Мұзафар Әлімбаев
Мұзафар Әлімбаев-1923 жылы Павлодар облысы, Щербақты ауданындағы Маралды ауылында туған.
ҚазМУ-ді бітірген. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген.
Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.
Армиядан оралған соң «Пионер» журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956-1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөліс меңгерушісі, бас редактор орынбассары. 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың бас редакторы болды.
Алғашқы кітабы- «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шықты. Содан бері бірнеше ондаған кітабы, бернеше дүркін таңдамалары, туысқан халықтар тілінде көптеген жинағы шықты.
Жүз сексен әнге өлең жазды. 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы.
Шығармалары 20 тілге аударылған. Көркем аударма саласында басқа тілдердің өлең-жырларын қазақ тіліне аударған.