Қалпасов Боранбай (Қорт Боранбай)

Қалпасов Боранбай (Қорт Боранбай)
(1907-1991)

Павлодар облысы Лебяжі ауданы қазіргі Мерғалым ауылының құрметті азаматы болған Қорт Боранбай 1907 жылы кедей отбасында туған. Білім беруге ата-анасының ешқандай мүмкіншілігі болмай, өздігінен білім алуға тура келді. Ертерек хат таныған. Боранбай алғашқы кездерде арабша жазуды меңгерсе, кейіннен латын мен орыстың кириллицасын да танып, өзін қызықтырған әдебиеттерді (қисса, хиқая-дастандар, ақындар айтысын және т.б.) оқи бастаған. Ал жазуда көбіне араб әрпін пайдаланған.
Жастайынан көркем сөзге, өлеңге әуес болған Боранбай қолына домбыра ұстап, өлең айтатын болды, Сол уақытта ақын ауыл шаруашылығының құрылысына белсене қатысып, жастарды еңбекке ұйымдастырды.
1928 жылы ауылдық кеңес председателі болып сайланады. Ал, кейіннен 1933 жылы Лебяжі ауданы «Сталин» колхозына келіп, маман ретінде жаңа құрылып жатқан колхоз мүшесі болды.
1941 жылы Боранбай Қалпасов алғашқылардың бірі болып ¥лы Отан соғысына аттанды. Қиыр Шығыстағы Примор өлкесінің үшінші батальион жүз сексенінші атқыштар ротасында болған. Соғыста ауыр жараланып, төсек тартып қалады. Сол кездерде туған елін аңсап, сағынышқа толы талай өлеңдер жазады. 1945 жыды еліне қайта оралады. Боранбай «ақын шебері болсам екен»,- деген арман қуған адам емес еді. Бірақ, ол қазақ халқының ауыз әдебиетін, әсіресе, дастан-қиссаларды, ақындар айтысын қызығушылықпен тыңдап, жаттап жүрген. Ел жиналған жерлерде, той-думандарда ез өлеңдерін айтын, жұртты куанышқа бөлеген.
Лебяжі ауданы Шалдай ауылында акынның үнтаспаға жазылған бірыңғай дүниелері сақталған. Атап айтқанда, «Қыз Жібек» қиссасы, «Шөже мен Кемпірбай айтысы», сонымен қатар, қазақ хандары туралы шығармаларды домбырамен өндетіп үнтаспаға жаздыртқан. Мысалы, Абылай хан, оның баласы Қасым хан, хан Кене, Наурызбай өмірлері жайлы әдемі, көркем тілде орындалған.
Ақын домбыраға салған Ақылбек Сабалаұлының «Сәтбек батыры», «Қойшының ертегісі» аталған «Ағыбай туралы» дастанын, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуын», «Мәлике қыз бен Ғабдіғалым», Рысжан мен Әсет, Үмбетәлі мен Нүрилә айтыстарын және т.б. шумақтарын айтып таратушысы болып есептеледі. Онын нақты қаншама шығармалары бар екені белгісіз. Дегенмен, сақталып қалған дүниелері мол екені сөзсіз.
Аса турашыл, өте еңбекқор ақын халық қазынасын сар алтындай сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп отыр. 1991 жылы ақын Боранбай дүние салған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *