, барлық сала мемлекеттендірілген ел:
[a][+] тоталитарлық.
[q]3:1: Ешқандай дінге басымдық берілмейтін және ешқандай дінге тыйым салынбайтын, барлық дінге сенімге кепілдік берілетін мемлекет:
[a][+] зайырлы;
[q]3:1: Мемлекеттің ішкі саясатының конституциялық қағидасы емес:
[a][+] басқа мемлекеттермен ынтымақтастық;
[q]3:1: Партияның жоғарғы жетекшілерінің тобы:
[a][+] партияның корпусы;
[q]3:1: Үміткерге дауыс беретін жақтастары:
[a][+] электорат;
[q]3:1: Билік басындағы партияға қарсылас партия:
[a][+] оппозиция;
[q]3:1: Саяси партияның мәртебесін құқықтық бекіту:
[a][+] институционализация.
[q]3:1: Партиялық блоктар қандай жүйеде болады?
[a][+] көппартиялық;
[q]3:1: АҚШ-тың партиялық жүйесі:
[a][+] екіпартиялық;
[q]3:1: Тоталитарлық режимде қандай партиялық жүйе болады?
[a][+] бірпартиялық;
[q]3:1: Жақсы тәртіпке келтірілген, мүшелерінің арасында байланыс бар, үнемі жұмыс істейтін партия:
[a][+] ұйымдық рәсімделген;
[q]3:1: Сайлау компаниясы кезінде ғана жұмыс ісейтін, партия жақтастарымен байланыс жоқ партия:
[a][+] ұйымдық рәсімделмеген.
[q]3:1: Институционализациялау элементіне жатпайды:
[a][+] өз көзқарастарына үгіттеу;
[q]3:1: Заңсыз күрес әдістерін жүргізетін партия:
[a][+] экстремистік;
[q]3:1: Көп дінге сенетін елдер:
[a][+] поликонфиссионалды;
[q]3:1: Қажетті мақсатқа жету үшін биліктің шешуші қимылдар жасауына жақтасатын партиялар:
[a][+] радикалдық;
[q]3:1: Жұмысшылар мен жалдамалы еңбекшілердің мүддесін білдіретін партиялар:
[a][+] социалистік;
[q]3:1: Саяси партияның функциясы емес:
[a][+] партияны құру мен тоқтату тәртібі мен шарттары.
[q]3:1: Саяси партиялардың мәртебесі қай кездегі конституцияларда көрсетіле бастады?
[a][+] екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін;
[q]3:1: БАҚ-ның қызметін қандай бақылау түрі көп кездеседі?
[a][+] жанама;
[q]3:1: Дауыс беруге құқық:
[a][+] белсенді;
[q]3:1: Өзі сайлануға құқық:
[a][+] енжар.
[q]3:1: Бүкіл елдің сайлаушылары қатысатын сайлау:
[a][+] жалпыға бірдей;
[q]3:1: Сайлаушы сайланатын органға дауыс беретін алқаның мүшесін сайлайтын сайлау:
[a][+] жанама.
[q]3:1: Сайлаушының тікелей өзі сайланатын орган немесе лауазымды адамға дауыс беруі:
[a][+] төте;
[q]3:1: Бір федерация субъектісінің көлемінде болатын сайлау:
[a][+] аймақтық;
[q]3:1: Парламент құрамынан жекелей депутаттар мерзімінен бұрын шығып қалғанда жүргізеті сайлау:
[a][+] ішінара;
[q]3:1: Алдыңғы сайлау өткізілмей қалуы немесе жарамсыз деп тануы салдарынан жүргізілетін сайлау:
[a][+] қайта сайлау;
[q]3:1: Нәтижесі бір турдан белгілі болатын сайлау:
[a][+] алғашқы;
[q]3:1: Парламентті немесе оның палатасын мерзімінен бұрын таратып жібергенде жүргізілеті сайлау:
[a][+] кезектен тыс.
[q]3:1: Екі немесе одан да көп турдан тұратын сайлау:
[a][+] қайта дауыс беру;
[q]3:1: Конституцияда белгіленген мерзімде өткізілетін сайлау:
[a][+] кезекті;
[q]3:1: Мемлекет кепілдік еткен, азаматтардың мемлекеттік органдарды сайлауға қатысуға мүмкіндігі:
[a][+] субъективті сайлау құқығы;
[q]3:1: Сайлаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі:
[a][+] объективті сайлау құқығы;
[q]3:1: Сайлаушының сайлауға сенбеуі және соған байланысты оған қатыспауы:
[a][+] абсентизм;
[q]3:1: Заңмен белгіленген жасқа жеткен, ақыл-есі дұрыс азаматтардың сайлау құқығы:
[a][+] жалпыға бірдей сайлау құқығы.
[q]3:1: Сайлау заңдарында сайлау құқығы бар азаматтарға қойылатын талаптар:
[a][+] ценз;
[q]3:1: Бір лауазымдағы немесе мандаты бар тұлғаға белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу:
[a][+] сыйыспаушылық;
[q]3:1: Сайлаушы жағдайына байланысты басқалардан қарағанда көп дауыс беру құқығы:
[a][+] плюральды вотум.
[q]3:1: Сайлаушы сайлауға қатысуға құқығының міндеттілігі:
[a][+] міндетті вотум;
[q]3:1: Бір ел немесе аумақтық бірліктің сайлаушыларының жиынтығы:
[a][+] сайлау корпусы;
[q]3:1: Плюральды вотумға қайшы қағида:
[a][+] тең сайлау құқығы;
[q]3:1: Сайлаушы өз еркін білдіргенде сырттан бақылау жол бермейтін қағида:
[a][+] құпия дауыс беру құқығы;
[q]3:1: Әр сайлаушының сайлаудың нәтижесіне теңдей әсер етуге мүмкіндік беру:
[a][+] тең сайлау құқығы;
[q]3:1: Белгілі мөлшердегі білімді қажет ететін, енжар сайлау құқығына қойылатын талап:
[a][+] сауаттылық цензі;
[q]3:1: Сайлаушының белгілі бір адамгершілік талаптарына жауап беруі:
[a][+] моральдық ценз;
[q]3:1: Барлық елдерде қолданылатын ценз:
[a][+] азаматтық, жасына байланысты.
[q]3:1: Сайлау процесінің алғашқы сатысы:
[a][+] сайлауды белгілеу;
[q]3:1: Сайлау процесіндегі ең аз реттелген саты:
[a][+] үгіт компаниясы.
[q]3:1: Сайлаушы өз еркін білдіретін сайлау процесінің сатысы:
[a][+] дауыс беру;
[q]3:1: Бір кандидатты сайлау үшін қажетті ең аз дауыс саны:
[a][+] сайлау квотасы;
[q]3:1: Дауыс берудің қорытындысына байланысты кандидаттар арасында мандаттарды бөлістіру әдісі:
[a][+] сайлау жүйелері;
[q]3:1: Жалпы дауыстың жартысынан көбісі талап етілетін сайлау жүйесі:
[a][+] абсолютті көпшілік мажоритарлық жүйе;
[q]3:1: Басқа қарсыластарынан көбірек дауыс алған үміткер сайланатын сайлау жүйесі:
[a][+] салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйе.
[q]3:1: Сайлаушылардың берілген даусына сәйкес мандаттар бөлінетін сайлау жүйесі:
[a][+] пропорционалдық жүйе;
[q]3:1: Заңмен белгіленген абсолютті көпшіліктен асатын дауыс алған үміткер сайланатын сайлау жүйесі:
[a][+] квалификациялық көпшілік мажоритарлық жүйе;
[q]3:1: Мемлекеттегі маңызды мәселе бойынша бүкілхалықтық дауыс беру:
[a][+] референдум;
[q]3:1: Заң күші бар актінің күшін тоқтату туралы сұрау салу:
[a][+] халық ветосы.
[q]3:1: Халықтық дауыс беруге ұсынылатын сұрақ:
[a][+] формула;
[q]3:1: Референдум терминінің синонимі:
[a][+] плебесцит;
[q]3:1: Басқару нысанының түрлері:
[a][+] монархия, республика;
[q]3:1: Аумақтық құрылым нысанының түрлері:
[a][+] біртұтас, федерация;
[q]3:1: Монархия нысанындағы мемлекеттік режим:
[a][+] абсолютизм, дуализм, парламентаризм;
[q]3:1: Парламенттік республикадағы мемлекеттік режим:
[a][+] парламентарлы, министралды;
[q]3:1: Мемлекеттік органдардың нақты қызмет етуі мен әрекеттесу тәртібін көрсететін нысан:
[a][+] мемлекеттік режим.
[q]3:1: Мемлекет басшысы, заң шығару және атқару билігінің жоғарғы органдарының қалыптасу және өзара қарым-қатынасын көрсететін нысан:
[a][+] басқару нысаны;
[q]3:1: Басқару және аумақтық құрылым түрі мен мемлекеттік режимді қамтитын нысан:
[a][+] мемлекет нысаны;
[q]3:1: Мемлекеттің орталық билігінің аумақтық құрылым бөліктерімен қарым-қатынас жүйесі:
[a][+] аумақтық құрылым нысаны;
[q]3:1: Монархияның түрі емес:
[a][+] федеративтік;
[q]3:1: Мемлекет басшысының қолында барлық билік шоғырландырылған монархия түрі:
[a][+] абсолюттік.
[q]3:1: Биліктің бөлінуі дамыған және атқару билігінен қарағанда заң шығару билігіне басымдық берілетін монархия түрі:
[a][+] парламенттік;
[q]3:1: Биліктің бөлінуі болатын және мемлекет басшысы мен заң шығару билігінің күші теңдей болатын монархия түрі:
[a][+] дуалистік;
[q]3:1: Парламентарий өз мандатын жүзеге асырғанда айтқан сөздері мен әрекеттеріне жауапты болмауы:
[a][+] индемнитет.
[q]3:1: Парламент палаталарының отырыстарындағы қатынастарды реттейтін құқықтық акт:
[a][+] регламент;
[q]3:1: Партиялық қатыстылығына байланысты құрылатын парламентарийлер бірлестігі:
[a][+] фракция;
[q]3:1: Парламент палаталары отырыстарын өткізіп, шешімдер қабылдайтын уақыт аралығы:
[a][+] сессия;
[q]3:1: Парламентте сұрақтарды талқылаған кезде күн тәртібінен сұрақты алып тастау:
[a][+] алдыңғы сұрақ;
[q]3:1: Парламентте сұрақтарды талқылаған кезде қажетті сұрақты палата төрағасы таңдап алады:
[a][+] кенгуру;