Әуезхан Қодар

Әуезхан Қодар

Ақын, аудармашы, әдебиет зерттеуші, драматург Әуезхан Қодар 1958 жылы 12 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы совхозында дүниеге келген.
1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1982-1985 жылдар аралығында Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, заңгер болып жұмыс жасаған. Тұңғыш шығармалары 1985 жылдан республикалық және одақтық баспасөзде жариялана бастады.
1986 жылы республикалық шығармашылық жастар «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды. 1989-1994 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі бас редакцияда орыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылдан бері Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1995-1997 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының көркемдік кеңесінің мүшесі. 1997-1998 жылдар аралығында Неміс театр академиясында философия тарихынан сабақ берді. 1999 жылдар бері «Тамыр» журналының бас редакторы. 1999-2001 жылдар аралығында СоросҚазақстан халықаралық қорының Басқарма мүшесі. Философия ғылымдарының кандидаты.
Туындыларын қазақ және орыс тілінде жазды. «Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының, «Қанатты өрнек», «Абай Құнанбаев», «Қанағат қағанаты» жинағының, «Еске алмау шеңбері», «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» кітаптарының авторы. Орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған. Қазақ тіліне Е.Замятиннің «Атилла» драмасын, М.Хайдеггер мен Х.Гасеттің философиялық жұмыстарын, К.Швиттерстің өлеңдерін аударған. «Батыс философиясы антологиясының» авторы және ұйымдастырушысы. 1998 жылы «Астана» медалімен марапатталған. 2006 жылы «Парасат» орденінің иегері.
2016 жылы 59 жасқа қараған шағында Әуезхан Қодар дүние салды.

Әдебиеттер:
Қодар Ә. Қанағат қағанаты: Өлеңдер және ойтолғаулар жинағы / Ә. Қодар; Ред: Кәрімова З.- Алматы: Шабыт», 1994.- 111 бет.
Қодар Әуезхан //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық — Алматы: «Аруна», 2005.- 326 б.
Қодар Әуезхан //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 235-236 б.
Қодар Әуезхан //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 185 б.
Қодар Әуезхан //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 313 б.
«Тамыр»: ҚР Ұлттық кiтапханасында ақын, мәдениеттанушы, аудармашы
Ә. Қодардың интеллектуалды клубы «Тамыр» мәдени журналының таныстырылымы өткiзiледi. // Қазақ әдебиетi.- 2016.- 7-13 қазан (№ 39).- 6 б.
Амантай Д. Көшпелi жауынгер ақын: [Қазақ жаугершiлiк дәуiрiнiң тұяғы Әуезхан Қодар жырау жайында айтылған көне жазбалардан] // Жас Алаш.- 1998.- 16 желтоқсан
Аташ Б. «Тамырдың» «алтын асығы»: Сыншы, ақын Әуесхан Қодар туралы // Қазақ әдебиетi.- 2015.- 23 — 29 қаңтар (№ 3).- 5 б.
Әуезхан әлемі: Әуезхан Қодардың «Жазық дала ілімі» атты монографиясы жайлы
// Алматы ақшамы.- 2003.- 13 мамыр
Әуезхан Қодар: Ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушiсi, драматург Әуезхан Қодар дүние салды.// Егемен Қазақстан.- 2016.- 12 шiлде (№ 131).- 7 б.
Әуезхан Қодар — «Триумф» сыйлығын алды // Қармақшы таңы.- 2014. — 20 наурыз. — №
23. — 1 б.
Әуезхан Қодарға: Өлең // Алматы ақшамы.- 2016.- 12 шiлде (№ 82).- 10 б.
Бектібайқызы Б. Қарағайға біткен қарсы бұтақ: Ақын Әуезхан Әбдіраманұлы Қодар жайлы. / Б. Бектібайқызы. // Тіл сақшысы.- 2016. — 1-15 қыркүйек (№ 17). — 5 б.
Бұлұтай М. Дiнiм ислам, тәңiрiм — аллаһ. Қай ата-бабамыз тәңiршiлдiктi ұстанып едi?!: Әуезхан Қодардың «Жас Алаш» газетiнде ( N 846 18.10.2007 ж.) жарияланған сұхбатының дiнге қатысты бөлiгi туралы. // Қазақ әдебиетi.- 2008.- 11-17 қаңтар (N 1).- 12 б.
Байбол Ә. Әуезi бөлек Әуезхан: Ақын, аудармашы Ә. Қодар туралы. // Қазақ әдебиетi.- 2016.- 19 — 25 тамыз (№ 31).- 23 б.
Елғондинова З. Ақын құпиясы: Ақын Әуезхан Қодардың поэзиясы туралы. // Әдебиет айдыны.- 2007.- 6 маусым (N 22).- 4 б.
Елеусінов Б. Омыраудан үзілді түйме ғұмыр: Философия ғылымдарының докторы Әуезхан Әбдіраманұлы Қодар жайлы. / Б. Елеусінов.// Қармақшы таңы.- 2016. — 23 шілде (№ 57). — 3 б.; Сыр бойы.- 2017. — 7 қаңтар (№ 2/3). — 5 б.
Елубай О. Жазушымен дидарласты: Өскеменде жазушы, драматург, мәдениеттанушы, аудармашы , Философия ғылымд канд.Қаз. Жазушылар одағының мүшесі ,Парасат» орденінің иегері Әуезхан Қодармен кездесу өтті / О. Елубай. // Егемен Қазақстан.- 2009.-6 қазан.
Жаны жомарт, жүрегi таза қайраткер едi: Жазушы, философия ғылымдарының канидаты Ә. Қодар дүниеден өттi. // Алматы ақшамы.- 2016.- 12 шiлде (№ 82).- 10 б. Кенжеева А. Туған елдің перзенті: Ақын, аудармашы Әуезхан Қодар 55 жаста / А. Кенжеева.// Қармақшы таңы.- 2013. — 29 маусым. — 3 б.
Қодар Ә. Дәстүрлі дүниетанымымыздан ажырамағанымыз жөн: Мәдениеттану және өнер институтының директоры Ә.Қодармен сұхбат /Сұхб. Р.Рахымқызы // Жас Алаш. —
2007. — 18 қазан
Қодар Ә. Жетi таудан аспасақ…: [Ақын,жазушы, аудармашының сухбаты / Әңг. Т.Жақып, А.Кiрқабақов] // Денсаулық. — 1996.- N11. — 22-24 б.
Қодар Ә. Маған қазақы орта жат боп кетті. Мәдениеттанушы Ә.Қодармен әңгіме
/Әңг. А.Аханбайқызы //Айқын. – 2005. – 16 шілде
Мамай Ж. Қодаңда, Ә.Қодар, қодаңда: Ғалым, әдебиетшi Ә.Қодар орыс ұлтының жоғын жоқтаған // Жас Алаш.- 2011. — 28 маусым (№ 50). — 2 б.
Мерей М. Талантты, тағдырлы қаламгер: Жазушы Әуезхан Қодар жайлы./ М. Мерей. // Сыр бойы.- 2016. — 18 тамыз (№ 124). — 4 б.
Оңғарсынова Фариза. Талантты тiрiсiнде қадiрлей алсақ… // Қазақ әдебиетi.- 2007.- 28 қыркүйек — 4 қазан (N 39). — 8 б.
Смағұлқызы Т. «Мен түс пен қиялдың ортасында өмiр сүрдiм»: Мәдениеттанушы, аудармашы, әдебиетшi Ә.Қодар туралы. // Заң газетi.- 2006. — 28 желтоқсан (N 222).- 11 б. Толқынқызы Т. Қос тілде жазатын ақын : Ақын, аудармашы, мәдениеттанушы Әуезхан Қодар туралы / Т. Толқынқызы // Айқын.- 2007. — 6 қазан. – 5 б.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *