Иса Байзақов

Иса Байзақов
(1900-1946)

Ақын, әнші-композитор Иса Байзақов 1900 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданынада туған. Әкесі Байзақ ескінше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған. Иса 9 жасқа қарағанда шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Бала кезінен «Әнші Иса» атанады. Иса Байзақов 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факулытетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқыған. 1926-1929 жылдары Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек, Құрманбек, Серке, Елубай т.б. актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады.
Театр алған қойған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнайды. Өзі сахналаған «Біржан-Сара» қойылымында Біржан рөлін ойнап, нағыз актерлік дарынын танытады.
1932-1940 жылдары Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар Одағында қызмет істеді. Өлеңдері 1924 жылдан жариялана бастады. Сан қырлы талант иесі Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстын жалғасындай еді.И.Байжанов жазба әдебиет өкілі ретінде де шоқтығы биік көркем туындылар қалдырды. Ол көптеген өлендеріне өзі сол кездегі Қазақстанның тыныс-тіршілігінің түрлі көріністерін арқау еткен.
Ақын өлендерінде фольклорлық сипат басым. Бұл- оның суырып-салмалық талантына байланысты ерекшелік еді. Байзақов поэма жанрын дамытуға да зор үлес қосты «Ұлы құрылыс» (1933), «Алтай аясында» (1934), «Он бір күн, он бір түн» (1938), «Кавказ» (1940), «Ақбөпе» (1941), «Қырмызы-Жанат», «Қойшының ертегісі», т.б. көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрніс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтеріледі.
Әлеуметтік қайшылықтарға толы «Ақбөпе» поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттерін жинақтаған. Байзақовтың ақындық дарыны Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше танылды. Ақын өзінің отты жырларымен ел ішіндегі насихат жұмысына белсене араласып, еңбектегі ерлікті жырлады. Байзақов 40 -астам әннің сөзін жазып, көптеген қазақ әндерін нотаға түсіртті. Оның шығармалары- қазақ поэзиясындағы жарқын белестердің бірі. Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған.
Байзақовтың өмірі мен шығармашылығын Е.Ысмайылов, М.Хасенов, Р.Бердібаев т.б. зерттеген. Жазушы Н.Ановтың «Ән қанаты» романында (1956), осы аттас кинофилымде әнні-ақынның көркем бейнесі жасалды. 1939 жылы Қызыл ту орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *