Сақау Мәукеұлы

Сақау Мәукеұлы
(1798-1875)

XIX ғасырдағы қазақ ақындық өнерінің өкілі, белгілі айтыс ақыны Сақау Мәукеұлы 1798 жылы қазіргі Баянауыл ауданы Майөзек ауылында туып, сол жерде қайтыс болған. Жас шағында музыкаға әуес болып, өлең шығарған, айтыстарға қатысып, өзінің тапқырлығымен танылған. Өмір тарихы аз зерттелген. Тек, атақты ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ҚР Ғылым Академиясы қолжазба қорында сақталған қолжазбаларында Сақау ақынның Баянауылда «жатақ жатып, саржан сатып күнін көрген» кедей екендігі туралы айтылады.
Ақынның бізге жеткен тоғыз өлең, бес айтысы бар. ¥лы ғалым М.Әуезов «Сақау мен Тоғжан» айтысын жоғары бағалаған. МЖ.Көпеев «Сақау мен Тоғжан», «Жанақ пен Сақау» айтыстарын қағазға түсірген және осы айтыстарға түсініктеме беріп отырған. Сақаудың айтыстары өткірлігімен, шынайылығымен бағалы. Кейбір шығармалары Шоңға, Торайғырға, Саржан Төреге арналған. Сонымен қатар, Сақау әділетсіздікті, үстемдікті қатты сынаған. Сақаудың айтыстарын, өлеңдерін жинаушылар қатарына Торайғыров Шәймерденді қосуға болады. Соның арқасында «Сақау мен Тәти», «Сақау мен Жәмшібай» айтыстары, «Сақаудың Садыққа айтқаны», «Кәдір-Көлбай еліне айтқаны», «Қазанғаптың асында айтқаны» жөне т.б. шығармалар жинағы Ғылым Академиясы қолжазба қорында сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *