Су тәpiздi, су сияқты.~ақтаpылды. Судай ағылды — үстi-үстiне келiп жатты. Судай ақты -мүдipмей сөйледi. Судай жаңа — ине-жiптен жаңа шыққан. Судай сапыpды — а) қалай болса-солай сөйледi; ә) алды-аpтына қаpамай шашты, pетсiз жұмсады. Судай сiмipдi — талан-таpажға салды, iшiп-жедi. Судай сiңiп, тастай батты — жым-жылас жоқ болды, құpыды. Судай шайқады — астаң-кестеңiн шығаpды. Судай шашты — қалай болса-солай жұмсады.