Манап Көкенов

Манап Көкенов 1928 жылы 20 мамырда Жаңақорған ауданындағы «Талап» елді мекенінде дүниеге келген. 1960 жылы «СССР-дың үздік мәдениет қызметкері» белгісіне ие болды, 1961 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 1971 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1976 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алды. Манап Көкеновке 1980 жылы «Қазақ ССР-ның Халық ақыны» құрметті атағы берілді. 1988 жылы «Халықтар достығы» орденіне ие болды.
Сыр өңірінің ақын-жыраулары Құлан, Нартай Бекежанов, Балқы Базар, Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармаларымен жасынан таныс болған. Манап Көкенов айтыскер ақын ретінде танылды. 1964 жылы Шымкентте өткен айтыста, 1972 жылы Ж.Жабаевтың 125, К.Әзірбаевтың 90 жылдық тойларындағы айтыстарда жүлдегер атанған. 1980 жылы өткен республикалық айтыстың бас жүлдегері болды. М.Көкеновтің орыдауымен «Күріш алабына», «Еңбек ордендері», «Көктау шахтерлеріне», «Ақындарға» деген өз шығармаларын, сондай-ақ Балқы Базар, Құлан ақындардың термелерін күй табаққа жаздырған. М.Көкенов туралы «Манап аға» атты деректі телефильм түсірілген. Ол сонымен қатар 10 мың жолдан астам өлең-жыр жазған жазба ақын. Оның толғау, терме, арнау, мысал, шымшымалары ел арасына кең таралған.
Халық ақыны Манап Көкенов 1992 жылы 29 сәуірде дүниеден қайтты. Манап ақын дүниеден өткен соң оның артында қалған, бұрын көбісі жарияланбаған өлеңдері, толғаутермелері, айтыстары жинақталып «Көгілдір күмбездер» 1999 жылы, «Ардағы болдым елімнің» 2004 жылы кітап болып басылып шықты.

Әдебиеттер:
Көкенов М. Ардағы болдым елімнің: (өлеңдер, айтыстар) / М. Көкенов; Құраст.А.Сопыбеков.- Қызылорда: Игілік, 2004.- 163 бет.
Көкенов М. Бақыт құсы: Өлеңдер, терме- толғаулар, дастандар мен айтыстар / М. Көкенов.- Астана: Фолиант, 2009.- 344 б.- (Сырдария кітапханасы).
Көкенов М. Екі мыңыншы сапар / М. Көкенов.- Алматы: Қайнар, 1987.- 184б. Көкенов М. Көгілдір күмбездер / М. Көкенов; Құраст.А.Сопыбеков.- Алматы: ӘлФараби, 1999.- 136 б.
Көкенов М. Сыр әуендері: Өлеңдер, айтыстар, дастандар / М. Көкенов; Құрастырушы: М. Байділдаев, Ред: О. Кенжебеков.- Алматы: Жазушы, 1991.- 176 бет.
Көкенов М. Сырдария саздары: (Өлеңдер мен айтыстар) / М. Көкенов; Құрастырған: М. Байділдаев.- Алматы: Жазушы, 1983.- 80 бет.
***
Әлиасқаров Ә. Құтты болсын атағың // Әлиасқаров Ә. Шығармалары: Өлеңдер мен толғаулар, поэмалар / Ә. Әлиасқаров; Жауапты ред. Б. Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 122 — 123 б.
Әміреұлы М. Манап ақын // Әміреұлы М. Сырдария — Жырдария / М. Әміреұлы; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 148 — 149 б.
Болатбеков Өлмесхан. Манап // Болатбеков Өлмесхан. Жусанды даланың жұпар иісі / Ө. Болатбеков.- Алматы, 2009.- 127 — 129 бет.
Еңсегенұлы Т. Өмірмен өзектес жырлар // Еңсегенұлы Т. Көркем ойдың көкжиегі:
Әдеби сын / Т. Еңсегенұлы; Пікір жазғандар: Әбділдәұлы О., Медетбаев Т.- Алматы: Арыс, 2011.- 177 — 185 б.
Еңсегенұлы Т. Манап Көкенов // Еңсегенұлы Т. Сыр бойы ақын-жыраулары: Әдеби зерттеулер / Т. Еңсегенұлы.- Алматы: Білім, 2000.- 210 — 221 бет.
Жүрегі жырдан жаралған / Құраст. А.Сопыбеков.- Шымкент: Кітап, 2008.- 352 бет.- (Мәдени мұра).
Исаев Б. Манап Көкеновке // Исаев Б. Шығармалары: Өлеңдер мен поэмалар. т.1: Күн туды / Б. Исаев; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 293 — 294 б. Көкенов Манап // Қайталанбас дауыстар=Неповторимые голоса: Сыр саңлақтарының антологиясы.- Қызылорда, 2011.- 76 б.
Көкенов Манап // Сыр елі: Қызылорда облысы:Энциклопедия / Бас редактор Б.Ғ.Аяған.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»ЖШС, 2005.- 266 – 267 б.
Манап Көкенов // Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы: «Әл Фараби», 1998. – 200 – 202 б.
Рахымбекұлы Ә. Манап Көкеновтың 70 жылдығына // Рахымбекұлы Ә. Ғұмырдария: Жыр кітабы / Ә. Рахымбекұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 383 — 384 б.- (Сырдария кітапханасы).
Сопыбеков А. Манап Көкенов // Сопыбеков А. Дөңгеленген дүние: Өлеңдер мен поэмалар / А. Сопыбеков; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 138 б.- (Сырдария кітапханасы).
Сопыбеков А. Манап Көкенов // Сопыбеков А. Жаңақорған: тарихнама / А.Сопыбеков. — Шымкент: ЖШС «Кітап», 2008.- 419 — 422 б.
Сопыбеков А. Манаптың бір өзі- бір театр. / А. Сопыбеков.- Алматы: Құс жолы, 2004.- 112 бет.
Сопыбеков А. Манап Көкенов // Сопыбеков А. Өнерім Сіздерге / А. Сопыбеков.- Алматы, 2007.-27 — 28 б.
Айнабеков Б. Ақтастан шыққан ақын Манап / Б. Айнабеков. // Егемен Қазақстан.- 2014. – 7 ақпан (№ 26). — 9 б.
Амирулла А. Манап ата: Өлең / А. Амирулла. // Жаңақорған тынысы.- 2014. — 26 қараша (№ 92). — 6 б.
Аяшұлы Д. Айтыс өтті, қайтіп өтті?: /Ақберен ақын М.Көкеновтің 80 жылдығы алдында / Д. Аяшұлы. // Сыр бойы.- 2007,-19 қазан. Әбілқасымов Т. Манапқа музей үйі қажет: / М.Көкенов / Т. Әбілқасымов. //Жаңақорған тынысы.- 2010.-19 мамыр.
Әлиасқаров Ә. Құтты болсын атағың: Халық ақыны атағын алған М.Көкеновке арналған өлең / Ә. Әлиасқаров. // Әлиасқаров Ә. Шығармалары.- Астана,2008.- 122-123 б.-(Сырдария кітапханасы).
Әмиша Н.»Бір өзі-бір театр»: /М.Көкеновтің 80 жыл толуына орай өткізілген айтыс жайында / Н. Әмиша // Айқын.- 2007. — 16 қазан.
Әшімұлы М. Елімен бірге есейген ақын: Ақын Манап Көкеновке арналған өлең. / М. Әшімұлы. // Жаңақорған тынысы.- 2013. — 7 желтоқсан (№ 94). — 3 б. Бегманова Ж. Жүректе жаңғырған жарты ғасыр: /Ақын М.Көкенов туралы / Ж. Бегманова. // Сыр бойы.- 2008.-14 маусым.
Бекахметұлы О. Бір өзі — бір театр М.Көкенов: Қазақстанның халық ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері ақын Манап Көкеновтің туғанына 85 жыл толуына орай / О. Бекахметұлы.// Ақмешіт ақшамы.- 2013. — 6 мамыр. — 8 б.
Бекжігітов А. Халқының ардақтысы: Манап Көкенов -80 / А. Бекжігітов.// Жаңақорған тынысы.- 2008. — 17 мамыр.
Беркінбаев Д. «Шырын сөзбен шырылдаттым шындықты»: /Манап Көкеновтің 80 жылдығына арналған ақындар айтысынан / Д. Беркінбаев. // Сыр бойы.- 2008.-24 маусым. Беркінбаев Д. Ақындар Астананы ұлықтап, Манапты мадақтады: /Қызылордада Республикалық ақындар айтысы өтті / Д. Беркінбаев. // Сыр бойы.- 2008.-21 маусым.
Беркінбаев Д. Манап маздатқан айтыс алауы: /М.Көкенов-80 / Д. Беркінбаев. // Сыр бойы.- 2008.-20 маусым.
Бибісараұлы А. Естен кетпес кездесулер: /Ақын Манап Көкенов жайлы/
А. Бибісараұлы. // Ана тілі.- 2009.-3-9 қыркүйек.- 8 б. Дауылбаева,К. Айтыстың ақтаңкері: Манап Көкенов туралы / К. Дауылбаева.
// Сыр бойы.Сыр өнері.- 2005. — 25 наурыз.
Елтай Н. Сыр сүлейі Манап ақын: «Сыр жауһарлары» сериясында М.Көкенов/ Н. Елтай // Сыр бойы.- 2007.-19 тамыз.
Еңсегенов Т. Өмірмен өзектес жырлар: Ақын Манап Көкенов туралы сыр. / Т. Еңсегенов. // Ленин жолы.- 1985. — 25 февраль (№41). — 3 б.
Жалғасбаев Е. Өлеңнің жүйрік дүлдүлі: /Ақын М.Көкеновтің 80 жылдығына орай
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада әдеби кеш өтті / Е. Жалғасбаев. // Сыр бойы.- 2008.-20мамыр.
Жас айтыскерлер — айтыс сахнасында: Халық ақыны Манап Көкеновтің туғанына 85 жыл толуына орай ақындар айтысы өтті.//Тіршілік тынысы.-2013. -23 қараша (№ 92). — 4 б. Жүнісова М. Сырдың сырбаз сүлейі: Халық ақыны Манап Көкенов жайлы / М. Жүнісова. // Сыр бойы.- 2012. — 6 маусым. — 4 б. Жүсіпов Б. Дүлдүл ақын, дүр Манап: М.Көкенов туралы / Б. Жүсіпов.// Жүсіпов Б.
Ойтұмар.- Алматы,2009.- 148-151 б.
Ибрагимов Е. Ысқақ баб рухына тағзым етіп, исі мұсылман бас қосады / Е. Ибрагимов. // Әлімсақ.- 2015. — № 8. — 22 — 27 б.
Ибрагимов У. Манап Көкенов және дәстүр жалғастығы / У. Ибрагимов.// Жаңақорған тынысы.- 2014. — 19 шілде (№ 55). — 2 б.
Ибрагимов У. Сырдың сырбаз сүлейі: Халық ақыны Манап Көкенов жайлы. / У. Ибрагимов.// Сыр бойы.- 2012. — 8 желтоқсан. — 8 б.
Исаев Б. Әке мен бала: / Манап Көкенов / Б. Исаев.// Айқын.- 2008.-5 тамыз.
Исаев Б. Сыр сүлейлерінің соңғы тұяғы: /Қазақстанның халық ақыны М.Көкенов 80 жаста / Б. Исаев. // Қазақстан Zaman.- 2008. — 7-29 мамыр.
Көкенов Е. Сырдың сырбаз сүлейі: Халық ақыны, айтыс аламанының ақтаңгері Манап Көкеновтің туылғанына 85 жыл толуына орай «Сырдың сырбаз сүлейі» атты іс-шара өтті / Е. Көкенов. // Сыр мектебі.- 2013. — 3 сәуір. — 4 б. Көкенов М. Айналайын, Қызылордам!: Қызылордаға арналған өлең / М. Көкенов. // Сыр бойы.- 2005. — 21 шілде.
Көкенов М. Бәйге күрең: Жыр / М. Көкенов. // Қазақстан сарбазы. Воин Казахстана.- 2003.- 1 тамыз(N59).- 7б.
Қалдыбек Е. Жыр дүлдүліне арнайы құрмет: Қожакент ауылдық клубында «Бір өзі, бір театр — Манап ақын» атты мәдени-көпшілік шара өтті / Е. Қалдыбек. // Жаңақорған тынысы.- 2012. — 21 қараша. — 3 б.
Манапұлы Ә. Әкемді ел әулиедей көруші еді: / Айтыскер ақын М.Көкенов туралы/ Ә. Манапұлы // Қазақстан-Заман.- 2008.-21 тамыз.
Момышұлы Б.Дала қыраны: Халық ақыны М.Көкеновтың 60 жылдығы алдында / Б. Момышұлы.// Ленин жолы.- 1988. — 14 май.
Нұр-Кенже. Ақындар Манапты жырлады: «Біз — Манаптың ұрпағы» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті. / Нұр-Кенже // Жаңақорған тынысы.- 2015. — 23 мамыр (№ 39). —
2 б.
Нұрлыбайқызы А. Халқының жүрегінде ақын жыры: Манап Көкеновке — 85 жыл / А. Нұрлыбайқызы. // Ақмешіт ақшамы.- 2013. — 24 қазан (№43). — 4 б.
Оспанова Ә. Манап ақынның тәлім-тәрбиелік шығармалары: /Термелер, нақыл, насихат өлеңдері туралы / Ә. Оспанова.// Ақмешіт апталығы.- 2008.-3 сәуір.-6 б.
Патенова М. Дарабоз ақын: Айтыскер ақын Манап Көкеновты еске алу кеші өтті.
/ М. Патенова // Жаңақорған тынысы.- 2017. — 6 маусым (№ 42). — 3 б.
Рахматулла Ж. Нартай мен Манап : / Ұстаз бен шәкірт / Ж. Рахматулла // Өскен өңір.- 2010.-18 қыркүйек.
Рахымбеков Ә.Ақпараттық топ ақын ауылында: / Ел Президентінің Жолдауы бойынша ақын-жазушылардан тұратын топ Манап ақын ауылында болды /
Ә. Рахымбеков // Сыр бойы.- 2009.-9 мамыр.-2 б.
Рүстемов М. Нартай, Құтбай, Манап / М. Рүстемов // Сыр бойы.- 1995. — 20 желт. Садықұлы Ш. Естен кетпес күндер-ай: Айтыскер ақын М. Көкенов туралы / Ш. Садықұлы. // Жаңақорған тынысы.- 2007. — 28 қараша. Садықұлы Ш. Манап аға: Айтыскер ақын Манап Көкенов туралы / Ш. Садықұлы.
// Жаңақорған тынысы.- 2006. — 3 маусым.
Сопыбеков А. Айтыстың ақсұңқары: Халық ақыны М.Көкеновтің туғанына 75 жыл / А. Сопыбеков. // Сыр бойы.- 2003. — 17 маусым. Сопыбеков А. Ақын аға: Ақын М.Көкеновке арналған өлең / А. Сопыбеков. // Ленин жолы.- 1988. — 17 июнь.
Сопыбеков А. Арнау жырдың арқауы: Манап Көкеновтың өлеңдері туралы / А. Сопыбеков.// Сыр бойы.- 2005. — 21 шілде.
Сопыбеков А. Манап ақынның қыз-келіншектермен айтысудағы шеберлігі: Халық ақыны Манап Көкеновтің туғанына — 85 жыл / А. Сопыбеков // Сыр бойы.- 2013. — 18 мамыр. — 8 б.
Сопыбеков А. Өлеңнің жүйрік дүлдүлі: Ақын Манап Көкенов туғанына 85 жыл / А. Сопыбеков // Сыр ардагері.- 2013. — 15 мамыр. — 2 б.
Тебегенов Т. Дәстүрлі ақындық поэзия және Манап Көкенов ұлағаты: Ақын М.Көкенов-80 / Т. Тебегенов. // Сыр бойы.- 2008.-17 маусым.
Тұрсын Х. Қазақ халқының мәдени — рухани өзегін құраған әулет / Х. Тұрсын. // Әлімсақ.- 2015. — № 8. — 16 — 18 б.
Үсейінова Б. Айтыстың ақтаңгері — Манап ақын: Манап Көкеновтің туғанына — 85 жыл. / Б. Үсейінова. // Жаңақорған тынысы.- 2013. — 20 қараша (№ 89). — 1 б.
Үсейінова Б. «Алмас қылыш қын түбінде жатпайды» : Манап ауылында халық ақыны Манап Көкеновтың құрметіне «Айтыстың ақтаңгері» деген тақырыпта облыстық ақындар айтысы өтті./ Б. Үсейінова. // Жаңақорған тынысы.- 2014. — 4 маусым (№ 42). — 1 б. Шаухаманұлы С. Ақын аманаты: Ақын Манап Көкеновтің туғанына — 85 жыл / С. Шаухаманұлы. // Сыр ардагері.- 2013. — 1 ақпан. — 2 б.
Ізетұлы К.Сөз сүйектен өтер: Айтыскерлер М.Көкенов пен Балтабай Тәжімбетовтар туралы / К. Ізетұлы. // Ана тілі.- 2010. — 26 тамыз-1 қыркүйек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *