Омар Шораяқұлы (22 қазан 1878, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы – 14 маусым 1924, сонда) – ақын. Омар он жеті жасқа дейін өз ауылындағы Алдашбай деген молдадан оқып, мұсылманша білім алады. Кәсіп іздеп 1896 жылы Қазалы қаласына келіп, Нәмекей Болташев деген татар саудагеріне жалданады. Сонда тоғыз жыл бойы жалшылықта жүргенде ауруға шалдығып, 1905 жылы туған аулына келеді. Он алты алты жасынан бастап өлеңді ауызша да, жазып та шығарған. Шығармаларының ішінде көптеген толғау, терме, тақпақ, өсиет, мысалдармен қатар он бестен аса дастаны («Қара шекпен», «Жарлы тәліп», «Кедей», «Тау елі» т.б.) және Қарасақал Ерімбет ақынмен жазып айтысқан айтыс өлеңі бар.
Алғашқы өлеңдерінде (“Сөйле, тілім, жосылып”, “Шығарған сөзім шырайлы”, “Өмір өрнектері”, т.б.) ақындық пен сөз өнерін жырға қосты. “Аталық кеңес”, “Жастарға өсиет” өлеңдерінен ұлттық тәлім-тәрбие тағылымы танылады. Діни тақырыптағы “Барамыз байтақ орынға”, “Әмманың ажал тағдыр мұрасындай”, “Айналайын атыңнан”, “Әуелі аспан менен жер жараттың”, “Жәрдемші Жаппар атты жалғыз еге”, т.б. жырлары мұсылмандықты насихаттап, адамгершілікпен имандылыққа уағыздайды. Омар мысал жанрында “Бір пияла май”, “Қойшы мен ұры”, т.б. туындылар жазды. Оның адалдықты үлгі ететін (“Жарлы Тәліп”, “Қара шекпен”), әйел махаббатының құдіретін ұлықтайтын, зұлымдықтың зардабын сөз еткен (“Үш күлше”) дастандарымен қатар ислам дінінің қалыптасуы мен таралуын қамтитын, діни-ағартушылық бағыттағы “Мұхаммед”, “Мағауия”, “Хақ Сүлеймен”, “Калимулла”, “Әбу Шахыма” сияқты жыр дастандары сақталған. “Тау еліне” атты тарихи хат-дастаны – қазақтың мәдени дәстүрінің өркендеуін мазмұндаған эпикалық шығарма.
Жұмбақ өлеңдері көп. Кезінде Жүсіп Таубайұлы, Қарасақал Ерімбет («Айтыс», 2т,1963), Нұрмахан, Заубай, Шәкей салдармен айтысқан. Ақын «Болысқа», «Қойшы мен ұры», «Аталық кеңес», «Жастарға өсиет», т.б. өлеңдері бар.
Омар шығармалары туралы алғаш М.Байділдаев “Ақындар творчествосы” (1959) атты кітабында жазды. Ақын өлеңдері “XX ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары” (1963), “Үш ғасыр жырлайды” (1965), “Айтыс” (1965, 2-т.), “Бес ғасыр жырлайды” (1985, 3-т.), “Ай, заман-ай, заман-ай” (1991), “Қазақ поэзиясының антологиясы” (1993), «Қасиетті Қармақшы» (2003), «Ғасырлар толқыны» (2004) жинақтарында жарияланған. «Шайыр» (1984, құрастырып, алғы сөзін жазған М.Байділдаев) деген атпен жеке кітабы жарық көрген.
Әдебиеттер:
Шораяқтың Омары. Сөйле, тілім, жосылып: Өлеңдер, дастандар, айтыстар / Шораяқтың Омары; Құраст. Әбжан Айсауытов.- Алматы: Рауан, 1995.- 301 бет.
Шораяқов Омар. Шайыр: Өлеңдер, дастандар, айтыстар / Шораяқов Омар; Құраст. М. Байділдаев.- Алматы: Жазушы, 1984.- 176 бет.
Шораяқтың Омары. Шығармалары: Терме-толғаулар, өсиет-мысалдар, айтыстар мен дастандар / Шораяқтың Омары; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 336 б.-(Сырдария кітапханасы)
Шораяқұлы О. Жастарға өсиет (Ташкентте оқып жүрген Шайхыға): Өлең / Шораяқұлы О. // Ана тілі.- 2014.- 4-10 қыркүйек (№ 35).- 1 б.
Шораяқтың Омары: «Қай жерде болмай жатыр қазақ күлкi?!»: [Ақын О.Шораяқовтың жаңадан табылған туындылары / Алғы сөзiн жазған М.Қаржауов] // Ана тiлi.- 1994. — 7 шiлде.- 5 б.
Қаржауов М.Ә. Шораяқтың Омарының әдеби мұрасы: Филология ғыл. канд. дисс. автореф. / Қаржауов М.Ә.- Алматы, 1996.- 24 б.
Омар Шораяқов: Өмiрi мен творчествосы туралы анықтама // Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық.- Алматы, 1984.- Т.3.- 244 б.
Омар Шораяқұлы //Жыр маржаны: Қазақ поэзиясының антологиясы.- Алматы: Mereke baspasy, 2014. – Т.2. – 451-462 б.
Омар Шораяқұлы //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы:
«Аруна Ltd.» ЖШС, 2005. – 407-408б.
Омар Шораяқұлы //Қазақ ССР: 4 томдық қысқаша энциклопедия. – Алматы,1989. – Т.4. – 465 б.
Шораяқтың Омары //Жырау. – Қызылорда: Тұран, 2005. – 15-16б.
Шораяқтың Омары //Иманғалиев С. Астаналардағы көшелер=Улицы столиц=Streets of capitals. — Алматы: Полиграфкомбинат» ЖШС, 2013.- 168 б
Шораяқтың Омары //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері=Улицы Кызылорды=The streets of Kyzylorla.- Алматы,2009.- 146 б.
Шораяқтың Омары //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған.
– Алматы, 2005. — 526 б.
Шораяқтың Омары //Сыр сүлейлері: ХІХ ғасырда өмір сұрген сырбойылық ақынжыраулардың ілгеріде жарияланбаған шығармалары. – Қызылорда, 2003.- 259-271 б.- (Мәдени мұра)
Дәрімбетов Б. Ақталған аманат: О.Шораяқовтың «Жазушы» баспасынан 1984 ж. шыққан «Шайыр» өлеңдер жинағына сын / Дәрімбетов Б. // Жұлдыз.- 1985.- N10.- 194195б.
Еңсегенов Т. Таңба талант: Сыр бойының ақыны Омар Шораяқұлының творчествосы туралы / Еңсегенов Т. // Ленин жолы.- 1986.- 31 янв.
Ерәлиев Ш. «Шарайна, қалды белдік алтын кісе..»: Шораяқтың Омарының «Шайыр» жинағына талдау //Ленин жолы. – 1990. – 18 желтоқсан
Жақсығұлов С. Омар Шораяқұлы шығармаларының көне дастандармен байланысы //Ақиқат. — 2010. — № 11.- 130-131 б.
Жанәділов Н. Ақын көңіліндегі күнгей: Сыр сүлейі Шораяқтың Омары туралы /
Н.Жанәділов //Сыр бойы.- 2007.-17 ақпан.
Жұматаева С. Өмірлік жырлар: Ақын Омар Шораяқұлының туғанына — 135 жыл / Жұматаева С. // Қармақшы таңы.- 2013. — 1 маусым. — 3 б.
Қарағұлов Ә. Ойға қонбаған сөз — оңғақ: Ақын Омар Шораяқұлының өлеңжырларының ерекшелiктерi және «Ел аузынан» деген материалда жiберiлген кемшiлiктер туралы // Қазақ әдебиетi.- 1985.- 26 июль.- 7 б.
Қаржауов М. Дүр Омар //Парасат. – 1995. — № 9. – 22 б.
Қаржауов М. Дүр Омар //Сыр бойы. – 1993. – 26 қазан
Қоңыратбаев Ә. Өсиет — өнеге: О.Шораяқовтың «Жазушы» баспасынан 1984 ж. шыққан «Шайыр» өлеңдер жинағына сын // Қазақ әдебиетi.- 1985.- 17 май.- 6-7 б. Молдахметов Қ. Ақын Шораяқтың Омарының бейнесі мен ұрпақтары //ТұранҚазалы. – 2008. – 9 ақпан
Омаров Қ. Архивте қалған асыл сөз: Ақын Шораяқтың Омарының шығармашылығы туралы //Тұрмағамбет. – 2011. — №2. – 88-90 б.
Тебегенов Т. Шабытты жылдар маздағы: Омар Шораяқұлының шығармашылығы туралы //Заман-қазақстан. – 1995. – 3 қараша (№41). – 7 б.; 10 қараша (№42). – 7 б.
Шораяқов Омар (1878-1924) // Алматы ақшамы.- 2002.- 23 қараша (N 132).- 5 б. Шораяқтың Омары: Сыр сүлейінің бірі Омар Шораяқов жайлы // Ақиқат.- 2011. — №11. — 109 — 110 б.