Интервалдар
Интервал — музыкада екі дыбыстың аралығы және биіктігі. Дыбыс қатарының негізгі басқыштық аралықтары мынадай интервалдар:
1) таза прима – қысқаша таңбалануы: т. 1 = 0 т.;
2) кіші секунда – қысқаша таңбалануы: к. 2 = 1/2 т.;
3) үлкен секунда – қысқаша таңбалануы: ү. 2 = 1 т.;
4) кіші терция – қысқаша таңбалануы: к. 3 = 1 1/2 т. ;
5) үлкен терция – қысқаша таңбалануы: ү.3=2 т.;
6) таза кварта — қысқаша таңбалануы: т. 4 = 21/2 т.;
7) ұлғайтылған кварта — қысқаша таңбалануы: ұл 4=3 т.;
8) азайтылған квинта — қысқаша таңбалануы: аз 5 = 3 т.;
9) таза квинта — қысқаша таңбалануы: т. 5 = 31/2 т.;
10) кіші секста — қысқаша таңбалануы: к. 6 = 4 т.;
11) үлкен сектста — қысқаша таңбалануы: ү. 6 = 41/2 т.;
12) кіші септима — қысқаша таңбалануы: к. 7=5 т.;
13) үлкен септима — қысқаша таңбалануы: ү.7 = 51/2 т.;
14) таза октава — қысқаша таңбалануы: т. 8 = 6 т.
Құрамды интервалдар көлемі бір октавадан асатын кең интервалдар:
нона 9, октава + секунда
децима 10, октава + терция
ундецима 11, октава + кварта
дуодецима 12, октава + квинта
терцдецима 13, октава + секста
квартдецима 14, октава + септима
квинтдецима 15, октава + октава (2 октава)
Интервалдар консонанстық және диссонанстық деп екі топқа бөлінеді.
Энгармонизмдік немесе тепе – теңдік интервалдар – бірдей үндестікте естіліп дыбыстатылатын, бірақ түрліше жазылатын интервалдар.