Шорманов Садуақас

Шорманов Садуақас
(1850-1927)

Сәдуақас Шормановтың қайда және қашан туғаны туралы деректер әр түрлі болып келеді. Біреулер Баянауылда десе, екіншілер Омбы қаласында туған дейді. Сәдуақас екі жасқа келгенде Ақкелін ауылындағы атасы Шорманның бауырына әкелінеді. Ол он жасқа дейін осы ауылда болады. Ауыл молдасынан дәріс алады. Атасы мұғалім жалдап, Сәдуақасты орысшаға үйретеді. Бұл оның гимназияға түсуіне және оны ойдағыдай тәмамдауына үлкен көмек болады. Оқуды ойдағыдай бітіргеннен кейін Сәдуақас Томск университетіне түседі. Бірак, денсаулығына байланысты оқуды тастап елге кайтады. Сәдуақас Шорманов сол уақытта ақын ретінде жақсы танылған. Қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері, әдебиет пен өнердің білгірі Сымағұл Садуақасов «Мағжан Жұмабаевтан кейін, халық қадірлеген қазақ ақындарының арасынан С.Шормановты айтуға болады»-деген еді. Ақын ретінде С.Шорманов адалдықты, махаббатты, табиғатты, адамгершілікті, қайырымдылықты, руханиятты жырлаған. Абай мектебін өнеге тұтқан ақын. Абайдан үйреніп, оған еліктегенін «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек» деген өлеңінен анық байқауға болады. Шорманов Садуақас -қазақ қолжазбаларын жинаушы, солардың ішінде Абай олеңдерінің қолжазбасын П.М.Мелиоранскийге тапсырған.
С.Шорманов поэзиясы әртүрлі тақырыпқа арналған. Солардың барлығын тұтастыратын негізгі идея адамгершілік, адалдық идеясы. Ақын адамдарды үлкен-кіші деп бөлуге болмайтындығы, қоғам жеке адамдардан бірігіп барып көзге түсетіндігін, тіршілік тірегі бірлік екенін нықтай жырлайды. С.Шормановтан қалған поэзиялық мұра көп
болуға тиіс. Ақын «Махаббат», «Ақ баян құсманы біз қолдайық», «Мінәжат» т.б. көлемді толғаулар жазған. Елдің тұрмыс жағдайы, қоғамдық; халі С.Шормановтың санасында ерекше ұялаған көкейкесті мәселе еді. Сондықтан да «Айқап» журналы шығысымен, оған елдің тұрмыс халі, шаруашылығы туралы мақалалар, хабарлар жазып тұрды. Ол мақалаларында казақ халқының отырықшылық өмірге ауысып, тұрақтануына, сол арқылы алдыңғы ел қатарына қосылуына жаңаншырлық пікірлер айтты. Болашағы мол өмір салтын насихаттады. Сонымен қатар, шаруашылық жағдайына ерекше ықпалы бар деген салаларға да қалам тартты. С.Шормановтың «Өрттің зияны», «Нелді суару» атты мақалалары бұған толық дәлел. «Қазақ» газетінде қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысындағы өзгерістер, бұрыңғы билермен кейінгі билерді салыстарған мақалалары жарияланған. С.Шорманов — шығармашылығы зерттелмеген талантты тұлға. Оның 1907 жылы баспадан шыққан «Аушы» (дұрысы «Аңшы» болу керек) атты бір шағын кітабы ғана белгілі. Ақынның ел аузында сақталған, баспасөз бетінде жарияланған қолжазбаларын іздестіріп жинақ етіп шығару аса қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *