Дыбыс. Ноталық жазу

Дыбыс. Ноталық жазу
Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:
1) музыкалық дыбыстар;
2) шулы дыбыстар.
Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан айырмашылығы – оның белгілі бір дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар дыбыстар.
Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» шарты қолданылады. Нота (лат., итал., «nota» — «таңба» — деген мағынаны) білдіреді. Музыкалық дыбыстардың биіктігін жазу үшін, ноталық бес сызық қолданылады. Бес сызықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай санала отыра, музыкада қосымша сызықшаларда қолданылады. Нота таңбалары жазылатын бес сызыққа кілт белгісі қойылады, кілттің үш түрі пайдалынады:
1) скрипка (соль) кілті;
2) бас (фа) кілті;
3) алть (до) кілті.
Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр дыбыстарын жазуға арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі дыбыстарды жазуға, ал алть (до) кілті ортаңғы регистрдегі дыбыстарды белгілеуге қолайлы.
Тақырыпқа тапсырма:
а) дыбыстан немесе тональносте энгармонизм дыбыстарын құра білу;
б) ноталардың әріптік атауларын білу;
в) кез келген дыбыстан альтерация белгілерін ойнау;
г) әр түрлі тональністерде тізімді құрып ойнау: T – S – S6 – D – D6/5 – T.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *