Ахмадеева Нағима Абдуловна


Ахмадеева Нағима Абдуловна 1918 жылдың 5 наурызында Петропавл қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келді.
1936 жылы Петропавл мұғалімдер институтын бітіргеннен кейін оқытушы болып жұмыс істеді. Одан кейін 1943 жылдан бастап қала, аудандық білім беру басқармасында меңгерушілік қызметтер атқарды. 1945 жылы Қызылорда қаласына келгеннен кейін қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1950-1952 жылдары қалалық партия комитетінің хатшысы, 1952-1978 жылдары №112 орта мектептің директорлығы қызметтерінде болды. 1991 жылдан бастап татар
ұлттық-мәдени орталығына жетекшілік жасады. Өмірі өнегеге айналған ұстаз, орасан қабілетті ұйымдастырушы Нағима Абдулқызының қыруар педагогтік еңбегі мемлекет тарапына бағаланып бірнеше наградалар мен атаққа ие болды. Ол 1961 жылы Ленин орденімен, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім деген құрметті атақтарымен марапатталды. Ол бірнеше дүркін қалалық кеңестік депутаты болды. Белсенді қызметі үшін 1997 жылы облыс әкімінің стипендиясына ие болды. 2001 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталды.
1978 жылы 28 наурызда «Қаланың құрметті азаматы» атағы берілді. 2003 жылы 22 шілдеде Қызылорда қаласында дүние салды.

Әдебиеттер:
Ахмадеева Нағима Абдуловна // Иманғалиев С. Қызылорда көшелері=Улицы Кызылорды =The streets of Kyzylorda / С.Иманғалиева, З.Қыстаубаева. – Алматы, 2009. – 153 б.
Ахмадеева Нағима Абдуловна // Біздің қаланың көшелері / Құраст. З.Қыстаубаева. – Алматы: Бастау, 1977. – 103 б.
Ахмадеева Нағима Абдолқызы // Кәрібозұлы Б. Қызылорда. – Астана: Фолиант, 2015. – 87 б.
Ахмадеева Нағима Абдолқызы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 122 б.
Боқанова С. Таудай талаппен табылған бақыт: Ұстаз Нағима абдулқызы Ахмадеева 80 жаста // Сыр бойы. – 1998. – 3 наурыз
Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы: ҚР Үкіметінің қаулысы. // Егемен Қазақстан.- 2017. — 28 наурыз (№59). — 14 б.
Нағима Абдулқызы Ахмадеева: Қазанама. // Сыр бойы. – 2003. – 24 шілде
Нәбиева Г. Саналы ғұмыры Сырда өткен: Тәжірибелі педагог Нағима Абдулқызы Ахмадееваның туғанына 90 жыл // Ақмешіт апталығы. 2013. – 28 ақпан. – 4 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *