Жарылғапберді Жұмабайұлы

Жарылғапберді Жұмабайұлы
(1851-1914)

Жарылғапберді Жұмабайұлы 1851 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Әнші, композитор, ақын. Ауыл мектебінде оқыған. Шығыс поэзиясын жақсы білген. Ел арасында жыр, қиссаларды жатқа айтып, саятшылық өнермен айналысқан, палуандар сайысына да қатысқан. Біржан салды ұстаз тұтқан. Шыңғыс Уәлиханов және Мұса Шормановтармен араласа жүріп, Көкшетау, Қызылжар, Омбы оңірінде шыкқан әндерді Баянауыл мен Ертіс бойына жеткізген. Қобызшы Қанғожа, әнші Қозыкемен дос болған. Ол шырқаған «Топайкөк» әні ел ішіне кең тараған. Жарылғапбердінің махаббат тақырыбына арналған әндері кезінде көп болған. Халық жадында тек «Шұбартау», «Шама», «Қаракоз», «Ардақ» әндері сақталған. Бұл әндерді Балабекпен Сапарбай Ержановтар, Қ.Байжанов, Ғ.Айтбаев орындап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. «Азаң» әнін А.В.Затаевич өте жоғары бағалап, «музыка өнеріндегі құнды олжа» деп атаған. А.Жұбанов Жарылғапбердіні «ұлттық ән өнерінің ірі өкілі» деп бағалаған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *