Драма

Драма (грек. dramo — әрекет) — өмір құбылыстың шиленіскен тартыстар үстінде жинақтап, кейіпкерлердің әрекеті арқылы бейнелейтін әдеби жанр.
Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада өзінің көркемдік деңгейіне көтеріледі. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, ым (пантомимо) аралас келіп, көркем өнердің күрделі саласы ретінде дамыған. Кейін драма бұлардан бөлінді. Трагедия, драма комедия жанрлары қалыптасты.
Драма жанры көне Грецияда туып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедияларында, Аристофон комедияларында жоғары көркемдік дәрежеге көтерілді, қайта өркендеу дәуірінде Англия (К. Марло, У. Шекспир) дамудың шырқау биігіне жетті. XVII ғасырда Батыс Еуропада драматургия да классицизм үстем болды. (П. Коркель, Ж.Б. Мольер, Ж.Расин) XVIIІ ғасырда феодолизмге қарсы күресті бейнелейтін буржуазиялық ағарту драмасы пайда болды.
Империализм кезінде құлдырай бастаған буржуазиялық драмаға қарсы Батыс Еуропада жұмысшы қозғалысының мақсат-мүддесін тығыз байланысты прогресшіл драма дүниеге келді. Россияда драма ауыз әдебиетінің негізінде XVII ғасырда туды. XVIIІ ғасырда классизм ықпалымен дамыды.
ХІХ ғасырда Н.В.Гоголь, А.С. Пушкин, А.Н. Островский орыс драматургиясын реалисттік бағытта өрістетіп ұлттық дәстүрде одан әрі А.П. Чехов, А.М. Горький жалғастырды. Совет заманында драматургияның дамып, қалыптасуы К.С.Тренев, В.Н. Билоцерковский, В.С. Вишневский, Б.А. Левренов, А.Н. Афиогенов, Н.Ф.Погодин, А.Е. Корнейчук, А.Н. Арбузов, Б.С. Розов, С.Ф. Шатров т.б. есімдермен тығыз байланысты.
Қазақ драматургиясында кейбір пьесалар Ұлы Октыбоь Социалдық Революциясынан бұрын жазылған мен, нағыз драма совет дәуірінде туып, қалыптасты. Жалпы драмада күнделікті тұрмыстың әр-түрлі құбыластары жан-жақты бейнеленді.
Сан – алуан тартыстар қаһармандарды ауыр шайқастарға салып, олардың рухани – адамгершілік қуатын сынап көреді. алға қойған мақсат, нысаны үшін күресу үстінде адамдар мінезінің жан – жақты қырлары ашылады. Уақыт заман талаптары әлеументтік шарттар қалыптастырған нормаларды бұзу, шеңберден шығып, шекарадан өту сияқты кейіпкерлер әрекепті тартысқа толы оқиғалармен, жағдайлармен шиленіседі.
Тұрмысиық, семьяның жеке бастың сан – қилы қақтығыстарын сюжет арқауы ететін драмма ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск), әсірелеу тәрізді көркемдік құралдарды сараң қолданды, оның есесіне детальдар, табиғи бояулар дәуір, өмірді реалистік пен бейнелеуге көбірек мүмкіндік береді.
Драмма кейіпкері ауыр күйзеліс, үлкен сынға түсіп, тіршіліктің қиын кезеңін басынан өткереді: тар жол тайғақ кешуде не күйреп, рухани жүдеп, тозып шығады, не ешнәрсеге мойымай, басқа түскен ауыртпалықты қайыспай көтеріп, белеске шығады, салқын сабыр иесі болып марқаяды.
Мұның бәрі сахналық шығармада әрекет, қимыл, күрес арқылы ашылады. Әдебиетімізде көп жылдар бойы жинақталған дәлелдер, көркемдік процесс негізінде, қазақ драмасын мынадай үш салаға жүктеуге болады:
1) қаһармандық драма – қажырлы кейіпкердің қиындықтарды жеңген, арман-мақса, еркіндік үшін арпалысқан жолан бейнелейді, сұсты тіршіліктің тартысты ағысын, оқиғаларын көрсетеді. Отан үшін, азаттық үшін күрескен ерлердің жағымды міңездері, игі қадамдары мадақталады.
Басқыншыларға – зұлмат күштерге қарсы сұрапыл шайқаста кейіпкерлер көбінесе жеңіске, салтанат құрады. Басты кейіпкерлер – ер жүректі, үлкен мақсатты, қажырлы, жігерлі адамдар, азаттық үшін алысқан ерлер, ескілікті күйретіп, жаңа өмір жасаған революция ардагерлері.
Мысалы: Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» 1922 жыл, Ілияс Жансүгіровтың «Кек» 1936 жыл, Мұхтар Әуезовтың «Түнгі сарын, түн сағатта» 1942 жыл, «Қобыланды» 1945 жыл, Сәбит Мұқановтың «Күрес күндерінде» 1938 жыл т.б. пьесалар;
2) саяси-әлеуметтік драма өмірдің жаңа құбылысының келісімге келмейтін қарама-қарсы кейіпкерлердің іс-әрекеті деген көзқарастар ашық, айқын айтылады, қақтығыс шайқас үлкен құрбандықтар болмайды, кейіпкерлер арасындағы кезек сөз (диалог) ұлғайып, философиялық толғанысқа айналады.
30-40 жыл жардағы драмаларда таптық, әлеуметтік, тартыс үстем болса, кейінгі кезде реалистік ұғым басым тұсып идея мен образ бірлігі күшейді. Мұндай туындыларға Сәкен Сейфуллиннің «Бақыт жолында» 1917 жыл, Ж.Шаниннің «Өлімнен үмітке» 1930 жыл, Мұқтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» 1917 жыл, «Шекарада» 1930 жыл, «Алуа» 1953 жыл, С.Жүнісовтың «Өлі ара» 1985 жылдардағы пьесалары жатады;
3) тарихи ғұмырнамалық драма белгілі тарихи тұлғанын өмірін арқау етеді. Эстетик шындықпен бейнеленген көрнекті адамның іс-әрекеті, күрес жолы, идеялық нысанасы бүгінгі өмірімізге үлгі етіп ұсынылады, кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде алынады.
Бұл жанр қазақ әдебиетінде Ұлы Отан соғысынан кейін жақсы дамыды. Мысалы: Мұқтар Әуезовтың «Абай» 1950, Л.С. Соболевпен бірге, Сәбит Мұқановтың, Шоқан Уәлиханов 1954 жыл, Сәкен Сейфуллин 1964 жыл, Ғабит Мүсіреповтың «Амангелді» 1939 жыл, Ақан сері «Ақтоты» 1942 жыл, Ә.Тәжібаевтың «Біздің Ғайни» 1967 жыл, Қ.Мұқанмеджановтың «Біз періште емеспіз» 1987 жыл, Ш. Мұртазаевтың «Қызыл жебе» 1987 жыл, «Сталинге хат» 1988 жыл, С. Жүнісовтың «Өлара» 1985 жыл, О. Бөкеевтің «Зымырайды поездар» 1984 жыл, Д.Исабековтың «Әпке» 1983 жылдардағы пьесалары жатады.
Қазіргі кезде драма мен театр – социалдық қоғамда өмір сүрген қазақ халқының өмірінен ерекше орын алатын көркемдік игіліктің, эстетикалық байлықтың бірі. Ұлы Октябрь Социалдық Революциясынан кейінгі мерзім ішінде ұлттық драматургия қалыптасып, халықтардың рухани дәулетінің қатарына қосылды.
«Халық дәуір талабына сай проблемалық драматургияны, өміріздің көкей кесті тоғыз тарау сырларын шертетін, жас ұрпақты тәрбиелейтін толғауы тоқсан сахналық шығармаларды талап етеді.
Барлық жанрлық формаларды дамудың, толықсудың қиын – қатпар асуларынан өткен қазақ драматургиясы қашанда ұлтымыздың текті күлкі, мұңды сыр, жігерлі қайғысын бөлісер, жан дүниесін қорғап, жүрегін тебірентер айнымас асыл рухани досы бола берерінде күмән бар ма?!»

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *