Ұзақ Еспанов

Ұзақ Еспанов 1928 жылы 15 желтоқсанда Жалағаш ауданының қазіргі Мақпалкөл ауылында дүниеге келген. 1944 жылы еңбек жолын осы шаруашылықта колхозшы болып бастаған. 1951 жылы Қызылорда педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін, 1963 жылы Қазалы ауылшаруашылығы техникумын бітірді.
1951-1953 жылдар аралығында «Қызыл Октябрь», «Бірінші май» мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, директор болып қызмет істеген. 1953-1963 жыл аралығында Жалағаш аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінде, 1963-1969 жылдары Қазақстанның ХХ жылдығы, Жамбыл атындағы колхоз басқармаларының төрағасы, 1961-1991
жылдары «Мәдениет», Қазақстанның Ленин комсомолы атындағы совхоздардың директоры болып қызмет атқарған.
1972 жылы Ұзақ Еспанов басқарған «Мәдениет» совхозы бесжылдық жоспарды үш жыл ішінде орындап, үкіметке 131 мың центнер күріш өткізген.
1991 жылы зейнеткерлікке шығып, 1992-2009 жылдары аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.
1985 жылы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесіне депутат, Бірнеше мәрте аудандық, облыстық кеңестерінің депутаты, партия комитетінің мүшесі болып сайланған. 1953, 1960, 1978 жылдарда өткен Республика мұғалімдерінің, 1976 жылы Қазақстан Компартиясы ХІҮ съезіне делегат болды. КСРО, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестерінің құрмет қағаздарымен марапатталды.
Елге сіңірген еңбектері үшін Ұзақ Еспановқа 1973 жылы 10 қазан күні Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ленин, Октябрь революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту ордендері және 10-нан астам әртүрлі үкімет медальдарымен марапатталған.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1974 жылдан Жалағаш кентінің, 1998 жылдан Жалағаш ауданының құрметті азаматы. 2011 жылы 6 желтоқсанда облыстық мәслихат шешімімен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2013 жылы Ұзақ Еспановқа автокөлік кілті тапсырылды.
2014 жылы 4 қарашада Ұзақ Еспанов дүниеден озды.

Әдебиеттер:
Еспанов Ұ. Көңілім көктем / Ұ.Еспанов. – Қызылорда, 2002. – 215 б.
Еспанов Ұ. Сыр күріші – ел ырысы / Ұ.Еспанов.- Алматы: Қайнар, 1974.- 140 б.:
Суретті.
Еспанов Ұ. Шуақты күн: жыр жинағы / Ұ.Еспанов. – Қызылорда: Полиграфия Баспа Үйі, 2006ж. – 206 б.
Адисұлы Т. Аңыз адам // Қарттарын қадірлеген қасиетті өңір: Деректі, суретті кітап. — Қызылорда: Полиграфия, 2013.- 51-55 б.
Еңбегімен елеулі жан: Социалистік Еңбек Ері Еспанов Ұзақ жайлы // Қарттарын қадірлеген қасиетті өңір: Деректі, суретті кітап. — Қызылорда: Полиграфия, 2013.- 50-51 б.
Еспанов Ұзақ //Аламесек энциклопедиясы.- Қызылорда: Қызылорда- Қанағаты, 2015.
– 115 б.
Еспанов Ұзақ // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 209 б.
Ұзақ Еспанов //Дайрабай Т. Сыр перзенттері. – Алматы: Арыс, 2010. – 182 б.
Ұзақ Еспанов: Өмірбаяны //Жүректегі жауһарлар: Сыр елі ақын-жазушылар шығармаларының жинағы. – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 89 б.
Ұзақ Еспанов //Тіл тірегі – Сыр елі. – Қызылорда: Тұмар, 2011. – 178 б.
Әлиасқаров Ә. Диқан: Соц. Еңбек Ері Ұ.Еспановқа арналған өлең //Әлиасқаров Ә.
Шығармалары: Өлеңдер мен толғаулар, поэмалар.- Астана: Фолиант, 2008.- 115-117 б.-
(Сырдария кітапханасы)
Абзал азамат, абыз аға: Қазанама // Сыр ардагері.- 2014. — 14 қараша (№ 22). — 3 б.
Айбосынов Ш. Ақын аға, батыр аға: Соц. Еңбек Ері, ақын Ұ.Еспанов туралы //Жалағаш жаршысы. – 2008. – 20 қырк.
Айбосынов Ш. Еңбек Ері / Айбосынов Ш. // Жалағаш жаршысы.- 2015. — 4 қараша (№87). — 3 б.
Айбосынов Ш. Ескінің көзі: Ақын, Еңбек Ері Ұзақ Еспанов 80 жаста //Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 қаңтар. – 10 б.
Айбосынов Ш. Меңіреу өлім арамыздан халқымыздың қалаулы сүйікті ұлы, Еңбек Ері Ұзақ Еспанов ағамызды алып тынды / Айбосынов Ш. // Жалағаш жаршысы.- 2014. — 5 қараша (№ 83). — 3 б.
Айбосынов Ш. «Шуақты күнге» айтарымыз: Ақын, батыр Ұзақ Еспановтың «Шуақты күн» атты кітабы жайлы / Ш.Айбосынов // Жалағаш жаршысы. – 2011. – 9 қараша. – 4 б.
Аңсатов С. Баянды бақыт иелері: Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспанов пен оның жары Дәмеш Әйтпенбетқызы жайлы / Аңсатов С. // Сыр бойы.- 2015. — 29 қазан (№ 163). —
3 б.
Аңсатов С. Өмір жолы өнеге / Аңсатов С. //Сыр ардагері.- 2015. — 4 қараша (№21). —
3б.
Аңсатов С. Ұзекеңнің еңбегі — адамгершілігінің өлшемі / Аңсатов С. // Сыр бойы.- 2014. — 6 қараша (№ 164). — 7 б.
Әбдіразақов Б. Азамат ажары: Социалистік Еңбек Ері Еспанов Ұзақ жайлы / Б.Әбдіразақов // Социалистік Қазақстан.- 1974. – 17 апрель
Әбдіхалықов Т. Ұрпағының алдында ұлағатымен дараланған тұлға / Т.Әбдіхалықов // Жалағаш жаршысы.- 2014. — 5 қараша (№ 83). — 3 б.
Әлиев С. Көкірегі шежіре, қазыналы қариямыз еді / С. Әлиев // Жалағаш жаршысы.- 2014. — 5 қараша (№ 83). — 3 б.
Әміреұлы М. Туған жердің туындай еді: Соц.Еңбек Ері Ұзақ Еспанов жайлы./ М. Әміреұлы. // Сыр ардагері.- 2016. — 15 қараша (№ 23). — 2 б.
Әміреұлы М. Туған жердің туындай еді…: Сыр өңірінің санаулы саңлақтарының бірі — Ұзақ Еспанов жайлы. / М. Әміреұлы. // Жалағаш жаршысы.- 2017. — 18 ақпан (№ 13). — 4 б. Бақтиярұлы М. Өмір төрінде: Социалистік Еңбек Ері Еспанов Ұзақ жайлы / М.Бақтиярұлы // Сыр бойы. – 2012. – 28 сәуір. – 8 – 9 б.
Бекбергенова Р. Бәйгені қолдан бермедің: Ұзақ Еспановқа арналған өлең //Ленин жолы. – 1970. – 8 октябрь
Бертаев С. Ардагер аға, қадірменді қартым: Ақын, Еңбек Ері Ұзақ Еспанов 80 жаста //Жалағаш жаршысы. – 2008. – 12 қараша
2013 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен марапатталғандар: Ұзақ Еспановқа автокөлік кілті тапсырылды // Сыр бойы.- 2013. — 13 қазан (№152/153). — 1-2 б.
Еңбек ерлерінің даңқы арта берсін!: СССР Жоғарғы Советі Президиумының указы // Лениншіл жас.- 1973. – 11 декабрь
Еспанов Ұ. «Азамат көкжиегін кеңейтетін еңбек»: Еңбек Ері, ардагер Ұ.Еспановпен әңгіме /Сұхб. Қ.Мырзахметұлы //Сыр бойы. – 2008. – 4 қазан
Жалғасбаев Е. Екi ғасырдың куәгерi: Соц. Еңбек Ерi, ақын Ұзақ Еспановтың туғанына — 80 жыл //Сыр бойы.- 2008. — 11 қараша. — 4 б.
Жалғасова Е. Екі ғасырдың куәгері: Ақын, Еңбек Ері Ұзақ Еспанов 80 жаста //Сыр бойы. – 2008. – 11 қараша. – 4 б.
Қазанбаева Ш. Халқының қадірлісі еді / Ш.Қазанбаева // Сыр бойы.- 2014. — 6 қараша (№ 164). — 7 б.
Қаюпов Б. Өнегелі өмір / Б.Қаюпов // Сыр бойы.- 2014. — 6 қараша (№ 164). — 7 б.
Қош бол, қазыналы қария! // Тіл сақшысы.- 2014. — 1-15 қараша (№ 46). — 7 б.
Лайықтыларға құрмет: Облыстық мәслихат шешімімен аймақтың әлеуметтікэкономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы берілді – Соц. Еңбек Ері Ұзақ Еспановқа // Сыр бойы.- 2011. — 15 желтоқсан. — 2 б. Молдағалиев Т. Ұзақ аға / Т.Молдағалиев //Сыр бойы.- 2014. — 6 қараша (№ 164). — 7 б. Омаров Ф. Директор: «Мәдениет» совхозының директоры, Социалистік Еңбек Ері
Ұзақ Еспановқа арналған өлең / Ф.Омаров // Жаңадария.- 1977. – 12 ноябрь
Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспанов: Қазанама // Жалағаш жаршысы.- 2014. — 5 қараша (№ 83). — 3 б.
Сыдық Қ. «Өмірді азды-көпті шайқап едік…»: Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспанов жайлы //Ақмешіт апталығы. – 2000. – 30 маусым
Сыр өңірінің айтулы азаматы: Ақын, Еңбек Ері Ұзақ Еспанов 80 жаста //Жалағаш жаршысы. – 2008. – 8 қараша
Тәшенов Т., Сәдібеков А. Жұлдыздар жерде де жарқырайды: Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспанов жайлы //Ақмешіт апталығы. – 1998. – 4 желтоқсан.
Тоқмағамбетов А. Ақ күріш туралы аңыз: «Мәдениет» совхозының директоры,
Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановқа арналған өлең / А.Тоқмағамбетов //Социалистік Қазақстан.- 1974. – 5 январь
Ұзақ Еспанов: Қазанама // Егемен Қазақстан.- 2014. — 6 қараша (№ 217). — 11 б.; Сыр бойы.- 2014. — 6 қараша (№ 164). — 7 б.
Шаухаманов С. Елге еңбек етудің ерен үлгісі / С.Шаухаманов // Сыр бойы.- 2014. — 6 қараша (№ 164). — 7 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *