ЖӨН

I1. Мән, мәніс, жағдай, рет, орын. ~ білетін адам, ~ін ұқты. Майырдың да өктей қоятын жөні жоқ (М.Әуезов). 2. Дұрыс, ақиқат. Я ~і осы ғой,- деді. 3. Кім екендігі, шыққан тегі, аты-жөні. Ақсақал, жөніңізді айтыңы, кім боласыз? (Ауызекі). ◊Жөнге салды [келді] — а) жолға қойды, түзеді; ә) тәртіпке шақырды, тәрбиеледі. Жөн көрсетті [сілтеді] — бағыт-бағдар берді, жол сілтеді. Жөн сұрады- хал-жағдайды сұрап білді. Жөні келді- реті болды, сәті түсті. Жөнін айтты- бір нәрсенің мән-жайын айтты. Жөніңді тап- жайыңа кет, өз жайыңды ойла.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *