Қазанғап Тілепбергенұлы
(1854-1921)
Қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Қазақтың халық күйшісі, композитор. Жасынан ән-күйге құмар болған. Тұңғыш шығарған күйі – «Торы ат». Ақтөбе, Қостанай, Орынбор, Троицк, Шалқар, Темір мен Ойылды аралап, көптеген өнерпаздармен кездесуі оның орындаушылық қабілетінің өсуіне зор ықпал жасады. 1894-1895 жылдары Маңқыстауда болғанында түрікмен әндерінің әсерімен «Кел сәнә, батыр, кел сәнә» күйін шығарды. Қазанғап творчествосы домбырадағы сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыруымен ерекшеленеді. Шығармалары негізінен жеке кісілер («Балжан», «Үлкен Қаратөс», «Кіші Қаратөс») мне жан-жануарларды («Ақсұңқар құс», «Көкіл», «Бозжорға», «Майқоңыр») бейнелеуге, әзіл-сықақ («Бұраңдама келіншек», «Молдаң бол, биің бол – бәріңе де бір өлім»), көңіл-күй лирикаларына («Дүркін-дүркін дүние», «Ұмытты қалды, ұмытты», «Ілме», «Жаңылтпаш») құрылған. Кейіннен 1916 жылдың оқиғасы («Жұртта қалған», «Окоп») мен хылқ ағарту жұмыстарына («Учитель») арнап күйлер шығарды. Қазанғаптың шығармалары Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрінде орындалады.