Исаев Мырқы

Исаев Мырқы 1928 жылы 5 мамырда Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. Республикалық партия мектебін 1953 жылы, Мәскеудегі жоғары партия мектебін 1963 жылы бітірген. Еңбек жолын 1945 жылы «Ленин жолы» газетінде бастаған. Кейін осы газетте жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі, 1949 – 1951 жылдары Қармақшы аудынында, 1951-1959 жылдары Жалағаш ауданында, 1966-1968 жылдары Жаңақорған аудандық газеттерде редакторлық қызметте, 1992 жылы облыстық «Зерде» газетінің бас редакторы болды. Мырқы Исаев «Бөрінің айласы» поэма-мысалы, «Тұзаққа түскен шымшық», «Соқыр лақ», «Кекілік», т.б. мысалдары үшін 1980 жылы «Ара-Шмель» сатиралық журналының арнайы дипломымен марапатталды. Мырқы Исаевтың «Иса Тоқтыбаев» 1991 жылы, «Әз Тәукенің Текей батыры» 1997 жылы, «Жүрек лүпілі» 1999 жылы кітаптары жарық көрді. КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Мырқы Исаев 1998 жылы 31 тамызда дүниеден өтті.

Әдебиеттер:
Исаев Мырқы // Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 255 б.
Мырқы Исаев // Сырдың сырлы шежіресі / Ред.М.Жетпісбаев.- Қызылорда: Тұмар, 2014.- 32бет.
***** Бекбергенова Р. Ақберен журналист: Журналист М. Исаевтың туғанына — 80 жыл / Р. Бекбергенова. // Сыр бойы.- 2006. — 4 мамыр.
Биятова Ақерке. Майталман: Журналист Мырқы Исаев туралы / А. Биятова.// Сыр бойы.- 2004. — 1 шілде.
Ембергенов Х. «Менің Мырқым – сенің қырқың» : Қаламгер Мырқы Исаев және Сыр бойы – 80. // Сыр бойы. – 2008. – 15 қазан. – 3 б.
Жарылқасынов Р. Қаламгер бақыты: Мырқы Исаевтың туғанына — 80 жыл / Р. Жарылқасынов. // Қармақшы таңы.- 2006.- 6 мамыр.
Исаев М. Адамгершіліктің абзал қасиеттері: Өлеңдер // Ленин жолы. – 1983. – 22 январь
Исаев М. Қарақұм: Социалистік Еңбек Ері Ахмет Халықовқа арналған поэма / М. Исаев. // Ленин жолы.- 1977. — 18 октябрь.
Исаев М. «Қарауылтөбе»қашанғы құпия бола береді?: Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, жалпы жұртшылық болып атсалыссақ, «Қарауылтөбедегі» ақтаңдақтар ақиқатына жетер едік / М. Исаев. // Ленин жолы.- 1990.-17 қараша.
Исаев М. Қылмыскерлер ұясында: Повестен үзінді. // Ленин жолы. – 1981. – 26 – 27 март
Исаев М. Маскүнемнің монологы: Фельтон өлең. // Ленин жолы. – 1983. – 24 февраль Исаев М. Менің әкем…: Қаламгер Мырқы Исаевтың ұлымен сұхбат./ М. Исаев; сұхб.Г.Жалғасова. // Сыр бойы.- 2014. — 31 қазан (№ 161/162). — 6 б.
Исаев М. Мәрттігіңді айта жүрер; Не үшін керек: Өлеңдер. // Ленин жолы. – 1983. – 22 январь
Исаев М. Тағдыр талкегіне қарсы: Социалистік Еңбек Ері Ж.Таспамбетова туралы / М. Исаев. // Ленин жолы.- 1985. — 8 март.
Исаев М. Ханға да, қараға да бас имеймін // Сыр бойы. – 1996. – 30 мамыр
Исаұлы Мырқы. Ақмола астанаға айналғанда: Ел туралы толғаулар // Сыр бойы. – 1997. – 25 желтоқсан
Қорасани Қ. «Бес бау жоңышқа»: М.Исаев «Өмір өрімдерінде». Сыр бойы – 80» // Сыр бойы. – 2008. – 23 шілде. — 4 б.
Нұғмаддин Аман. Ақиқаттың алдаспаны: Журналист Мырқы Исаев жайлы./ А. Нұғмаддин. // Нұр Жан.- 2017. — № 6. — 13-20 б.
Су төгілмес жорға: Журналист Мырқы Исаев жайлы.// Сырдың сырлы шежіресі.- Қызылорда,2014.- 159-162 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *