Кәукен (Әбдірахым) Кенжетаев
1916 жылы 26 ақпанда Торайғыр көлінің жағалауында «Айман бұлақ» деген жерде туған. Қазақтың опералық әншісі, режиссер, актер, драматург, профессор. Жоғары орындаушылық шеберлігі үшін республикаға еңбегі сіңген әртіс 1953ж.және Республиканың халық әртісі атақтары берілген.
Театрда Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Жалбыр» П.И.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» операларында Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен партияларын орындайды. Ол өзінің концерттік орындаушылық өнерімен белгілі. Репертуарында халық әндері, батыс-европа классиктерінің әндері бар. Ол киноға алғаш рет 1939 жылы режиссер Г.Александровтың «Волга-Волга» фильміне түскен. 1952 жылы оны режиссер М.Бегалин киноға біржола әкеледі. К.Кенжетаев М.Бегалин бес фильмінде және режиссер С.Қожықов «Қыз Жібек» фильмінде басты рольдерде ойнаған. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романы бойынша қырғыз режиссерлері түсірген кинофильмде Қазанғаптың рөлін ойнағаны үшін Ж.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды.
Драматург ретінде «Алпамыс», «Алдар Көсенің айласы», «Баян жүрек», «Құсни-Қорлан», «Қалқаман-Мамыр», «Кемпір мен шал» және басқаларын жазды. «Сильва», «Фигароның үйдену»і, «Тыныш отбасы» операсын қазақ тіліне аударған. Туған ағасы Ш.Айманов туралы «Дархан дарын» және орыс тілінде «Высокий дар призвания», сүйікті режиссері Мәжит Бегалин туралы «Өнер жолныда» кітаптарын жазған. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.