А
1.Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары.
Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына — заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.
Сот төрелігін тек соттық жүзеге асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін басқа біреудің иемденіп алуына тыйым салынады жəне құқықтық жауапкершілікке əкеліп соғады.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы жəне сайланбайтындылығы. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сəйкес сайланады немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен шектелмеген.
Судьялардың тəуелсіздігі жəне олардың тек заңға ғана бағынуы. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тəуелсіз жəне Конституция мен заңға бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді ж/е ол заң бойынша жауапкершілікке əкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді жəне олардың ешқайсысы да қандай да мəн-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-əрекеттерге тыйым салынады. Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куə болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға жəне суретке түсіру, бейне-таспаға жазу, тікелей радио жəне телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-əрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс жəне оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
Сот ісін жүргізу тілі. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тек мемлекеттік (қазақ) не орыс тілдерінде, тең дəрежеде жүргізілетіндігін білуге болады. Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің жəне жасалатын барлық іс жүргізу əрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сəйкестігін білдіреді. Диспозитивтік деген азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді. Азаматтық процесті қозғау іске қатысатын тараптар мен басқа адамдардың еркіне байланысты болады. Мүдделі адам (талапкер, өтініш етуші) өзінің талап-арызының, өтінішінің заты мен негізін, сондай-ақ берген талаптарының көлемін өзі айқындайды. Мұндай мəліметтер сотқа берілген талап-арыздың (өтініштің) мазмұнды бөлімінің мəнін құрайды. Талапкер талап арыздың негізін немесе затын өзгертуге, талап-арыздың мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы. Сот өз бастамашылығымен талап-арыздың затын немесе негіздерін өзгертуге құқығы жоқ.
— Бəсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді. Тараптың əрқайсысы өзіне оңтайлы сот шешімін қабылдатқысы келеді. Сондықтан бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында өзінің құқықтық ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дəлелдеуге жəне негіздеуге міндетті.
— Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек жəне т.б.) субъектілерінің теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) жəне іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді.
— Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша дəлелдемелер мен өзге де мəн-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін, куəгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дəлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға жəне бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті.
Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру
тəртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мəжбүрлеп орындату тəртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.
2.Азаматтық іс жүргізу қатынастары мен субъектілері.
Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді. 1.Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар. Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген. Іске қатысушы тұлғалар судьяға қарсыльқ білдірулері мүмкін, мұндай жағдайда судья ауыстырылып, істі басқа судья қарайды. Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырысының хаттамасын жасайды жəне сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға хабарланғандығы туралы жəне олардың келмей қалуының қандай себептері бар екендігін хабарлайды.Сот приставы — төмендегідей міндеттерді атқаратын адам: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тəртіпті қадағалайды, сотқа іс жүргізу əрекеттерін орындауды жəрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды жəне процестің басқа қатысушыларын қорғауды қамтамасыз етеді, соттың жəне басқа органдардың атқару құжаттарын мəжбүрлеп орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді.Сот орындаушысы — бұл мемлекеттік қызметтегі жəне заңмен жүктелген соттың жəне басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді атқаратын лауазымды тұлға. 2.Іске қатысушы адамдар — тараптар; даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар; ерекше өндіріс тəртібінде сотта қаралатын істер бойынша өтініш берушілер жəне басқа да мүдделі адамдар. Іске қатушы адамдар өздеріне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы тиіс. Осы тұлғалар іс жүргізу құқықтарын орындамаған жағдайда заңдарда азаматтық сот ісін жүргізу туралы қарастырылған салдарлар туындайды. Іске қатысушы барлық адамдар екі шағын топқа бөлінед: 1) өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға; үшінші тұлғалар, яғни, ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді, 2) мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдар мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар. 3.Сот төрелігін жүзеге асыруға жəрдемдесетін адамдар. Бұл топқа куəгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар жəне басқалары кіреді. Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды. Олардың азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа істің нақтылы мəн-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жəрдемдеседі жəне нақты əрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске қатысушы басқа да адамдарға көрсетеді.
3.Азаматтық процестегі тараптар.
1.Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. Өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте(АПК) көзделген тəртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. Өздеріне талап қою берілген азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. 2. Заңда көзделген жағдайларда, заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкін. 3. Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар тұлғалардың арызы бойынша өз мүддесінде іс басталған тұлғаға сот туындаған процесс туралы хабарлайды жəне ол оған талап қоюшы ретінде қатысады. 4. Азаматтық процесте мемлекет тарап болуы мүмкін. 5. Тараптар процестік құқықтарын тең иеленеді жəне олардың бірдей процестік міндеттері болады.
4. Азаматтық іс жүргізудегі құқықмирасқорлық (түсініг, негіздері). Мұрагерлік құқықтық қатынастардың құқықтық реттелуінің негізгі мақсаты мұра қалдырушының мүлкінің мұрагерлеріне заңды негіздерге сәйкес ауысуы болып табылады. Мұрагерлік құқықтық мирасқорлықтың мағынасы меншік иесі қайтыс болған кезде оған тиесілі мүліктің мұрагерлеріне ауысуы болып табылады. Азаматтың әмбебап құқық мирасқорлығы мұрагерлік кезінде орын алады және бұл құқықтық мирасқорлық мұрагерлік институттың негізі болып табылады
1.Даулы немесе сот шешімімен белгіленген құқықтық қатынастардан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда (адамның қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапты басқаға беру, борышты аудару жəне даулы материалдық құқықтық қатынастардағы тұлғалардың басқа да ауысу жағдайлары) сот сол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстыруға жол береді. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. 2. Құқық мирасқоры процеске кіріскенге дейін жасалған барлық əрекеттер құқық мирасқорын ауыстырған тұлға үшін қаншалықты міндетті болса, құқық мирасқоры үшін сондай шамада міндетті болады. 3. Бірінші жəне апелляциялық сатылардағы соттарда істі қарау кезінде тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 272-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сəйкес тоқтатыла тұрады. 4. Кассациялық сатыдағы сотта сот актілерін қайта қарау сатысында тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда, шығып қалған тараптың жəне іске қатысатын басқа да тұлғалардың сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаты қараусыз қалдырылады. Құқық мирасқоры өтінішхатты қайта беруі мүмкін. Прокурордың бастамасы бойынша наразылық келтіру жағдайларынан басқа, егер наразылық шығып қалған тараптың, іске қатысатын басқа да тұлғаның өтінішхаты бойынша келтірілсе, ол қараусыз қалдыруға жатады. 5. Құқық мирасқорының, прокурордың сот актілеріне шағым жасауға, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттарын кассациялық сатыдағы сот осы Кодексте белгіленген тəртіппен қарайды.
5.Азаматтық процеске прокурордың қатысуы: негіздері мен нысандары. (54-бап) +
Негіздері: заңда тікелей көзделгенде, сот бастамасымен, өз бастамасымен.
Нысандары: тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттіек мүдделерді қорғау мақсатында сотқа талап қою арқылы, өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытында беру арқылы.
3. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы талап қоюмен, арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Əлеуметтік саладағы шектелмеген адамдар тобының еңбек, тұрғын үй жəне өзге де құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, сондай-ақ əрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғауға талап қоюды
прокурор мүдделі тұлғаның өтініші мен арызына қарамастан беруі мүмкін.
6.Азаматтық істердің ведомстволығы мен соттылығы. Ведомстволықтың ұғымы. Ведомстволықтың түрлері.
Азаматтық істердің соттарға ведомстволығы.
1. Егер осы Кодекске жəне басқа да заңдарға сəйкес бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау өзгеше тəртіппен жүзеге асырылмаса, соттар оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тəртібімен қарайды жəне шешеді.
2. Азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан жəне басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері соттардың ведомстволығына жатады.
3. Санаттары осы Кодексте көзделген, мемлекеттік басқару саласындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою ісі жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.
4. Санаттары осы Кодексте көзделген ерекше жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.
5. Егер заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар қатысатын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істер соттардың ведомстволығына жатады.
6. Шетелдік соттардың шешімдерін, сот бұйрықтарын жəне төрелік шешімдерді тану жəне орындау туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.
7. Төрелік шешімдердің күшін жою туралы жəне осындай шешімдерді мəжбүрлеп орындауға жіберу туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.
8. Азаматтық істердің басқа санаттары да заңға сəйкес соттардың ведомстволығына жатқызылуы мүмкін.
7. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау. Бірінші сатыдағы соттың актілері.
Азаматтық істі қарау мерзімі оның іс жүзіндегі күрделілігіне және іске қатысатын адамдардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.
2. Сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде азаматтық iстерді қарайды және шешедi.
Жұмысқа қайтадан алу, әке болуды анықтау және алименттерді өндiріп алу туралы азаматтық істерді, сондай-ақ ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi. Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер талап қою арызы сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексерудің қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.
Сот актісі бұл құқықтық қолдану актісі. Мұнда құқық туралы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдың және процессуалдың құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді. ҚР АІЖКі бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар: 1) сот қаулысы;2) сот шешімі;3) сот ұйғарымы; 4) сот бұйрығы.
31 БИЛЕТ: Аппеляциялық сатыдағы сотта істі қарау ж/е істі қараудың маңызы мен мәні:
53-тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ, НАРАЗЫЛЫҚ БОЙЫНША ІСТЕРДІ ҚАРАУ
412-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы
Апелляциялық шағым, наразылық бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.
413-бап. Апелляциялық қараудың шектерi
1. Сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.
2. Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ осы Кодекстің 404-бабының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерге мәлімделген талап қою шегінде баға береді.
Егер апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелердің бірінші сатыдағы сотқа ұсынылуы дәлелді себептермен мүмкін болмағанын таныса, оның ішінде егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, сот жаңа дәлелдемелерді қабылдайды.
Апелляциялық сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынатын тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттілігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті.
3. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және бөлу, талап қою талаптарының мөлшерін өзгерту, талап қою нысанасы мен негізін өзгерту, тиісті емес жауапкерді ауыстыру, қарсы талап қою туралы қағидалар апелляциялық сатыдағы сотта қолданылмайды.
Егер осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шешімнің күші жойылса және үшінші тұлғалардың қатысуынсыз істі мәні бойынша қарау мүмкін емес деп танылса, апелляциялық сатыдағы сот өз алдына бөлек талаптарды мәлімдемеген үшінші тұлғаларды іске қатысуға тарта алады.
32 БИЛЕТ: Аппеляциялық шағым беру құқығы. Аппеляциялық шағым. Аппеляциялық шағым жасау ж/е наразылық беру объектісі
401-бап. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау және наразылық білдіру құқығы
1. Осы тарауда көзделген қағидаларға сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
2. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі.
3. Сот шешіміне апелляциялық наразылық білдіру құқығы істі қарауға қатысатын прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, өздерінің құзыреті шегінде шешімге наразылық білдіруге құқылы.
4. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған адамдар да апелляциялық шағым жасауға құқылы.
33-билет Апелляциялық шағым жасау және наразылық білдірудің тәртібі мен мерзімі Апелляциялық шағымның мазмұны:
403-бап. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру тәртібі мен мерзімдері
1. Апелляциялық шағым, наразылық шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым немесе наразылық шешім шығарған сотқа осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 405-бабының талаптарын орындау үшін жіберілуге жатады.
2. Апелляциялық шағым, наразылық іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны шағымға немесе наразылыққа қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады.
3. Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық шағым, наразылық – шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап берілуі, ал сот талқылауына қатыспаған тұлғалар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін.
4. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексеру қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер бойынша апелляциялық шағым, наразылық шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.
5. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты беру үшін мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен қарайды.
404-бап. Апелляциялық шағымның, наразылықтың мазмұны
1. Апелляциялық шағымда, наразылықта:
1) шағым, наразылық жіберілетін соттың атауы;
2) шағым, наразылық беретін тұлғаның атауы;
3) шағым жасалатын немесе наразылық білдірілетін шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;
4) әдетте қолданылуға жататын заңдарға және іс материалдарына сілтеме жасай отырып, сот шешімінің заңсыздығы немесе негізсіздігі неден көрінетіндігіне нұсқау;
5) шағым жасалатын немесе наразылық білдірілетін шешімнің заңдылығын қандай бөлігінде тексеру керек екендігі және шағым, наразылық беретін тұлғаның қандай өзгерістер енгізуін талап ететініне нұсқау;
6) шағымға, наразылыққа қоса берілген құжаттардың тізбесі;
7) шағымды, наразылықты беру күні және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Өкіл қол қойған шағымға сенімхат немесе істе ондай құжат болмаса, өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын өзге құжат қоса берілуге тиіс.
Шағымды, наразылықты электрондық құжат нысанында берген кезде олар оны беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанындағы шағымға, наразылыққа құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
2. Апелляциялық шағымда, наразылықта бірінші сатыдағы сотқа мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс.
Егер шағымда, наразылықта жаңа дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылса, оның ішінде егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға жол беріледі.
34-билет Апелляциялық қараудың пәні. Апелляциялық сатыда ісаті қараудың шегі мен мерзімі:
403-бап. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру тәртібі мен мерзімдері
1. Апелляциялық шағым, наразылық шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым немесе наразылық шешім шығарған сотқа осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 405-бабының талаптарын орындау үшін жіберілуге жатады.
2. Апелляциялық шағым, наразылық іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны шағымға немесе наразылыққа қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады.
413-бап. Апелляциялық қараудың шектерi
1. Сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.
2. Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ осы Кодекстің 404-бабының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерге мәлімделген талап қою шегінде баға береді.
Егер апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелердің бірінші сатыдағы сотқа ұсынылуы дәлелді себептермен мүмкін болмағанын таныса, оның ішінде егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, сот жаңа дәлелдемелерді қабылдайды.
Апелляциялық сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынатын тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттілігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті.
3. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және бөлу, талап қою талаптарының мөлшерін өзгерту, талап қою нысанасы мен негізін өзгерту, тиісті емес жауапкерді ауыстыру, қарсы талап қою туралы қағидалар апелляциялық сатыдағы сотта қолданылмайды.
Егер осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шешімнің күші жойылса және үшінші тұлғалардың қатысуынсыз істі мәні бойынша қарау мүмкін емес деп танылса, апелляциялық сатыдағы сот өз алдына бөлек талаптарды мәлімдемеген үшінші тұлғаларды іске қатысуға тарта алады.
35. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен ұйғарымына кассациялық тәртіптермен шағым жасау және наразылық білдіру құқығы. Кассациялық шағым және наразылықты қарайтын соттар.
34-бап. Кассациялық тәртiппен қайта қарауға жататын сот актiлерi
1. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртiппен қайта қарауы мүмкiн.
2. Мынадай:
1) осы Кодекстің 12 және 13-тарауларында көзделген оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған;
2) татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған;
3) талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты;
4) талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша;
5) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, сондай-ақ оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі істер, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды.
3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша сот актілері осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
4. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген істер бойынша сот актілерін қоспағанда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілері осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
5. Кассациялық сатының қаулылары осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде қайта қаралуы мүмкін.
435-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өтiнiшхат беруге, ұсыным енгізуге, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар
1. Осы Кодекстiң 434-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген сот актiлерiне дау айту туралы өтiнiшхатты тараптар, iске қатысатын тұлғалар, сот актілерінде мүдделері қозғалатын басқа да тұлғалар және олардың өкілдері беруi мүмкiн.
2. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өзінің бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өтінішхаты бойынша да Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсыну енгізуге құқылы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық келтіруге құқылы.
Өтінішхат ұсынуға немесе наразылыққа қоса беріледі.
3. Өтiнiшхат берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде өтінішхат берген прокурор одан бас тартуға немесе өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы, наразылық келтірген прокурор оны өтінішхат, наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.
Өтінішхаттан бас тарту кассациялық сатыдағы сотта, оның ішінде алдын ала қарау сатысында да іс жүргізудің тоқтатылуына алып келеді. Өтінішхатты қайтадан беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда өтінішхат қайтарылады.
Iстердi кассациялық тәртiппен қарайтын соттар
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 435-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өтінішхаттары бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 435-бабының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың ұсынуы және наразылығы бойынша істерді кемінде үш судьядан тұратын алқалы құрамда қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша кассациялық сатыдағы соттың қаулыларына енгізілген осы Кодекстің 435-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың ұсынуы және наразылығы бойынша істерді кемінде жеті судьядан тұратын алқалы құрамда қарайды.
С
13.Сотта өкілдік ету. Сотта өкілдік етудің жəне соттағы өкілдің түсінігі. Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу
1. Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды.
2. Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде əрекет ететін олардың басшылары жəне (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын немесе өкілеттігін куəландыратын құжаттарды ұсынады. 1.1.Тапсырма бойынша өкілдік ету
1. Мына тұлғалар:
1) адвокаттар;
2) заңды тұлғалардың істері бойынша – осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік органдардың жəне олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша – осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
3) кəсіптік одақтардың – құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кəсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша уəкілетті өкілдері;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уəкілетті өкілдері;
5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
6) іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар
басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.
2. Өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.
3. Адвокат ордерге сəйкес өкілдік жанында, осы Кодекстің 60-бабында санамаланған əрекеттерді қоспағанда, қажетті процестік əрекеттерді жасауға құқылы. Олардың əрқайсысын жасауға құқығы сенімхатта көрсетілуге тиіс. 1.2.Заңды өкілдер
1. Əрекетке қабілетсіз азаматтардың, кəмелетке толмағандардың жəне сот тəртібімен əрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тəрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да тұлғалар қорғайды, олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттарды ұсынады.
2. Хабарсыз кетті деп белгіленген тəртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша хабарсыз кеткен азаматтың мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асыратын тұлға оның өкілі ретінде əрекет етеді.
3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп заңда белгіленген тəртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны əлі ешкім қабылдамаса, мұрагерлік мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген тұлға мұрагердің өкілі ретінде əрекет етеді.
4. Заңды өкілдер өкілдік берушілерге жасау құқығы тиесілі барлық процестік əрекеттерді заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.
Кəмелетке толмағанның, сот тəртібімен əрекетке қабілетсіз деп танылған адамның не сот тəртібімен хабарсыз кетті деп танылған адамның заңды өкілі қорғаншылыққа алынған адамның мүлкі олардың нысанасы болып табылатын даулар бойынша істерді қарау кезінде өзі өкілі болып отырған адамның мүддесінде барлық процестік əрекеттерді жасайды.
Кəмелетке толмағанның, əрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамның заңды өкілі шектелген құқықтар көлемінен туындайтын міндеттемелер нысанасы болып табылатын істерді қарау кезінде осы адамның мүддесінде барлық процестік əрекеттерді өз бетінше жасайды. Басқа даулар бойынша əрекет қабілеті шектеулі тұлға процестік əрекеттерді жасайды жəне процестік міндеттерді өз бетінше атқарады.
5. Заңды өкілдер жəне тапсырма бойынша өкілдер процестік əрекеттерді өз мүдделерінде немесе өздері өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қарамастан жасауға құқылы емес.
8.Сотта өкіл бола алмайтын адамдар.
Өкілдіктің негіздері мен түрлері. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар жəне Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың
өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда, сотта өкіл бола алмайды.
2. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
3. Тұлға, егер:
1) мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;
2) бұрын істі қараған жəне шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куə немесе куəгер ретінде қатысса;
3) басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;
4) психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты жəне басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
4. Сот осы баптың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктерінде санамаланған тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысудан шеттетеді. Сот бұл туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
5. Тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысудан шеттеткен кезде сот істі талқылауды басқа өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу жəне оның іс материалдарымен танысуы үшін қажетті, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
9.Соттағы өкілдің өкілеттіктері (көлемі жəне рəсімделуі).
Өкілдің өкілеттіктері: 1. Тапсырма бойынша өкіл талап қою арызына қол қоюдан, iстi төрелікке беруден; татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісім жасаудан, талап қоюдан немесе талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартудан, талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтудан немесе азайтудан, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгертуден, өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруден (сенімді басқаға аударудан); сот актісіне апелляциялық, кассациялық тəртіптермен шағым жасаудан, жаңадан ашылған немесе жаңа мəн-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруден, сот актісін мəжбүрлеп орындатуды талап етуден, сот алып берген мүлікті алудан, апелляциялық шағымнан, өтінішхаттан бас тартудан басқа, осы Кодексте көзделген барлық процестік əрекеттерді өзі өкілі болып отырған тұлғаның атынан жасауға құқылы.
2. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тапсырма бойынша өкіл осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, заңды тұлғалардан анықтамаларға немесе өзге де құжаттарға сұрау салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен заң көмегін көрсету үшін өзге де əрекеттерді жасауға құқылы.
3. Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген процестік əрекеттердің əрқайсысын жасауға өкілеттіктері өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуге тиіс.
2.Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу: 1. Өкілдің өкілеттіктері заңға сəйкес берілген жəне ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.
Сенімхат сотқа жазбаша нысанда немесе сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.
2. Кəсіптік одақтар мен басқа да ұйымдардың уəкілетті өкілдері осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларына сəйкес осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куəландыратын құжаттарды сотқа беруге тиіс.
3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен берілетін ордермен куəландырылады.
Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші бөлігінде көзделген процестік əрекеттерді жасауы сенімхатпен куəландырылады.
4. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе осыған уəкілеттік берілген өзге де тұлға береді.
5. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген өкілдердің өкілеттіктері сенімхатта немесе сот отырысына жеке өзі қатысқан жағдайда сенім білдірушінің сот отырысының хаттамасына енгізілген ауызша мəлімдемесінде көрсетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген өкіл жоғары заң білімі туралы дипломның расталған көшірмесін ұсынады.
11.Сот шығыстары.
Сот шығыстары іс бойынша іс жүргізуге байланысты мемлекеттік баж бен шығындардан тұрады. 1.Мемлекеттік баж: Мемлекеттік бажды төлеудің тəртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату негіздері
«Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.
Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу төлем құжаттарымен немесе кассалық құжаттармен, ал төлемдерді банкоматтар, электрондық терминалдар, қашықтықтан байланысу жəне «электрондық үкімет» төлем шлюзі арналары арқылы төлеген кезде қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық түрде чектермен жəне түбіртектермен расталуға тиіс. 2.Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар: Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға:
1) куəларға, сарапшыларға жəне мамандарға төленуге тиісті сомалар;
2) тиісті орында қарап-тексеруді жүргізуге байланысты шығыстар;
3) заттай дəлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар;
4) жауапкерді жəне (немесе) баланы іздестіру бойынша шығыстар;
5) іс бойынша жарияланым мен хабарландыруларға байланысты шығыстар;
6) тараптарға жəне іске қатысатын басқа да тұлғаларға хабарлау жəне оларды сотқа шақыру бойынша шығыстар;
7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жол жүру жəне тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша, олардың сотқа келуіне байланысты жұмсаған шығыстары;
8) өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;
9) сот өтелуге жатады деп таныған, оның ішінде тараптардың кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рəсімдерінде жұмсаған басқа да шығыстары жатады.
3.Сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу: 1. Сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып беріледі.
2. Егер іске қатысатын адамның заңда немесе шартта көзделген дауды реттеудің наразылық немесе сотқа дейінге өзге де тəртібін бұзуы, оның ішінде наразылыққа жауап беру мерзімін бұзуы, наразылықты жауапсыз қалдыруы салдарынан дау туындаса, сот істі қараудың нəтижелеріне қарамастан, сот шығыстарын осы тұлғаға жүктейді.
Сот, процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дəлелдемелер сот белгілеген мерзімді жəне дəлелдемелерді дəлелді себептерсіз ұсынудың осы Кодексте белгіленген тəртібін бұза отырып
ұсынылған жағдайда, егер бұл сот процесінің созылуына, істі қарауға жəне заңды əрі негізді сот актісін қабылдауға кедергі келтіруге əкеп соқса, іс бойынша барлық сот шығыстарын жүктеуге құқылы.
3. Егер апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар істі жаңадан қарауға бермей, жасалған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, олар тарап тиісті сот сатыларында жұмсаған шығыстары туралы дəлелдемелерді ұсынған кезінде тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді.
4. Бірінші сатыдағы сот тараптың арызы бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда істі қарау барысында жұмсаған сот шығыстарын, егер өтінішхат сот сатыларында істі қарау кезінде талқыланса, бірақ сот шығындары ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеру қажеттігіне байланысты өндіріп алынбаған жəне бұл туралы тиісті сот сатысындағы соттың қаулысында көрсетілсе, өндіріп алу туралы ұйғарым шығарады.
5. Сот шығындарын өндіріп алу туралы арыз тараптарды хабарландыра отырып, соттың сот отырысында қарауына жатады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды. Арыз соңғы сот актісінің қабылдануымен істі мəні бойынша қарау аяқталған соңғы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде берілуі мүмкін.
6. Сот актісінің көшірмесін сот ол заңды күшіне енген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей (азаматтың) тіркелу орны немесе көрсетілген қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарына сот өтем жасаған (заңды тұлғаның) сот өкілінің орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.
4.Тараптарға сот шығыстарын өтеу: 1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы арыздармен жүгінген адамдарға талап қоюдан толық немесе бір бөлігінде бас тартылған кезде (осы Кодекстің 54 жəне 55-баптары) жауапкер жұмсаған сот шығындары бюджет қаражатынан толық немесе талап қоюшыға бас тартылған талап қою талаптарының бір бөлігіне пропорционалды өтеледі.
2. Мұндай талап қою қанағаттандырылған жағдайда жауапкер сот шығыстарын осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тəртіппен өтейді.
5.Мемлекетке сот шығыстарын өтеу: 1. Талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.
2. Егер талап қою бір бөлігінде қанағаттандырылса, ал жауапкер сот шығыстарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар мемлекеттің кірісіне сот шығыстарын төлеуден босатылмаған талап қоюшыдан талап қою талаптарының қанағаттандырылудан бас тартылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.
3. Егер тараптардың екеуі де сот шығыстарын төлеуден босатылса, онда іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебіне жатқызылады.
4. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда іс бойынша іс жүргізуге байланысты сот шығындары талап қоюшыдан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.
5. Өзіне тиесілі төлемдерді төлеуден жалтарған адамға іздестіру жарияланған жағдайда іздестіруді жүргізу бойынша шығыстар сол адамнан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.
24. Сот жарыссөздері. Басталған процеске кіріскен прокурордың іс бойынша қорытындысы. Шешімді шығару және жариялау.
Сот жарыссөздері іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады.Сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес. Алдымен – талап қоюшы мен оның өкiлi, ал содан кейін жауапкер мен оның өкiлi сөйлейдi.Басталып кеткен процесте даудың нысанасына өз бетінше талап қойған үшiншi тұлға мен оның өкiлi тараптар мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөйлейдi. Даудың нысанасына өз бетiнше талаптар қоймаған үшiншi тұлға мен оның өкiлi үшiншi тұлға iске қатысатын жақтағы талап қоюшыдан немесе жауапкерден кейiн сөйлейдi.Прокурор, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнген заңды тұлғалар мен азаматтар сот жарыссөздерiнде соңында сөйлейдi.
Прокурордың қорытындысы.Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстiң 54-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртіппен процеске қатысқан прокурор сот жарыссөздері аяқталғаннан кейін тұтастай алғанда, даудың мәні бойынша жазбаша қорытынды береді, ол азаматтық істің материалдарына қоса тіркеледі.(Мемлекеттің мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот немесе прокурор танығанда, прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті). Сот жарыссөздерiнен кейiн, ал осы Кодекстiң 219-бабында көзделген жағдайда, прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот актісін шығару үшін сот кеңесу бөлмесiне кетедi, төрағалық етушi бұл туралы сот отырысы залындағы адамдарға жариялайды және сот шешімі жария етілетін уақыт туралы хабарлайды. Соттың шешiмi қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейiн судья сот отырысы залында сот шешiмiнiң қарар бөлiгiн жария етедi.Төрағалық етуші сот шешімінің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді, шешімнің түпкілікті нысаны дайын болатын және іске қатысатын адам оның көшірмесін ала алатын күнді жариялайды. Төрағалық етушi осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейiн сот отырысын жабық деп жариялайды.
26. Сот шешімінің мәні мен маңызы. Сот шешімінің мазмұны, құрылымы және түрлері
Істi мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы соттың сот актісі шешiм нысанында шығарылады. Шешiм кеңесу бөлмесiнде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ жұмыс күнi iшiнде сот (судья) кеңесу бөлмесiнен шығып демалу үшiн үзiлiс жасауға құқылы. Шешім іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылады. Уәжді шешімді жасау кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ шешімнің қарар бөлігін сот істі талқылау аяқталған отырыста жария етуге тиіс. Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іс материалдарына қоса тіркелуге тиіс. Түпкілікті нысандағы шешім шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындалуға тиіс. Істі мәні бойынша оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешкен кезде сот кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын қысқаша шешім шығарады.
Тараптардың шешім заңды күшіне енгенге дейін мәлімдеген жазбаша өтінішхаты бойынша не өзінің қалауы бойынша сот кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұратын уәжделген шешім шығарады.Шешiм шығарған кезде сот дәлелдемелерді бағалайды, iс үшiн маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенiн, осы iс бойынша қандай заң қолданылуға тиiс екенiн және мәлімделген талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды.
Шешiмнiң мазмұны
Шешiм Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.Шешiм кiрiспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөлiктерiнен тұрады.Шешiмнiң кiрiспе бөлiгiнде шешiмнiң шығарылған күнi мен орны; шешiм шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; iске қатысатын басқа тұлғалар мен өкiлдер; даудың нысанасы немесе мәлiмделген талап көрсетiледi. Шешiмнiң сипаттау бөлiгiнде талап қоюшының талаптарының, жауапкердің түсініктемелерінің және iске қатысатын үшінші тұлғалардың түсініктемелерінің қысқаша мазмұны, олар дәлелдерін негіздеген дәлелдемелер көрсетіле отырып, баяндалуға тиіс.Шешiмнiң уәждеу бөлiгiнде iстiң сот анықтаған мән-жайлары; соттың құқықтар мен міндеттер туралы түйіндері негізделген дәлелдемелер; соттың ол немесе өзге дәлелдемелерді қабылдамау дәлелдері және сот басшылыққа алған заңдар қысқаша көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда уәждеу бөлігінде талап қоюдың мойындалғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.Шешiмнiң қарар бөлiгiнде соттың талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе бір бөлігінде бас тарту туралы түйіні, сот шығыстарын бөлуді, шешімге шағым беру мерзімін көрсету және оның тәртібі, сондай-ақ өзге де түйіндер қамтылуға тиіс.Судья шешімді жазбаша түрде шығарады және оған қол қояды.
Нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы арыз бойынша шешім
Сот нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы арызды негізді деп тани отырып, арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде дауланып отырған нормативтік құқықтық актінің қай заңдарға және қай бөлігінде қайшы келетіні және нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөлігін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп тану туралы көрсетіледі. Сот арызды негізсіз деп тани отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм Сот ақша сомаларын өндiрiп алу туралы шешiм шығара отырып, шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiп алынатын ақша сомасының мөлшерiн цифрлармен және сөздермен, валюта түрiн және ақша өндіріп алу туралы шешім қай тараптың пайдасына шығарылғанын көрсетедi
Шартты жасасу немесе өзгерту туралы шешiм.Шартты жасасу немесе өзгерту кезiнде туындаған дау бойынша қарар бөлiгiнде шарттың әрбiр даулы жағдайы бойынша шешiм көрсетiледi, ал шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы дау бойынша шарттың түрi және тараптар шарт жасасуға мiндеттi талаптар көрсетiледi
Мүлiктi немесе оның құнын алып беру туралы шешiм.Мүлiкті заттай алып берген кезде сот шешiмде оның жеке белгілі бір белгiлерiн және, егер шешiмдi орындау кезiнде алып берiлетін мүлiк болмай қалса, жауапкерден өндiрiп алынуға тиiс мүлiктiң құнын көрсетедi.
Бiрнеше талап қоюшының пайдасына немесе бiрнеше жауапкерге қарсы шешiм.Бiрнеше талап қоюшының пайдасына шешiм шығарған кезде сот шешiмнiң қарар бөлігінде олардың әрқайсысына қандай бөлігі қатысты екенiн немесе өндiрiп алу құқығы ортақ болып табылатындығын көрсетедi.
Егер iске қатысатын адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсiнiктемелер берген қандай да бiр талап бойынша шешiм шығарылмаса;егер сот құқық туралы мәселенi шешіп, алып берiлген соманың, берiлуге тиiстi мүлiктiң мөлшерін немесе жауапкер жасауға міндетті әрекеттердi көрсетпесе;егер сот шығыстары туралы мәселенi сот шешпесе;егер сот шешiмінiң орындалуын бұрып жіберу туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.
28 БИЛЕТ: Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару. Сырттай іс жүргізудің ұғымы мен негізі.
21-тарау. СЫРТТАЙ IС ЖҮРГIЗУ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ ШЕШIМ ШЫҒАРУ
256-бап. Сырттай іс жүргізудің негіздері
1. Отырыстың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
2. Іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде, сот отырысына барлық жауапкерлер бір мезгілде келмей қалған жағдайда, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
3. Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істі талқылауды кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарландырылған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда, сот талап қоюшының пікіріне қарамастан, істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.
4. Егер сот отырысына келмеген жауапкерден істі оның қатысуынсыз қарау туралы арыз келіп түссе, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен емес, жалпы тәртіппен қаралуға жатады.
5. Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, ол істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың негіздері көрсетіле отырып, сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
6. Талап қоюшы талап қоюдың нысанасын немесе негіздерін өзгерткен, талап қою талаптарын ұлғайтқан кезде сот істі осы сот отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес. Істі қарау талап қою арызын талап қоюдың өзгертілген нысанасымен немесе негізімен, талап қою тараптарының ұлғайтылған мөлшерімен бірге жауапкерге табыс ету үшін кейінге қалдырылады.
Жаңа сот отырысында іс осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген негіздер болған кезде сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
257-бап. Сырттай іс жүргізу тәртібі
Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысатын адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.
258-бап. Сырттай шешімнің мазмұны
1. Сырттай шешімнің мазмұны осы Кодекстің 226-бабының қағидаларында айқындалады.
2. Сырттай шешімнің қарар бөлігінде жауапкердің осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс.
29 БИЛЕТ: Сот бұйрығы (ұғымы, шығару тәртібі мен мерзімі) Сот бұйрығының мамұны:
139-бап. Сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзімі
Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.
140-бап. Сот бұйрығының мазмұны
1. Сот бұйрығында:
1) жүргізілетін істің нөмірі және сот бұйрығының шығарылған күні;
2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі мен аты-жөні;
3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;
4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жері, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол белгілі болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi, сондай-ақ қалалық және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер, электрондық пошта мекенжайы (егер мұндай мәліметтер бар болса және белгілі болса);
5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе құны көрсетілген, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгілері;
7) егер заңда немесе шартта тұрақсыздық айыбын өндіріп алу көзделсе, оның мөлшері және ол есептелген уақыт кезеңі;
8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
9) мәлімделген талапқа қарсылық білдіру туралы арыз беру мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, кәмелетке толмаған балаларға алименттер өндіріп алу туралы сот бұйрығында күтіп-бағу үшін алименттер тағайындалған әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріліп алынатын төлемдердің мөлшері және оларды өндіріп алу мерзімі көрсетіледі.
3. Сот бұйрығына судья қол қояды.
Т
15. Талап қою істері, ерекше талап қою істері, ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің ведомстволығы.
Талап қою бойынша іс жүргізу істері: азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғынүй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптық екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істеріазаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік билік, жергілікті өзінөзі басқару органдарының, қоғамдың бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды және мемлекеттік қызметкерлердің, олардың ішінде сот орындаушылардың, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) даулар айту туралы істер. Талап қою бойынша іс жүргізу талап арызбен, ал ерекше талап қою бойынша іс жүргізу шаеым немесе арызбен қозғалады. -Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдың бірлестіктердің сайл ау құқықтарын қорғау туралыарыздар бойынша іс жүргізу — Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдың бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу
Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;2) бала асырап алу туралы арыздар бойынша; 3) азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;4) азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы;5) кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы;7) азаматты заңда көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;8) азаматты туберкулезден, алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы;11) оңалту және банкроттық туралы12) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;13) азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы;14) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға берілген шағымдар бойынша;16) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы 18)шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыздар бойынша істер жатады.
18. Талап қою арызы Сотта істі қозғау. Істі сот талқылауына дайындау.
Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі. Арызда: 1) талап қою арызы берілетін соттың атауы; 2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты, оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты, оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері 4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін және талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;7) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;
Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді.Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді.Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады. Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер осы Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Азаматтық істі қарау мерзімі оның іс жүзіндегі күрделілігіне және іске қатысатын адамдардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.
20. Талап қою ұғымы, мерзімі,түрлері.
Талап құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғ анық сотқа жүгінуі.Талап субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.Талап азаматтық іс қозғау тәсілі.Сондыңтан осындай жіктелу негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:1ұйғару туралы талаптар;2мойындау туралы талаптар;3өзгертетін (құқық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған) талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптары дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы ұйғару талабы деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкерден қарызды төлеуі, пәтерді босатуы, келтірілген зардапты өтеуі). Осындай сотқа қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондыңтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы, талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы).
Өзгертетін талаптар материалдыңқұқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталран. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуынсыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі құқық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаран бала немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.
Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн. Талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Талап қою мерзiмiнiң өтуi:1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтiн күш) кедергi жасаса;2) мiндеттемелердiң бұл түрiн орындау Қазақстан Республикасы Президентiнiң жариялауымен кейiнге қалдырылуына байланысты (мораторий):3) егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшiрiлген әскери бөлiмшелер құрамында болса;4) егер әрекет қабiлеттiгi жоқ адамның заңды өкiлi болмаса;5) тиiстi қатынасты реттейтiн заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.
21. Талап арызы жəне оның реквизиттері.
Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі. Арызда: 1) талап қою арызы берілетін соттың атауы; 2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты, оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты, оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері 4) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін және талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;7) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;
Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар.
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қою арызының және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;4) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;5) дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы тәртіп заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе;6) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап қоюшының дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;7) егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері қоса беріледі. Судья талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.
І
13.Істі сот талқылауына дайындау жəне сотта талқылау мерзімдері. Істі дайындаудың міндеттері
1. Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан жəне азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы жəне дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді.
Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады жəне жасауға тиіс əрекеттерді көрсетеді.
2. Əрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мəн-жайларды нақтылау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын жəне сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мəселені шешу жəне оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;
4) əрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дəлелдемелерді айқындау;
5) тараптарды татуластыруға жəрдемдесу болып табылады.
Бірінші сатыдағы соттың азаматтық iстердi қарау жəне шешу мерзiмдерi
1. Азаматтық істі қарау мерзімі оның іс жүзіндегі күрделілігіне жəне іске қатысатын адамдардың мүдделеріне сəйкес келуге тиіс.
2. Сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде азаматтық iстерді қарайды жəне шешедi.
Жұмысқа қайтадан алу, əке болуды анықтау жəне алименттерді өндiріп алу туралы азаматтық істерді, сондай-ақ ерекше талап қою жəне ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды жəне шешедi. Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер талап қою арызы сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады жəне шешіледі. Уəкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексерудің қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады жəне шешіледі.
3. Осы Кодексте азаматтық iстердiң жекелеген санаттары үшін оларды қараудың жəне шешудің өзге де мерзiмдері белгiленуi мүмкiн.
4. Қарсы талап қою берілген істерді қарау жəне шешу мерзімінің өтуі негізгі талап қою бойынша істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.
Сот ақылға сыйымдылықты жəне жеткілілікті ескере отырып, мерзімді белгілеуге тиіс.
5. Негізгі істен бөліп алынған істі, сондай-ақ бірлесіп қарау үшін бір іске біріктірілген істерді қарау жəне шешу мерзімінің өтуі осы Кодекстің 167-бабының төртінші бөлігіне сəйкес есептеледі.
6. Осы Кодексте белгіленген тəртіппен соттың ұйғарымына шағым жасалған кезде істі қарау жəне шешу мерзімінің өтуі, талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, істі жоғары сатыдағы сотқа жіберген кезден бастап ол бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне түскенге дейін үзіледі.
22. Істі сот талқылауына дайындау: ұғымы, мақсаты, міндетттері және мерзімі.
Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді. Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді. Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;
4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;
5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады.
Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау, егер Азаматтық Процестік Кодексте және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулықтың бұзылуынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты істерден басқа айрықша қиын істер бойынша ерекше жағдайларда және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін ұсынылған мерзім өткеннен кейін бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.
23. Істі сотта талқылау (ұғымы, маңызы). Сот мәжілісінің бөлімдері.
Азаматтық істі қарау мерзімі оның іс жүзіндегі күрделілігіне және іске қатысатын адамдардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.Сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде азаматтық iстерді қарайды және шешедi.
Жұмысқа қайтадан алу, әке болуды анықтау және алименттерді өндiріп алу туралы азаматтық істерді, сондай-ақ ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi. Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер талап қою арызы сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексерудің қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі .Сот азаматтық істі талқылауды іске қатысатын адамдарды міндетті түрде хабарландыра отырып, сот отырысында жүргізеді. Төрағалық етушiнiң мiндетiн судья атқарады. Сот отырысын ашу. Төрағалық етушi сот отырысын ашады және қаралуға жататын іс туралы, сондай-ақ сот отырысында аудио-, бейнежазба құралдары пайдаланылатыны туралы хабарлайды. Процеске қатысушылардың келуiн тексеру.Сот отырысының хатшысы осы iс бойынша шақырылған тұлғалардан кiмнiң келгенiн, келмеген тұлғаларға хабар берiлгенін не берiлмегенiн және олардың келмеу себептерi туралы қандай мәлiметтердiң бар екенiн сотқа баяндайды. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуы.Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өзінің талаптарын қолдайтынын не қолдамайтынын, талап қоюшының талаптарын жауапкердің мойындайтынын не мойындамайтынын және тараптардың істі татуласу келісімімен аяқтауды немесе істі төреліктің қарауына беруді не дауды (жанжалды) медиация тәртібімен немесе заңда белгіленген басқа тәсілмен шешуді қалайтынын не қаламайтынын анықтауынан басталады. Iске қатысатын тұлғалардың түсiнiктемелерi және дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу.Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшiншi тұлғаның, олардың өкілдерінің, сондай-ақ жауапкердiң және оның тарапынан қатысатын үшiншi тұлғаның, олардың өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды. Айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін куәға жауаптылық туралы ескерту. Куәдан жауап алынғанға дейiн төрағалық етушi куәның жеке басын анықтайды, оның мiндеттерi мен құқықтарын түсiндiредi және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi. Куәдан жауап алу тәртiбi.Әрбiр куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлi айғақтар бермеген куәлар iстi талқылау кезiнде сот отырысы залында қала алмайды. Заттай дәлелдемелердi зерттеу. Сот заттай дәлелдемелердi қарайды және олар iске қатысатын тұлғаларға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда – сарапшыларға, мамандарға және куәларға көрсетiледi. Сарапшының қорытындысын зерттеу. Сарапшының қорытындысы сот отырысында жария етiледi. Қорытындыны түсiндiру және толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Iстi мәнi бойынша қараудың аяқталуы. Барлық дәлелдемелер зерттелгеннен кейiн судья iске қатысатын тұлғалар мен өкiлдерден толықтырулардың бар-жоғын анықтайды. Төрағалық етуші мұндай мәлiмдемелер болмаған жағдайда iстi зерттеу аяқталды деп жариялайды және сот жарыссөздеріне көшеді.Сот жарыссөздерi. Сот жарыссөздері іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады. Алдымен – талап қоюшы мен оның өкiлi, ал содан кейін жауапкер мен оның өкiлi сөйлейдi. Репликалар. Сот жарыссөздеріне қатысушылардың барлығы сөйлеп болғаннан кейін олар айтылған сөздерге байланысты реплика айтып, сөз сөйлей алады. Соңғы реплика құқығы әрдайым жауапкер мен оның өкiлiне тиесілі.Iстi мәнi бойынша қараудың қайта басталуы. Сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды қосымша анықтау немесе дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін істі мәні бойынша қарауды қайта бастау туралы хабарлайды. Соттың шешiм шығару үшiн шығып кетуi. Сот жарыссөздерiнен кейiн, сот актісін шығару үшін сот кеңесу бөлмесiне кетедi, төрағалық етушi бұл туралы сот отырысы залындағы адамдарға жариялайды және сот шешімі жария етілетін уақыт туралы хабарлайды.Шешiмдi жария ету.Соттың шешiмi қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейiн судья сот отырысы залында сот шешiмiнiң қарар бөлiгiн жария етедi.
25. Iстi талқылауды кейiнге қалдыру (ұғымы және негіздері). Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру (ұғымы және негіздері).
Iстi талқылауды кейiнге қалдыру.
Егер сот іске қатысатын адамдардың қайсыбiрінің келмеуi, қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажеттігі,қарсы талап қойылған кезде, өзге де процестік әрекеттер жасау қажеттігі салдарынан осы сот отырысында істі қарау мүмкін емес деп тапса, iстi талқылауды кейiнге қалдыруға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының уәкілетті органынан оның баланы Қазақстан Республикасына заңсыз алып өткендігі немесе баланың Қазақстан Республикасында ұсталып отырғандығы туралы арыз алғаны туралы жазбаша хабарлама келіп түскен жағдайда сот осы бала туралы дауға байланысты істі талқылауды отыз күнге кейінге қалдыруға міндетті. Егер бала көрсетілген халықаралық шарт осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын жасқа толмаса, хабарламаға арыздың көшірмесі қоса берілуге тиіс. Iс кейiнге қалдырылған кезде iстiң жаңа сот отырысында қаралуын және шешiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн уақыт ескерiле отырып, жаңа сот отырысының күнi белгiленедi, бұл туралы келген адамдарға қол қойдыру арқылы хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған тұлғаларға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жiберiледi.
Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті
Сот: 1) егер даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол беретін болса, азамат қайтыс болған немесе заңды тұлға қайтадан ұйымдастырылған, таратылған; 2) азамат заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған; 3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында болған немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жүрген талап қоюшы өтініш берген;4) азаматтық, қылмыстық немесе әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған; 5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің конституцияға сәйкес еместігін тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің тиісті нормативтік құқықтық актінің конституцияға сәйкес келетіндігін тексеріп жатқандығы белгілі болған;6) тараптар медиатормен медиация жүргізу туралы шарт жасасқан жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
Сот:1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындау үшін тартылған; 2) заңды тұлғалар өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын уақытта қызметтік іссапарда болған;3) заңды тұлға өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап медициналық ұйымда стационарлық емдеуде болған;4) бала асырап алу туралы істер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді тағайындаған;6) сот сараптама тағайындаған;7) сотта медиация жүргізілген немесе партисипативтік рәсім жүргізілген;8) осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайларда жауапкер және (немесе) бала іздестіруде болған жағдайларда іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.
Д
16. Дәлелдемелер және дәлелдеу.
Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін. Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, сот оны жарамды деп таниды.
Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғаныс құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелер және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімде келтіруге тиіс. Осы Кодекстің 29-тарауында (МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ, ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ, ҰЙЫМДАРДЫҢ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ) көрсетілген істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі.
17. Дәлелдемелердің қатыстылығы. Дәлелдемелердің жарамдылығы. Дәлелдемелердің анықтығы. Дәлелдемелердің жеткіліктілігі
Егер дәлелдемеде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар екендігі туралы түйіндерді растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін фактілер туралы мәліметтер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.
Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, сот оны жарамды деп таниды. Аудио-, бейнежазбалар, оның ішінде байқау және (немесе) тіркеу аспаптарымен алынғандар, фото және (немесе) киноға түсіру матералдары, электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдар жарамды дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін.Істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс мән-жайларының ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуы мүмкін емес. Егер тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме анық деп есептеледі.
К
36- Кассациялық шағым және наразылықты беру тәртібі. Кассациялық шағым және наразылықты беру мерзімі.
Наразылық келтіру
1. Себеп пен негiздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық келтіреді және оны iспен және өтiнiшхатпен бiрге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшiрмелерiн iске қатысатын адамдарға жібереді.
440-бап. Наразылықтың мазмұны
Наразылықта:
1) наразылық келтірілетін соттың атауы;
2) наразылық келтірілетін сот актiлерiне нұсқау;
3) сот актiлерi шығарылған iстiң мәнi жазылуға;
4) заңсыз сот актiсiн шығаруға әкелген материалдық не процестік құқық нормаларының елеулi бұзылуы нені білдіретініне нұсқау;
5) наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы немесе түйіндері болуға тиіс;
6) осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша наразылық келтірілген жағдайларда, наразылықта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің айрықшалығы неде екені көрсетілуге тиiс;
7) наразылыққа осы Кодекстің 439-бабының екінші бөлігі талаптарының орындалғанын растайтын құжат қоса беріледі.
436-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне дау айту, наразылық келтіру мерзiмдерi
1. Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға өтiнiшхат, наразылық берілуі мүмкін.
2. Сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, өтінішхат шағым жасау мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішті бірінші сатыдағы сот қарағаннан кейін, ал бас тартылған жағдайда – апелляциялық сатыдағы сот жеке шағымды, наразылықты, апелляциялық шағымды қарағаннан кейін кассациялық сатыдағы сотқа берілуі мүмкін.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот актілерін қайта қарау жағдайларына қолданылмайды.
4. Егер кассациялық наразылық келтiру туралы өтiнiшхат прокурорға белгiленген мерзiм сақтала отырып берiлсе, бiрақ ол бойынша шешiм қабылданбаса, кассациялық сатыдағы сот наразылық келтіру мерзiмiн ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетiлуге тиiс.
38- Кассациялық сатыдағы соттың окілеттіктері. Соттың қаулысы мен ұйғарымын кассациялық тәртіппен жою негіздері.
ӨКІЛЕТІКТЕРІ:
1. Апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымын — өзгеріссіз, ал шағымды н/е наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
2. Апелляциялық шағымның қаулысы мен ұйғарымының күшін жоюға және егер кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін дүзете алмаса, істі бірінші немесе аппелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауына жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемлердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі қайтадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуы тиіс екені туралы алдын ала шешуге құқылы емес;
3. Апеелляциялық сатының қаулысы ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және осы кодекстің 247, 249- баптарында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қараусыз қалдыруға;
4. Бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшін жоюға;
5. Егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, қаулыны өзгертуге немесе жаңа қаулы шығаруға құқылы.
Ш
27 БИЛЕТ: Шешімді орындауды кейінге қалдыру және оның мерзімін ұзарту…
238-бап. Шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, шешімді орындатуға жібергенге дейін оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту
1. Iстi қараған және шешім шығарған сот iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша тараптардың мүлiктiк жағдайын немесе басқа дәлелді себептерді негiзге ала отырып, шешiмді орындауды кейiнге қалдыруға немесе оның мерзiмiн ұзартуға, сондай-ақ оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгертуге құқылы.
Сот шешімді орындауды кейінге қалдыру, оның мерзімін ұзарту немесе орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арызды, өтінішхатты арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген арыздар сот отырысында қаралады. Iске қатысатын адамдарға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады. Көрсетілген тұлғалардың келмеуi соттың алдына қойылған мәселенi шешуге кедергi болмайды.
3. Шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту туралы, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
40- Шетел тұлғаларының қатысуымен істердегі ҚР соттарының өкілеттіктері
466-бап. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасы соттарының құзыреті
1. Егер Қазақстан Республикасының аумағында жауапкер-ұйым орналасқан болса немесе жауапкер-азаматтың тұрғылықты жері болса, шетелдік тұлғалар қатысатын істі Қазақстан Республикасының соттары қарайды.
2. Қазақстан Республикасының соттары шетелдік тұлғалар қатысатын істерді де мынадай:
1) шетелдік тұлғаның басқару органы, филиалы немесе өкілдігі Қазақстан Республикасының аумағында болған;
2) жауапкердің Қазақстан Республикасының аумағында мүлкі болған;
3) алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болған;
4) мертігумен, денсаулыққа өзге де зақым келтірумен немесе асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша зиян Қазақстан Республикасының аумағында келтірілгенде немесе талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болған;
5) мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша, зиянды өтеу туралы талап қою үшін негіз болған әрекет немесе өзге де мән-жай Қазақстан Республикасының аумағында орын алған;
6) талап қою, оның толық немесе ішінара орындалуы Қазақстан Республикасының аумағында орын алуға тиіс болған немесе орын алған шарттан туындаған;
7) талап қою Қазақстан Республикасының аумағында орын алған негізсіз баюдан туындаған;
8) некені бұзу туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болған немесе ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған;
9) ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болған;
10) дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау туралы, оның ішінде залалдарды және (немесе) моральдық зиянды өтеу туралы іс бойынша талап қоюшының Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болған жағдайларда қарайды.
3. Қазақстан Республикасының соттары басқа істерді де, егер олар заңмен және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартпен өз құзыретіне жатқызылса, қарайды.
Ү
5.Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы.
Олардың түрлері.1)Даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдейтін үшінші тұлғалар 1. Даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа да талап қою арқылы істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін процеске кірісе алады. Олар барлық құқықтарды пайдаланады жəне талап қоюшының барлық міндеттерін орындайды. 2. Сот істі сот талқылауына дайындау кезінде жəне қойылып отырған талаптар үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі туралы анық деректер болған кезде көрсетілген тұлғаларға осындай арыздың қабылданғаны
туралы хабарлайды. 3. Егер үшінші тұлға іске қатысу немесе бірінші сатыдағы сотта дербес талап қою құқығын іске асырмаса, сот істі талап қоюшының қойған талабы бойынша қарайды жəне шешеді. 2)Даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдемейтін үшінші тұлғалар 1. Даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысты олардың құқықтарына немесе міндеттеріне əсер етуі мүмкін болса, бірінші сатыдағы сот іс бойынша шешім шығарғанға дейін талап қоюшының немесе жауапкердің жағында процеске кірісе алады. Олар тараптардың жəне іске қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысуға тартылуы мүмкін. 2. Сот істі сот талқылауына дайындаған жəне қойылған талаптар үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі туралы анық деректер болған кезде көрсетілген тұлғаларға осындай арыздың қабылданғаны туралы хабарлайды. Даудың нысанасына дербес талабын мəлімдемейтін үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы шешімді сот істі сот талқылауына дайындау сатысында қабылдайды, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда немесе сот отырысында ұйғарыммен көрсетіледі, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі. 3. Дербес талаптарын мəлімдемейтін үшінші тұлғалар процестік құқықтарды пайдаланады жəне өзі қай тараптың жағында қатысса, сол тараптың процестік міндеттерін атқарады. Көрсетілген тұлғалар талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талаптардың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талап қоюдан бас тартуға, талап қоюды тануға, татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісім не дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісім жасасуға, қарсы талап беруге, соттың шешімін мəжбүрлеп орындатуды талап етуге құқылы емес. Дербес талабын мəлімдемейтін үшінші тұлға іске кіріскен кезде осы тұлғаға іс материалдарымен, оның ішінде іске қатысатын адамдардың бұрын берген түсініктемелерімен танысу мүмкіндігі беріле отырып, істі қарау жалғастырылады.
П
10.Процессуалдық мерзімдер.
121-бап. Процестік əрекеттер жасау мерзімдері
1. Процестік əрекеттер осы Кодексте белгіленген процестік мерзімдерде жасалады.
2. Егер процестік əрекеттер жасауға арналған мерзім осы Кодексте белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды. Сот тағайындайтын процестік мерзім процестік əрекеттер жасау үшін ақылға қонымды жəне жеткілікті болуға тиіс.
122-бап. Процестік мерзімдерді есептеу
1. Процестік əрекеттер жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіле отырып, дəл күнтізбелік күнмен айқындалады немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен айқындалады. Соңғы жағдайда əрекет бүкіл кезең ішінде жасалуы мүмкін.
2. Кезеңмен айқындалатын процестік мерзімнің ағымы оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.
123-бап. Процестік мерзімдердің аяқталуы
1. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында жəне күнінде бітеді.
2. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы тиісті айында бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сəйкес келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.
3. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді.
4. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сəйкес келген жағдайда жылдармен, айлармен жəне күндермен есептелетін мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
5. Жасалуына мерзім белгіленген процестік əрекет мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін поштаға, телеграфқа тапсырылса немесе өзге де байланыс құралдары арқылы берілсе, онда мерзім өткізіп алған болып есептелмейді.
6. Егер процестік əрекет тікелей сотта жасалуға тиіс болса, онда мерзім сотта белгіленген ішкі тəртіптеме қағидалары бойынша жұмыс аяқталатын сағатта бітеді.
7. Осы бапта көзделген процестік мерзімдерді есептеу тəртібі сотқа берілетін электрондық құжаттарға да қолданылады.
1. Процестік əрекеттерді жасау құқығы осы Кодексте белгіленген немесе сот тағайындаған процестік мерзімнің аяқталуымен жойылады.
2. Процестік мерзімдер аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы мəлімделмесе, сот оларды берген адамға қараусыз кері қайтарады.
3. Процестік мерзімнің өтуі іске қатысатын адамды процестік міндеттерін орындаудан босатпайды.
125-бап. Процестік мерзімдерді тоқтата тұру
1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұрумен бірге барлық өтпеген процестік мерзімдердің жүруі тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодексте көзделген негіздер бойынша тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған күннен басталады.
2. Сот іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап процестік мерзімдердің жүруі жалғасады.
126-бап. Процестік мерзімдерді ұзарту жəне қалпына келтіру
1. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады.
2. Егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дəлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.
3. Сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін процеске қатысушының мүмкіндігін шектейтін заңды не сот актілерін сот бұзған жағдайда (іске қатысатын адамға сот актісінің көшірмелерін уақтылы жібермеуі; егер сот актісі адам білетін тілге аударылмаса, сот ісін жүргізу тілін білмеуі; құқық мирасқорлығын дұрыс ресімдемеуі), сондай-ақ оған уақытында шағым жасауға немесе наразылық білдіруге кедергі болған өзге де мəн-жайлар болған кезде сот актілеріне шағым жасау, наразылық келтіру үшін осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруге міндетті.
4. Өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арыз арыз иесіне өзінің құқықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған күннен бастап бір айдан кешіктірмей процестік əрекеттер жасалуға тиісті сотқа беріледі. Арыздың қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысатын адамдар хабарландырылады, алайда олардың кез келгенінің келмеуі арыздың қаралуына кедергі келтірмейді.
5. Мерзімді қалпына келтіру туралы арыз берумен бір мезгілде құқықтарды қорғау туралы талап берілуге, мерзімді өткізіп алу себептерінің дəлелділігін растайтын құжат ұсынылуға тиіс.
6. Соттың өткізіп алған процестік мерзімді ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық тəртіппен шағым жасалуы жəне наразылық білдірілуі мүмкін.
7. Соттың процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
М
12. Мəжбүрлеу шаралары.
1) сот отырысы залынан шығарып жіберу (іске қатысатын тұлғалар, сондай-ақ, куə, сарапшы, маман не аудармашы сот отырысындағы тəртіпті бұзған жағдайда ескерту жарияланғаннан кейін төрағалық етуші оны бүкіл істі қарау кезіне немесе істі қарау кезеңінің белгілі бір бөлігінде сот отырысы нан шығартып жіберуге құқылы);
2) мəжбүрлеп əкелу (соттың қаулысы бойынша ішкі істер органдары сот отырысына қатысуы міндетті болып танылған тұлғаларды сотқа мəжбүрлеп əкелу арқылы жүзеге асыратын, сотқа дəлелді себептерсіз келуден жалтару үшін қолданылатын шара);
3) ескерту (тəртіпті бұзатын не сот отырысының қалыпты өтуіне өзге де тəсілмен кедергі туғызатын немесе Азаматтық процестік кодекс ережелерін басқаша бұзатын тұлғаға сот отырысына төрағалық етуші тұлға сотқа құрметтемеушілік танытқандағы үшін əкімшілік жауапкершілік көзделгендігі, сондай-ақ осы Кодекстің ережелерін бұзуға рұқсат етілмейтіндігі туралы ескертеді);
4) сот айыппұлы.
Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі жобасында жасалған іс-əрекеттер үшін əкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген жағдайларда сот айыппұлдарын соттар салатындығы көзделген.
Ж
39-Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарауға негіздер.
455-бап. Қайта қарау негіздері
1. Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған, бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін айтарлықтай маңызы бар заңды фактілер шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздер болып табылады.
2. Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін:
1) заңды күшіне енген сот үкімімен, қаулысымен, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қаулыларымен анықталған куәгердің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
2) заңды күшіне енген сот үкімімен, қаулысымен, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қаулыларымен анықталған тараптардың, іске қатысатын басқа да адамдардың не олардың өкілдерінің қылмыстық құқық бұзушылығы немесе судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы;
3) осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің, ұйғарымының немесе қаулысының не өзге де мемлекеттік орган қаулысының күшін жою негіздер болып табылады.
3. Жаңа мән-жайларға:
1) істі қарау және шешу кезінде преюдициалдық маңызы болған сот актісінің күшін жою;
2) сот актісі шығарылғанда негізге алынған мәмілені жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң сот актiсi шығарылған кезде қолданылған заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді конституциялық емес деп тануы жатады.