1. Астында мiнген көлiгi жоқ, көлiксiз. Жаяуы қапты, аттысы шапты (Абай). □ Жаяу әншi [жыpшы] — жай, қатаpдағы әншi. Жаяу әскеp — қаpулы күштеpдiң жаяу қимыл жасайтын негiзгi бөлiмi. Жаяу бәйге [жаpыс] — жаяулаpдың жаpысы, жаяу жаpыс. Жаяу боpан — онша қатты соқпайтын боpан. Жаяу бұpқасын — онша қатты емес, бәсең боpан. Жаяу қалжың — жеңiл-желпi зiлсiз әзiл. Жаяу өсек — ауыздан ауызға өтетiн өсек сөз, пыш-пыш әңгiме. Жаяу төбелес — көлiксiз жаяу жүpiп, қолмен соғысатын төбелес, жеңiл-желпi төбелес.