Темір Камалов



Камалов Темір 1898 жылы 10 қарашада Тереңөзек ауданы, Қараөзек ауылында дүниеге келді. Перовскідегі (Қызылорда) түземдік мектепті, Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын бітірген. 1919-1928 жылдары Перовск (Қызылорда ) уездік және қалалық партия органдарында, 1928-1937 жылдары Ташкент, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жауапты қызметтерде істеп, Орталық халық шаруашылығы Кеңесі тексеру комиссиясының төрағасы, Қазақстан астық және мал шаруашылығы өнімдерін дайындау Одағының басшысы қызметтерінде болды. 1937 жылы
Қостанай облысы партия комитетінде Кеңестік сауда бөлімінде
меңгеруші болып қызмет істеп жүргенде, жазықсыз жаламен тұтқындалып, 1938 жылы 28 ақпанда саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1958 жылы КСРО Жоғары Әскери сот алқасы шешімімен ақталды.

Әдебиеттер:
Камалов Темір //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері — Алматы: 2009.75 б. — (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
Камалов Темір //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған – Алматы: 2005. — 257б.
Камал Теміров //Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре / Құраст. Т.Дайрабай – Алматы: 2009.- 134б.
***
Ақтөреева Г. Алаштың арыстары: Қуғын-сүргін құрбандары жайлы. / Г. Ақтөреева.
// Сыр дидары.- 2016. — 23 қыркүйек (№ 35). — 5 б.
Әлмашев Ж. Елім деп соққан жүрегі //Ленин жолы.-1990.- 6 маусым
Әшірбеков Қ. Бір үзік сыр: Партия қайраткері Темір Камаловтың өмір жолы //Ленин жолы.-1989.-8 июль
Әшірбеков Қ. Өмір жолы өнеге: Репрессия құрбандары Иса Тоқтыбаев пен Темір
Камалов туралы //Еңбек туы.-1989.-19 сентябрь
Исаев М. Арманда кеткен бір боздақ //Ленин жолы.-1990.-13 желтоқсан
Құдайбергенов Қ. Қазақтың біртуар ұлы: Темір Камалов-100 //Сыр бойы.-1998.-9 маусым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *