Суат Әбусейітов

Суат Әбусейітов
(1929-1992)

1981 жылдан эстрада әншісі, киноактер, Қазақ КСР-ның халық әртісі және 1952 жылдан Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Бүкілодақтық және Дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалының лауреаты.
Актерлік мектепті 1947 жылы, ал 1952 жылы Алматы консерваториясының ән факультетін бітірген. 1949-1955 жылы «Қазақфильмде» киноактер, 1955-1963 жылдары Мемлекеттік ән-би ансамблінде, 1963 жылдан өмірінің аяғында дейін Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық оркестрінің әншісі болып қызмет істеді.
Бала кезінен көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан. Халық әндерінің білгірі Ш.Аймановтан үйренген. Репертуарында қазақ халық әндері болған. Солардың ішінде «Екі жирен», «Жеңеше», «Алатау», «Баянауыл», П.И.Чайковскийдің, Н.А.Римский-Корсаковтың романстары бар. Кинофильмдерге түсіп, көптеген фильмдерді дыбыстандыруға, дубляж жасауға қатысты. Қазақ әдебиеті мен өнерінің үш рет он күндігіне (Москва 1958ж., Ереван 1968ж., Ташкент 1971ж.) қатысты. «Құрмет белгісі» орденімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальдарымен марапатталған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *