Ковтунов Георгий Никитович

Ковтунов Георгий Никитович

1918 жылдың 26 мамырында Средне Волжск өлкесінің Ореховка қыстағында туған. Ата-анасымен бірге Шиеліге көшіп келіп, орта мектепті осы жерде бітіреді. 1936 жылы Ташкенттегі әскери училищеге түседі, 1938 жылы Тбилиси қаласындағы артиллериялық факультетке ауысады.
Артиллерия дивизионының командирі Витебск облысындағы Сиротино-Орехово ауданында жаудың мықты бекініс шебін талқандауда батылдық пен тамаша ерлік танытты. Соғыс кезіндегі ерліктері үшін Г.Ковтунов жауынгерлік Қызыл Ту, Бірінші дәрежелі Александр Невский ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталды.
Г.Н. Ковтунов Батыс Двина өзенінен өту кезіндегі жанқиярлық батырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейін генерал-лейтанант Г.Н. Ковтунов Москва қаласында қызмет атқарды. 1978 жылы 21 наурызда Г.Н.Ковтуновқа «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:
Ковтунов Георгий //Ерлікті сүйген ел нұрлы. – Алматы: Аrna-b, 2010. – 46 б.
Ковтунов Георгий Никитович //Иманғалиев С. Қызылорда көшелері=Улицы
Кызылорды=The streets of Kyzylorda / С.Иманғалиев, З.Қыстаубаева. – Алматы, 2009. – 159 б.
Ковтунов Георгий Никитович //Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: Энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Өнер,2010. – 116-117 б.
Ковтунов Георгий //Қалиев Ы., Айдосов А. Ұлы Жеңістің 60 жылдығы ерлік пен елдігіміздің мерекесі. – Қызылорда: Тұмар, 2005. – 51-52 б.
Ковтунов Георгий Никитович //Совет Одағының Қазақстандық Батырлары. — Алматы, 1969. – 1 –том. — 383-384 6.
Ковтунов Георгий Никитович //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 265-266 б.
Ковтунов Г.Н. Кызылорда қаласының құрметті азаматы //Қызылорда көшелері. — Алматы, 1999. — 104 бет.
Елтай Н. Шиелінің генералдары: Г.Н.Ковтунов, Ю.Ф.Чепиков туралы //Сыр бойы. –
2003. – 9 мамыр
Молдақараев Ә. Батыр бейнесі: Кеңес Одағының Батыры Георгий Ковтунов жайлы.
/ Ә. Молдақараев. // Өскен өңір.- 2015. — 28 ақпан (№ 16). — 1 б.
Совет Одағының Батыры, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Г.Н.Ковтуновтың қайтыс болуына көңіл айту //Ленин жолы. — 1987. — 9 май
Сыр елінің қаһарман ұлдары: Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған 21 қызылордалық жайлы. // Сыр бойы.- 2014. — 7 мамыр (№ 64/65). — 4 б.
Сыр елінің қаһарман ұлдары: Кеңес Одағының Батырлары жайлы // Сыр бойы.- 2015.
— 9 мамыр (№ 66/67). — 6 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *