Мархабаев Абдул-Хамид

Мархабаев Абдул-Хамид 1938 жылы 18 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ауан ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі) бітірген. «Білім және еңбек» («Зерде) журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі (1964–1967), Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің ассистенті, аға мұғалімі, доценті (1967–1976), «Білім және еңбек» журналының бас редакторы (1976–1985), «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясының аға редакторы (1981– 1982), Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі (1985–1987) болып істеген. Көп жылдан бері ҚазМҰУ-да ұстаздық қызметте. Филология ғылымдарының кандидаты (1972), докторы (2001), журналистика факультетінің доценті (1975), профессоры (1997).
1959 жылдан республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласында әңгіме-повестер жаза бастады. «Ғарыштағы қымыз» атты тұңғыш жинағынан (1972) бастап, «Арал әуендері» (1980), «Балалардың аман қалғанын айт!» (1997), «Аспанға құлады да кетті» (1997), «Жарылқаушы…» (1998), «Тосын ғарышхат» (1998), «Шортан планетасы, сен кінәлісің!» (2008), «Қызық қиял» (2008), т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Жеке туындылары «Қызыл сәуле» (1962), «Байқоңыр шоқ жұлдызы» (1979), «От-тас» (1981), «Жерұйыққа саяхат» (1984), «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» (2006) және де басқа бірқатар жинақтарға енген. Кейбір шығармаларын орыс тілінде «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағы, украин тілінде «Молодь» баспасы, молдован тілінде «Литература артистикэ» баспасы басып шығарды.
Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын фантастикатану хақында «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті. Жылнамалау, қарастыру, топтастыру, даралау, қисындау, дәйектеу» (1998), «Қазақ фантастикасының поэтикасы» (2008) атты монографиялары, «Ислам–Ғылым–Журналистика» оқулығы жарық көрді. Аударма саласында шыққан еңбектері: әзірбайжан қаламгері Х.Ғасылованың «Жайлы мекен» (1974), В.Михановскийдің «Шексіздікке шеру» (1990), «Фантастикалық Америка әфсаналары» (2007).

Әдебиеттер:
Мархабаев А.Ф. Фантастика негіздері. 1: Қисынды қиял қырлары: жанр тарихы / А.Ф. Мархабаев; Жақып Б.,Әбдіраман Ш.,Кенжалин Ж.- / Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.- Алматы: Қазақ университетi, 2013.- 362 б.
Мархабаев А.Ф. Фантастика негіздері. 2: Қисынды қиял қырлары: жанр теориясы / А.Ф. Мархабаев; Жақып Б.,Әбдіраман Ш.,Кенжалин Ж.- / Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті.- Алматы: Қазақ университетi, 2013.- 374 б.
Мархабаев А.Х. Қолыңды әкел, келешек: Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және… / А.Х. Мархабаев.- Алматы: Қазақстан, 1978.- 168 бет.
Мархабаев Абдул-Хамид. Арал әуендері/ А. Мархабаев.- Алматы: Жалын, 1981.- 216 б. Мархабаев Абдул-Хамид. Ғарыштағы қымыз: Фантастика:повесть және әңгімелер / А. Мархабаев.- Алматы: Жазушы, 1972.- 128 бет.
Мархабаев Абдул-Хамид. Жұлдыздар жарығы жерге жетеді.: Фантастика /
А. Мархабаев; Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әлеуметтік-маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы.- Астана: Педагогика-Пресс, 2010.- 432 б.
Мархабаев Абдул-Хамид. Қолыңды әкел, келешек: Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және / А. Мархабаев.- Алматы: Қазақстан, 1978.- 168б.
Мархабаев Абдул-Хамид. Қызық қиял: Хикаяттар / А. Мархабаев.- Алматы: Раритет, 2008.- 272 б.
Мархабаев Абдул-Хамид. Шортан планетасы, сен кінәлісің: Фантастикалық хикаяттар / А. Мархабаев; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 456 б.
Мархабаев Ф.Абдул-Хамид. Қиялгер қисындары -1: Ғылыми-танымдық зерделеу зерттеулер. / Ф. Мархабаев.- Алматы: Санат, 2002.- 232 бет.
МархабаевАбдул-Хамид//Қазақ әдебиеті:Энциклопедиялық анықтамалық- Алматы: «Аруна», 2005.- 361 б
Мархабаев Абдул-Хамид //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 261-262 б.
Мархабаев Абдул-Хамид //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық /Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 205-206 б. Мархабаев Абдул-Хамид //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 394 б.
Мархабаев Абдул-Хамид //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 359 б.
*****
Абдраман Ш. Фантастика жанрының классигі еді: Фантаст жазушы Абдул-Хамид Мархабаев жайлы. / Ш. Абдраман. // Қазақ әдебиеті.- 2014. — 26 желтоқсан (№ 52). — 15 б. Айнабеков Б. Арал — адам: Фантаст-жазушы Абдул-Хамид Мархабаевтың 75 жылдығына арналған өлең / Б. Айнабеков. // Ана тілі.- 2013. — 20-25 желтоқсан (№ 51). — 6 б.; Қазақстан-ZAMAN.- 2013. — 26 желтоқсан (№ 52). — 9 б.
Әбіл Е. Қазақ қиялының қыраны: Қиялгер-жазушы Абдул-Хамит Мархабаев жайлы. / Е. Әбіл // Ана тілі.- 2015. — 22 — 28 қазан (№ 42). — 8 б.; Толқын.- 2015. — 24 қазан (№ 82). — 4 б.
Байдәулетов А. Мейіріміне бөлеп еді…: Фантаст-жазушы Абдул-Хамид Мархабаев жайлы./ А. Байдәулетов. // Айқын апта.- 2015. — 22 қаңтар (№ 12). — 17 б.
Бақұл бол, қиялгер қаламгер: Қазақ әдебиеті фантастика жанрының көрнекті өкілі, үлкен ғалым Абдул-Хамид Мархабаев дүниеден өтті // Толқын.- 2014. — 19 желтоқсан
(№95). — 4 б.
Жанділдин Ж. Қазақ барда, өлмейді Мархабаев!: Фантаст-жазушы Абдулхамит Мархабаев жайлы./ Ж. Жанділдин // Айқын.- 2015. — 30 қазан (№ 203). — 6 б.
Кенжеғұлова Н. Болашаққа сенім артқан: Абдул-Хамид Мархабаевтың шығармашылығындағы заманауи, өзекті мәселелер жайында. / Н. Кенжеғұлова.// Қазақ әдебиеті.- 2015. — 16 қаңтар (№ 1/2). — 15 б.
Қаламгерлердің қамқоры еді: Белгілі фантаст-жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҚазМҰУ профессоры Абдул-Хамид Мархабаев 76 жасында өмірден озды. // Сыр бойы.- 2014. — 16 желтоқсан (№ 186). — 7 б.
Қамзин К. Қазақтың қарымды қиялгері: Фантаст-жазушы Абдул-Хамид Мархабаев жайлы. / К. Қамзин. // Сыр бойы.- 2015. — 31 қазан (№ 164/165). — 3 б.
Қаназ М. Ақырын жүріп…: Фантаст жазушы Абдул-Хамид Мархабаев жайлы.
/ М. Қаназ. // Қазақ әдебиеті.- 2014. — 26 желтоқсан (№ 52). — 15 б.
Қараман Қ. Сағыныш екен сол бір кез: Ұлағатты ұстаздар, журналистер Егізбай Қанатбаев пен Абдул-Хамит Мархабаев туралы / Қ. Қараман //Қазалы.- 2014. — 13 қыркүйек (№ 70). — 3 б.
Қиялға қанат бітірген…: Көрнекті фантаст-жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Абдул-Хамит Мархабаев жетпіс жеті жасқа қараған шағында дүниеден озды. // Ана тілі.- 2014. — 19-24 желтоқсан (№ 51). — 10 б.
Мархабаев Абдул-Хамид. Қиялгер: Фантаст-жазушы Мархабаев Абдул-Хамидпен сұхбат / А. Мархабаев; сұхб. А.Ашан. // Қазақ әдебиеті.- 2013. — 3 мамыр. — 8 б.
Мәмбет С.»Тұмса жанрдың» тұғыр тасы немесе квадрат дәрежесіндегі жазушы: / Фантаст-жазушы Абдул-Хамид Мархабаев жайында. Арал перзенті / С. Мәмбет. // Егемен Қазақстан.- 2008.-19 сәуір.
Сәдібекұлы А. Ізденумен өткен ғұмыр: Жазушы-фантаст Абдулхамид Мархабаев жайлы. / А. Сәдібекұлы. // Сыр бойы.- 2015. — 29 қазан (№ 163). — 3 б.
Тәшімбай Ғ.Фантаст жазушылар арасындағы ғылым докторы: Фантаст жазушы АбдулХамид Мархабаев жайлы. / Ғ. Тәшімбай. // Алматы ақшамы.- 2015. — 5 қараша (№ 134). — 13 б.
Төрежан Қ. Әкемдей болған Әбекең…: Фантаст-жазушы Абдул-Хамид Мархабаев жайлы. / Қ. Төрежан. // Айқын апта.- 2015. — 22 қаңтар (№ 12). — 17 б.
Төрежанов Қ. Әріптестеріне «Әбеке»…: Фантаст-жазушы Абдул-Хамид Мархабаев жайлы. / Қ. Төрежанов.// Қазақ әдебиеті.- 2015. — 13 қараша (№ 44/45). — 14 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *