Қобылан ақын

Қобылан ақын
(XVIII ғасырдың аяқ кезі — XIX ғ)

Қобылан ақын XVIII ғасырдың аяқ кезі мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Орталық Қазақстанда өмір сүрген. Өз заманында Арқаға әйгілі ақын болған. 1970 жылы Баянауыл ауданында Бөрібай ақынның жанұясында дүниеге келеді. Әкесі Бөрібай кезінде Арқаға танылған ақын. Қобылан әкесінің ықпалымен ақындық өнермен жастайынан шұғылданған. Ақындық өнері ерте танылады. Ол әсіресе Бұқар жыраудың жолын, Шал ақынның сыншылдық дәстүрін қадір тұтқан. Сегіз қырлы, бір сырлы жырау әншілік өнерімен де әйгіленеді. «Қайнаған тұтас денем күй менен жыр» деп өзі айтқандай, бармағынан бал тамған күйші, жүрген жерін сайрандатқан сері болған. Қобылан ақынның туындылары 1967 жылы шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты жинақта тұңғыш рет жарық көрсе, кейінгі жырлары «Бес ғасыр жырлайды» (1984), «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «XIX ғасырдағы қазақ ақындары» (1988) кітаптарында жарық көрді. Жасы сексенге таяғанша үкілі домбырасын қолынан тастамай, ел біткенді аузына қаратын, бүкіл өмірін өнер жолына қалтқысыз арнаған Қобыланның әдебиетіміз тарихында лайықты орны бар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *